83.Базелиома. Этиология. Клиника. Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы.
Базелиома (базальды клеткалы рак) – эпидермис клеткаларынан дамитын, терінің қатерлі ісігі. Атының шығу тегі құрылысы терінің базальды клеткаларына ұқсас болғандықтан берілген.Базалиома қатерлі ісіктерге тән негізгі қасиеттер ие: көрші тіндерге еніп оларды бұзады, дұрыс жүргізілген емнен кейінде қайта дамиды. Этиология:
Базалиома негізінен 40 жастан жоғары жастағы адамдарда кездеседі.
Күн сәулесінің тікелей әсер етуі
Ағзаға канцерогендердің әсер етуі –әр түрлі бояғыштар, химиялық элемент мышьяк, аморфты көмірсулар (сажи) болуы, пиролиза өнімдері, никотин қара майлары.
Электромагнитті сәулелер әсері
Тұқымқуалаушылық патология
Қауіп факторына иммунодепрессантпен терапия фонында иммунитеттің төмендеуі және аурудың ұзақ өтуі жатады.
Бала және жасөспірімде базалиома даму мүмкіндігі төмен. Бірақ базалиоманың туа біткен формасы – Горлин-Гольц синдромы кездеседі (необазоцеллюлярлы синдром), ол ісіктің беткейтегіс формасынан, төмен жақ сүйек кистасынан, қабырғалардың даму ақауы және басқа да аномалиялардан құралады.
Базалиома классификациясы
1Пішініне байланыстыклассификация : түйінді-жаралы, тесілулі, сүйелді, нодулярлы (ірі түйінді), пигментті, склеродермиформды, ттыртықты-атрофиялық, беткей тегіс базалиома
Базалиоманың 3 сатысы
1 сатысы ісік немесе жара диаметрі – 2 см., дермамен шектеліп және жақын тіндерге көшпейді.
2 сатысы тері базалиомасы 5 см., терінің бүкіл қабатына өседі, юірақ тері асты шелалмайына таралмайды
3 сатысы 5 см. артықтері базалиомасына өседі. Беткейі өрнектеліп, тері асты шелмайы бұзылады. Әрі қарай жұмсақ тіндер, сіңірлер және бұлышқеттер зақымдалады.
4 сатысы тері базалиомасы, осы кезеңде жұмсақ тіннен бөлек, шеміршек пен сүйек бұзылады.
Локализациясы:жоғарғы ерін;қабақ: жоғарғы немесе төменгі; мұрын және мұрын ерін қатпары; ұрт пен маңдай; құлақ қалқаны және мойын; бастың шашты бөлігі.
Клиникалық көріністері: жекелеген, тығыз, жартылай шар тәрізді түзілістер, ішіндегі кішкене ойыс, диамеьрі 1см артық емес шектелген формаға ие, тері бетінен сәл көтеріңкі
-Сәл уақыттан соң әлсіз қышыну пайда болады, тартқанда түйінді түзілістер байқалады, түйіндер сарғылт-сұр немесе ақшыл түске ие, ісік үлкейе келе ауырсыну пайда болады, бетінен қабыршағын алғанда қанайды.
Түйінді-жаралы базалиома дөңгелек пішінді, теріден шығып тұратын түйінге ұқсас қатаюдың пайда болуымен көрініс табады. Уақыт өте қатаю үлкейіп, бұрыс пішінге өзгереді. Түйіннің айналасында «маржан» тәрізді белдік пайда болады. Қабақта, мұрын-ауыз қатпарында, көздің ішкі бұрышында орналасады.
Тесілулі базалиома көбінесе терінің жарақаттанған аймақтарында пайда болады. Тез өсуімен және айналасындағы тіндердің айқын бұзылыстарымен ерекшеленеді.
Сүйелді базалиома сыртқы түрі түрлі-түсті орамжапыраққа ұқсас. Терінің беткейінде өсетін, қатты ,жаршы дөңгелек пішінді түйін түрінде көрініс береді. Сүйелді базалиоманың ерекшелігі айналасындағы сау тіндерде деструкцияның болмауы.
Нодулярлы (ірі түйінді) базалиома беткейінде «тамыр жұлдызшалары» көрінетін, теріден жоғары орналасатын жалғыз түйін. Түйін сыртқа қарай өседі.
Пигментті базалиома- сыртқы пішіні « маржан» тостағаншаға ұқсайтын түйін. Бірақ ортасындағы немесе шеттеріндегі қара пигменттерге байланысты меланомаға ұқсас болып та келеді.
Склеродермиформды базалиома ерекшелігі түсі бозғылт, қатты , тегіс май тіндеріне ұқсас, шеттері анық түйін. Май тіндерінің беткейі дөрекі, уақыт өте ол жойылады.
Тыртықты атрофиялық базалиома ол да түйіннің пайда болуымен басталады. Өсуімен байланысты ісіктің ортасында деструкция жараға айналады. Уақыт өте жара ісіктің шеттеріне қарай жайылады, ал ортасында тыртық пайда бола бастайды. Осылай ісік тыртықты арнамалы түрге ауысады және ісік әрі қарай өсе береді.
Беткей тегіс базалиома теріге терең өтпейтін, теріден жоғары өспейтін, көптеген 4см жаңа түзілістің пайда болуымен көрініс береді. Түзілістің түсі әр түрлі бөзғылт –қызғылттан қызыл түске дейін «Маржан» тәрізді шеттерімен. Осындай базалиомалар бірнеше онжылдықтар бойы дамиды, ағымы қолайлы.
Диагностика.
-шағымы, анамнез, қарау
-Цитологиялық және гистологиялық зерттеу, ісік беткейінен алынган жұғынды немесе жағынды.
-Керек болған жағдайда басқада қосымша зерттеу әдістерінің пайдалану, басқада базалиома ауруларын ажыратуға бағытталған.
Емі
Келесідей емдеу әдістері қолданылады:
Сәулелі, хирургиялық, кешенді, дәрілік, кригенді, лазерлі.
Достарыңызбен бөлісу: |