Анықтамасы


Оральды контрацептивтер. Оральды контрацептивтерге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер



бет24/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
72.Оральды контрацептивтер. Оральды контрацептивтерге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
Комбинерленген оральды контрацепцияны қолдану рекомендацияланады:

  • Сексуальды активті жас әйелдерге

  • Ерлізайыптыларға:жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін

  • Босанбаған әйелдерге

  • Сексуальды активті жасөспірімдерге

  • Босанғаннан кейінгі емізбейтін әйелдерге

  • Аборт жасатқаннан кейін бірден жүктіліктен қорғанғысы келетін әйелдерге

  • Ауырсынумен келетін және регулярлы емес етеккір циклі кезінде

  • Безеулі себіндісі бар қыздарға

  • Анемиясы бар әйелдерге

  • Бұрын жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге

  • Рецидивирленген функциональды кистасы бар әйелдерге, анамнезінде аналық без рагі бар әйелдерге

Гормональды контрацепцияны қолданудың абсолютті қарсы көрсеткіші:

  • Болуы мүмкін жүктілік кезінде

  • Емізу кезінде немесе босанғаннан кейінгі 6айдың ішінде

  • Бауыр ауруларында

  • Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында

  • Активті шылым шегуде

  • 35жастағыларда немесе асқан

  • Қант диабетінде

  • Айқын бас ауруларында(мигрень)

  • АГ

  • Сүт безінің рагінде



73.Қосарланған оральды контрацептивтер. Қабылданбаған таблеткаларды қабылдау тәртібі.
Комбинерленген оральды контрацепция құрамында 2 гормон бар таблеткадан тұрады: эстроген және прогестин. Әйелдің аналық безінен бөлінетін табиғи жыныс гормонына ұқсас. Таблетка құрамында эстрогенді компонент ретінде қолданылады:этинилэстрадиол және прогестинді компонент ретінде:
левоноргестрел немесе норэтиндрон (бұл прогестеронның синтетикалық аналогы).
Комбинерленген оральды контрацепцияның контрацептивті эффекті әртүрлі механизмді әсер етуімен түсіндіріеді.
Комбинерленген дәрінің әсер етуі:
Овуляцияны тоқтатады(аналық без клеткаларының дамуы мен бөлінуі)
Жатыр мойны кілегейлі бөлінісінің қоюлануына әкеледі.Ол сперматозойдтың өтуіне кедергі болады.
Жатырдың кілегейлі қабығын өзгеріске әкеледі. Ол ұрықтанған аналық без клеткасының жатырдың кілегейлі қабығына бекуін (жабысуын)болдырмайды.
Жатыр түтігінде сперматозойдтың қозғалу белсенділігін азайтады
Комбинерленген оральды контрацепцияның үш түрі ажыратады:
Монофазалы: құрамында бірдей мөлщерлі эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады
Екі фазалы: екі әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады
Үш фазалы: үш әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады. Және олар түстері бойынша ажыратылады.
Гормональды контрацепция артықшылығы:
Жоғары эффективтілік
Баяу эффект: таблетканы циклдын 7-күніне дейін қабылдаған кезде
Қауіп факторы өте аз
Жағымсыз әсері өте аз (көп әйелдерге таблетка қауіпсіз)
Жыныстық қатынасқа әсер етпейді
Дәріні қабылдағанда жеңіл әрі ыңғайлы
Қабылдауды жеңіл тоқтатуға болады
Комбинирленген дәрілер бедеуліктің кейбір себептерін жояды
Комбинирленген таблетканың пайдалы әсері:
Қаламаған жүктіліктен қорғау эффективтілігімен қатар , әйел денсаулығына оң мәнді әсер етеді
Таблетканы қалай қабылдау керек?
Таблетканы күнделікті бір уақытта қабылдау керек, 21-28күн аралығында. 7 кунде 21-таблеткадан кейн етеккір тәріздес реакция болуы мүмкін.
Кейбір таблеткалар бір циклға 21таблеткадан тұрады. Онда қабылдауды етеккірдің 1-күні бастауға болады. Күніне 1 таблеткадан күнделікті қабылдау. Таблетка таусылған кезде 7 күн үзіліс жасалады. 7 күндік үзіліс кезінде ешқандай қорғанулар қолданбауға болады. Әрі қарай жаңа қорабын бастау керек. Қалған таблеткалыр 28 таблеткадан тұрады. Оны күнделікті ешқандай үзіліссіз қабылдау керек.
Ресейде жиі таралған комбинерленген оральды контрацепциялар: Марвелон, Силест, Овидон, Ригевидон, Нон-Овлон, Фемоден, Антеовин, Тризистон, Триквилар, Три-Регол
Бұл дәрілерді дәрігер кеңесі бойынша қабылдау керек, себебі әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы эсроген мен прогестин бар. Әртүрлі таблеткада әртүрлі дозалы гормондар болуы мүмкін. Сондықтан біреуі жақпаса,басқа түрін қабылдауға болады.
Комбинерленген оральды контрацепцияны қабылдаудағы жағымсыз әсерлер:

  • Аменорея

  • Қанды бөліністер

  • Депрессия

  • Бас ауруы

  • Қан қысымының жоғарылауы

  • Сүт бездерінің ауырсынуы

  • Дене салмағының жоғарылауы

  • Жыныстық әрекетінің төмендеуі

  • Көру мен сөйлеудің бұзылысы

  • Іш аумағындағы қатты ауырсыну

  • Әлсіздік

  • Жүрек айну,бас айналы,қозғыштық

  • Кеудедегі ауырсыну,ентігу.жөтел

  • Аяқтағы ауырсыну

Контарцептивті эффективтілікті төмендететін дәрілік препараттар:

  • Тырысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, тегретол, дилантин)

  • Антибиотиктер (гризеофульвин, рифампин, ампициллин и тетрациклин)

Бұндай жағдайда жүктіліктен қорғанудың қосымша әдістерін қолдану керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет