Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу.
Түбірлі инновация– мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).
Технология– (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология -бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту моделі –адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зертеу әдісі.
Конъюнкция (лат.conjunction- одақ байланыс) ережесінде қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады.
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру.