Анықтамасы


Аяқтың терең венасының тромбозы. Этиологиясы және патогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Антикоагулянттық терапияның принциптері. Операцияға көрсеткіштер



бет27/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак

78.Аяқтың терең венасының тромбозы. Этиологиясы және патогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Антикоагулянттық терапияның принциптері. Операцияға көрсеткіштер.
79.Емхана жағдайында тік ішек аурулары бар науқастарды жүргізу тактикасы. Клиникасы, диагностикасы.
Парапроктит ( тік ішек маңы абсцессі) – жедел немесе созылмалы тік ішек маңы шелмайының қабынуы. 30-50 жас аралығындағы ер адамдар әйел адамға қарағанда 2 есе жиі ауырады.
Этиология және патогенезі. Парапроктит тік ішек маңы шелмайына микрофлоралардың (стафилакокк,грамоң,грамтеріс таяқшалар) түсуінен пайда болады. Жәй парапроктит көбіне полимкробты флорамен шақырылады.
Жедел парапроктиттің классификациясы.
1.Этиологиясы бойынша: анаэробты, спецификалық, спецификалық емес,травматикалық.
2.Іріңдіктердің орналасуы бойынша: тері астылық, ишиоректальды, шырыш асты, пельвиоректальды, ретроректальды;
Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Тік ішек аймағында немесе тік ішек аралығында қарқынды ауырсынумен, дене температурасының көтерілуімен,қалтырау, әлсіздік, басының ауырсынуы, ұйқысыздық, тәбетінің төмендеуімен көрінеді. Тік ішек мағы флегмонасында айқын интоксикация, өмірлік мағызы бар мүшелердің дисфункция синдромының дамуына, сепсиске әкеледі. Науқастарда әлсіздік, басының ауырсынуы, ұйқысыздық, тәбетінің төмендеуі болады.

Тері астылық парапроктит – 50 % парапроктитпен ауыратын науқастарды кездеседі. Жедел дамып, қозғалыс кезінде қатты ауырсыну, дефекация, дизурия байқалады. Дене температурасы 39С жетеді,жиі қалтырау туындайды. Тексеру кезінде анустың айналасында гиперемия, ісік болады, анальды каналдың деформациясы анықталады.


Ишиоректальды парапроктит ( шонданай сүйек пен тік ішектің аралығындағы терең жатқан майлы шелмайдың іріңді қабынуы)- 35-40% науқастарда кездеседі. Алғашқыда іріңді процестің көріністері көрінеді, күрт дене температурасының көтерілуі, қалтыраумен, тахикардиямен және тахипноэпен, қанда лейкоциттің жоғарылауы болады. Сонымен қатар, әлсіздік, ұйқы бұзылу, интокскация белгілері байқалады. Тік ішек айналасы солқылдап, шыдатпай ауырады.
Шырыш асты парапроктит. 2-6 % науқастарда байқалады. Науқасты ауырсыну сезімі онша қатты мазаламайды. Дене температурасы субфибрильді. Пальпация арқылы ішек арнасының ісініуі, іріңдеген жердің ауырсынуы анықталады . Кейін іріңдеген жердің өздігінен жарылуынан ішектің жазылуы басталады.
Пельвиоректальды парапроктит – ағымы өте ауыр, 2-7% науқастарда кездеседі. Алғашқы кезде жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, қалтырау, бастың ауруы, іштің төменгі бөлігінің ауруы болады. Іріндеу кезінде (7-20 күн ауырсынудың басталғанынан) –шаршағыштық, қарқынды ауырсыну, тенезм, іш қату,дизурия болады.
Емі: Жедел парапрктит кезінде хирургиялық ем жүргізіледі. Іріңдікті кеңінен тіліп ашып, жараны инфекциядан толық тазартып,мұқият дренаждайды.
Параректальды жыланкөз – терең патологялық канал (фистула), тік ішек аралық аймағындағы қабыну ошағын біріктіреді (абсцесс немесе ісік).
Клиникалық көрінісі: әдетте науқастар артқы өтістің тері аймағында жыланкөз жараларының болуына шағымданады. Іріннің бөлінуіне байланысты науқастар төсеме салуға мәжбүр болады. Бөліністер теріде қышыну және тітіркенуді шақырады.
Тік ішек жыланкөздерінің симптомдарыналь тесігінің аймағында жараның шығуы, қанды бөлініс, жағымсыз иіс, ауырсыну, қызару және терідегі тітіркену, қозғыштық, ұйқының бұзылуы, дәреттің ,нәжістің бұзылуы;
Жүргізілетін тексерулер:биохимиялық анализ, қан анализі, зәр анализі, инфекцияның шақырылуын анықтауға іріңді бөліністің микробиологиялық анализі, зондтау, патологиялық каналдың созылыңқылығымен иілуі анықталады, ирригоскопия (тоқ ішекті рентген әдісмен зерттеу), ультросонография, колоноскопия (тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу), фистулография, ректороманоскопия (тік ішекпен сигма тәрізді тоқ ішекті аспаптық зерттеу), компьютернаятомография
Тік ішектегі жараны алып тастау операциясы.
Геморрой тік ішек айналасында түйін түзетін геморроидалды көктамырлардың тромбозы, қабынуы, патологиялық кеңеюі және иректелуімен байланысты ауру.
Геморрой дамуына итермелеуші факторлар:семіздік, тұқымқуалаушы бейімділік, аз қозғалу (гиподинамия), стресс, темекі шегу, тік ішектегі қан ағысы бұзылысы , жиі іш қату, ішектің және бауырдың қабынулық және ісіктік процестері, инфекция.
Клиникалық көрінісі. Біртіндеп дамиды. Бастапқы кезде артқы өтіс аймағында ыңғайсыздық ауырлық және қышу сезімі дамиды, сонымен қатар ауырсыну мен іш қату болады. Бұл сезімдер өткір тағам, алкоголь қабылдағаннан кейін, кейде физикалық жүктемеден кейін күшейеді.
ДиагностикаШағымдар, анамнез, жалпы қарау, лабораториялық әдістер.
Геморрой диагностикасы геморроидалды түйіндерді анықтауға мүмкіндік беретін саусақпен қарау әдісі жүргізіледі. Сонымен қатар науқастарды ректалды УДЗ - ға немесе ректомоноскопияға жолдайды.
Емі
Ауру түріне байланысты бірнеше емдеу тәсілдері бар.
-Патологиялық іш қатумен күрес
-Антигеморроидалды препараттар (жақпа май, гель, балауыз түрінде)
-Склеротерапия, инфрақызыл коагуляция
-Геморроидалды түйіндерді хирургиялық алып тастау – геморроидэктомия ( классикалық Миллиган – Морган немесе Уайдхед операциялары)
-Аз инвазивті операциялар ( ТНД – Трансаналды геморроидалды деартерилизация, Лонго бойыша операция )
-Фитотерапия
-Массаж




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет