Қанның буферлік жүйесі. - Буферлік жүйе- адамның қан жүйесінде сутектік көрсеткішті реттеп отырады. Бұл жүйенің негізгі қасиетінің бірі ортаға қышқылдың, сілтінің қосылуына немесе сұйылуына қарамастан сутектік көрсеткішті тұрақты етіп отырады.
- Бұл жүйе құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
- Әлсіз ыдырайтын қышқыл+ осы қышқылдың күшті негізбен түзетін тұзы(Н2СО3+NаНСО3)
- Әлсіз негіз + осы негіздің күшті қышқылмен түзетін тұзы (NН4ОН+NН4СІ)
- Екі тұздан тұратын(Nа2НРО4+NаН2РО4)
- Амфотерлі (Н3N-СН2-СОО*)
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады. 1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий бикарбонаттарынан тұрады. 2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқыш- қылды натрийдан тұрады. 3.Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Бе- локтар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтьш) қышкылға айналады. Канның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге байланысты. Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |