- Клиникалық көрінісі сипатталады:
- - қоздырғыш әсер еткен жердің терісі ғана зақымдалып қоймай, сонымен қатар қасында жатқан тері бөліктеріде зақымдалады;
- - шекарасы анық емес, сау теріге біртіндеп ауысқан секілді;
- - клиникасы қоздырғыштың күшіне сәйкес келмейді, яғни әлсіз қоздырғыштар күшті қабыну ошақтарын тудырады;
- - субъективті: қышу;
- - эритема, ісіну, микровезикула, түйіншек және күлдіреу элементтердің болуы;
- - «кінәлі» қоздырғыш қайталанып түскеннен кейін пайда болады, яғни 7-14 күннен кейін жасырын кезеңнен кейін дамиды, осы уақытта сенсибилизация дамиды, бірақ үнемі анықтау мүмкін емес;
- - этиологиялық факторды анықтау қиын, көбінесе оны анықтау мүмкін емес;
- - қоздырғыштарға ағзаның сенсибилизациясының дамуы;
- - «кінәлі» қоздырғыштың әсерін тоқтатқаннан кейін тез жазылып кетеді.
- Аллергиялық дерматиттің түрі өндірістік факторлардың қолайсыз әсерінен дамыса, онда кәсіптік дерматит деп аталынады.
- Патогенез.
- Аллергиялық дерматиттың пайда болу механизмін алсақ ол дамыған аллергиялық реакция - ГЗТ түрінде болады. Теріге түскен антиген (аллерген) эпидермистің арнайы өскінді жасушалары болып табылатын Лангерганс жасушаларымен ұсталынады. Лангерганс жасушалары лимфа түйіндерге барып, ұсталынған антигенді Т - лимфоциттерге береді. Осының нәтижесінде Т-лимфоциттер антигенге сезімтал болып, көбейіп яғни пролиферацияға ұшырайды және лимфатикалық түйіндерден қан айналымына түседі. Бұл барлық терінің осы антигенге сезімтал болуына әкеледі. Сенсибилизденген Т-лимфоциттер әр түрлі цитокиндерді синтездей бастайды және басқа клеткаларға әсерін тигізіп оларда осы антиген мен кездескенде цитокиндерді түзіп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |