82.Меланома. Этиология. Клиника. Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы.
Меланома – қалыпты жағдайда теріде орналасатын және күннің ултракүлгін сәулесі әсерінен бояғыш пигмент меланин бөлетін мелноциттердің шектен тыс бөлінуінен туындайтын қатерлі ісік.
«Меланома» терминің гректің “melanos” қара, қоңыр деген мағына білдіреді. Өте жиі пигментсіз варианттары кездеседі. Көп жағдайда ісік теріде болады, ауыздың кілегей қабатында, әйелдің жыныс мүшелерінде, асқазан-ішек жолында, көз алмасында болуы мүмкін.
Меланоманың негізгі клникалық формалары беткей таралушы, түйінді, қатерлі-летиго меланома, аккһралды мелнома болып табылады. Ісік өзгермеген теріде, пигментті невустада бірдей дамиды. Терінің ашық және жабық аймағында, жиі әйелдерде аяғында және ер адамдарда арқасында орналасуы мүмкін. Дұрыс емес конфигурациялы, тегістеу контурлы, регрессиия және түссіздену ошақтарымен, өрнек түсті, бетінде кератоз бар табақша болып табылады. Орташа бірнеше жылдан соң түйінге айналады, бұл горизонталды өсудің вертикалдыға ауысқаның білдіреді. Меланома дененің кез-келген жерінде дамуы мүмкін, әйелдер жиі тобықта, ер адамда арқада дамиды. Қарт кісілерде бетінде көп кездеседі.
Тері меланомасын дамытуға дамытуға бейімдейтін факторалр мен қауіп топтары. Меланома даму қаупі жоғары топтарға: ақ терілі, жирен шаштылар, көк, қоңыр, жасыл көзділер, көп уақыт күн астында болатындар, терісі күйгендер, жақын туыстары меланомамен ауырғандар. Терінің пигментті невусының жарақатынан соң меланоманың дамуы кездеседі. Меланома қалдың кездейсоқ немесе қасақана жарақатынан соңда дамиды. Жарқат алу байқалмай созымалы өтуі мумкін.
Негізінен мелнома терідегі тегіс немесе түйінді аурысынусыз құрылым. Түсі әртүрлі: қара-көк, қоңыр немесе қызғылт. Кейде ісік көп реңді болып келеді. Өрнектелмеген түрлері жағымдырақ өтеді. Түйінді түрлері өрнектелгенде метастаз беру қаупі жоғары.
Меланоманы ерте анықтаудың тиімді әдісі теріні ретті түре қарап тұру. Қалдың ауысқаны туралы мағлұмат беретін өзіндік «меланома әліппесі» бар, ол латынның 4 әрпімен белігіленеді.
А (asymmetry) – ассиметриялығы
B (borderirregularity) – қалдың шеттері тегіс емес
C (color) – әр бөлігінің түсі біртекті еместілігі
D (diameter) – қалдың диаметрі 6 см артық.
Сонымен қатар түсін және формасын ауыстырып тұрған қалдар өзгермеген қалдарға 4 есежиірек меланома болып табылатын болған соң 5 ші әріп қосылды.
E (evolving) – қалдың кез-келген сыртқы өзгерістері, жиі кездесетіндері : түсі өзгеруі, невус аймағында тері түсінің бұзылуы немесе болмауы, лакты беткей және қабыршақтану, қал маңында қабыну ареолосының пайда болуы, шеткері конфигурациясының бұзылуы, невус көлемінің ұлғайып және тығыздалуы, қыщыну, қалдың солқылдауы, сызаттың, қан кетудің пайда болуы, қалдың жоғалып кетуі.
Өте құнды қосымша ақпаратты жаңа түзілісті 10-40 есе үлкетйіп қарауға мүмкіндік беретін дерматоскопиялық зерттеу береді.
Меланоманы ерте анықтау және профилактика. Мелнома даму қаупін төмендету. Теріні ретті түре қарап тұру. Әсіресе жаздың басы мен аяғында қалды қарау. Күмән туса дәрігер қаралу. Күн, ультракүогін, жасанды сәулелермен қатынасты төмеднтеу. Сағат 10 мен 15 аралығында күн астында болмау. Себебі осы уақытта күйік алу қаупі жоғары және күннен қорғайтын жағнды әсері болмайды. Жағындылар күюден қорғайды, бірақ мелонома даму қаупін төмендетпейді. Күннен қорғатайтын заттарсыз 30-40 мин астам болмау. Қорғанудың қарапайым әдісі денеміздегі киім, бас киімдер болып табылады.
Тері меланомасының диагностикасы
Тері меланомасының диагнозы алынған ісікті морфологиялық зерттеу әдістерінің мәліметтеріне сүйенеді. Ісіктіңбетінде бұдырлық болса цитологиялық әдіспен зерттеп, отаға дейін диагнозды нақтылауға көмек береді. Жергілікті лимфа түйіні УДЗ арқылы пункцияланып, жерегілікті таралуы жайлы мағлұмат береді. Егерде жүргізілген зерттеулерге қарамастан диагноз нақтыланбаса, жедел интраоперациялық гистологиямен, эксцизионды биопсия арқылы нақтыланады. Эксцизионды биопсиямен диагноз расталса радикалды хирургиялық араласу болады. Жалпы клиникалық зерттеулермен қатар меланоманың лимфогенді және гематогенді таралуын ескерііп аспаптық зерттеулер қолданылады: кеуде рентгенографиясы, іш қуысы УДЗ, лимфа түйіндеріне УДЗ, сүйек жүйесі зақымданса остеосцинтиграфия немесе рентгенография, бас миы зақымданса МРТ немесе КТ.
Тері меланомасының емі: Метастаз жоқ және жергілікті лимфа түйіндеріне метастаз бар меланома емі – хирургиялық. Метастатикалық түрлерінде хирургиялық, химиотерапия, иммунтерапия, жалпы гипертермия.
Достарыңызбен бөлісу: |