Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің)



бет22/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126

Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің)

корпоративтік хатшысы



Лауазымдық міндеттері. Акционерлік қоғамның (бұдан әрі – Қоғамның) бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларының қолданыстағы заңнама нормаларының, қоғам жарғысының талаптарын, сондай-ақ акционерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін басқа да құжаттарды сақтауын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі мен қоғамды басқарудың басқа да органдарының корпоративтік басқару тәжірибесін дамыту жөніндегі шешімдерін дайындау бойынша жұмысты басқарады, олардың орындалуын бақылайды. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен акционерлеріне (бұдан әрі – акционерлер), сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне корпоративтік құқық және басқару мәселелері жөнінде консультация береді. Акционерлердің жалпы жиналыстарын дайындауды және өткізуді, акционерлердің жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізетін мәселелер бойынша, оның ішінде қоғамның сайлау органдарына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қарауды ұйымдастыруды басқарады. Акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналыстарында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды. Акционерлік қоғамның жыл сайынғы есептерін, жалпы жиналыстарды өткізу үшін (жылдық және кезектен тыс) акционерлерге берілетін басқа да құжаттарды дайындауды, болатын жалпы жиналыс туралы хабарламаны, сайлауға арналған бюллетеньдерді дайындауды және оны акционерлерге жіберуді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысқа қатысуға құқығы бар адамдарға берілуге міндетті құжаттарға қолжетімділігін, қоғамға келіп түсетін толтырылған сайлауға арналған бюллетеньдерді тіркеуді қамтамасыз етеді. Акционерлердің жалпы жиналысы сайлайтын есеп комиссиясының жұмысын, есеп комиссиясынан хаттаманы, сайлауға арналған бюллетеньдерді, сенімхаттарды алуды бақылайды, сайлау қорытындысы туралы есептің жобасын, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасын дайындауға қатысады, акционерлердің жалпы жиналысын дайындаумен және өткізумен байланысты басқа да міндеттерді шешеді. Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізудің белгіленген ережесі мен тәртібінің сақталуын, соның ішінде акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналыстары отырыстарының жұмыс жоспары мен күн тәртібін дайындауды, директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне қоғамның қызметін және оның ішкі құжаттарымен таныстыруды, директорлар кеңесінің мүшелері мен директорлар кеңесінің отырысына шақыртылған қонақтарға болатын отырыс туралы хабардар етуді, оларға күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдарды жіберді қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысады. Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларын жүргізуді ұйымдастырады, олардың сақталуын және қажет болғанда директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары көшірмелерінің немесе хаттамалардан үзінді көшірмелердің берілуін қамтамасыз етеді, олардың дұрыстығын куәландырады. Заңнамада және қоғамның жарғысы мен өзге құжаттарында белгіленген қоғам туралы ақпараттың жариялану, оның ішінде ақпаратты жариялы түрде ашу механизмі арқылы жариялау рәсімінің сақталуын бақылайды. Директорлар кеңесі мен акционерлер жиналысының қызметіне қатысты құжаттардың сақталуын, акционерлердің ондағы ақпаратқа қолжетімділігін, құжаттардың көшірмелерін жасауды ұйымдастырады, олардың дұрыстығын куәландырады. Акционерлер беретін корпоративтік басқару және акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі өтініштер мен сұрауларды есепке алуды және қарауды жүзеге асырады. Директорлар кеңестеріне басқармада қолданыстағы заңнама мен ішкі құжаттар нормалары талаптарының сақталмауының барлық фактілері туралы хабардар етеді. Акционерлік қоғамдардың тізілімін жүргізу жүйесінен ақпарат сұратады және алады, акционерлер құқығының кеңеюіне және олардың корпоративтік басқаруға қатысуына жәрдемдеседі. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен және мемлекеттік басқару органдарымен корпоративтік құқықтық қатынастар және бағалы қағаздар нарығын реттеуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Корпоративтік басқару мәселелері бойынша белгіленген есептілікті дайындауды басқарады. Белгіленген ережелер мен рәсімдердің орындалуын, оның ішінде атаулы бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу тәртібінің, ірі мәмілелер мен мүдделі мәмілелерді мақұлдау тәртібінің сақталуын, қоғам акцияларының эмиссиясы рәсімін, оларды орналастыру бойынша акционерлер құқықтарының іске асырылуын, акционерлердің құқықтары мен мүліктің мүдделерін сақтауға бағытталған өзге де рәсімдерді қамтамасыз етеді. Қоғамның және/немесе оның акционерлерінің шығындарын алдын алу шараларын қабылдайды. Іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, нарыққа қатысушылардың қарым-қатынасында этиканың сақталуын, корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттарының сақталуына жәрдемдеседі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдары, акционерлердің құқықтарын айқындайтын және корпоративтік басқару органдарының қызметін, эмиссия тәртібін және бағалы қағаздар айналымын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер; директорлар кеңесі мен оның органдарының функциялары; акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналысын дайындау тәртібі және өткізу, сондай-ақ корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру ережелері; қоғам туралы ақпаратты жариялау ережесі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар (қоғамдарды тіркеушілер, биржалар және т.б.) жұмысының тәртібі; еңбек, монополияға қарсы және салық заңнамасы, жекешелендіру туралы заңнама; төрелік тәжірибе; корпоративтік басқару кодексі; халықаралық корпоративтік басқару негіздері; корпоративтік басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін бейнелейтін нормативтік құқықтық актілер; корпоративтік дауларды реттеу тәртібі; ақпаратты алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдары; ақпаратты техникалық қорғау мәселелері жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттар; ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі мен ережелері; келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібі; корпоративтік мінез-құлықтың этикалық нормалары мен ережелері, моральдық-этикалық стандарттар; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және корпоративтік басқару бойынша арнайы дайындығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет