Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет3/11
Дата06.12.2023
өлшемі58,1 Kb.
#195355
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк физ 1

Әсер ететін түрткілер түріне қарай rемолизді бірнеше түрге бөлуге болады .
1. Физиологиялық гемолиз сау адамда болады . Денедегі ескірген эритроциттер жарылып , олардың орнына сүйек кемігінен шыккан жас эритроциттер қанға түседі . Эритроцит 120-130 күн жасайды . Ескірген эритроциттердің біразы бауырда , көпшілігі көкбауырда гемолизденеді . Сондықтан көкбауыр эритроциттер " моласы " деп те аталады .
2. Осмостық гемолиз эритроциттін іші мен сыртындағы осмостык кысым айырмашылығынан туады . Қанға осмостық қысымы аз ерітінді құйса , эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді , судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып , ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады . Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды . Жас эритроцит ескі эритроцитке қарағанда берік келеді , сондықтан оның төзімділігі де жоғарылау . Осыған орай эритроциттер төзімділігінің жоғары және ең төмен төзімділігі деген ұғымдар бар .
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялык заттардың ( сірке қышқылы , эфир)әсерінен болады.
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар - гемолизиндердің әсерінен болады . Мәселен , жылан , қарақұрт , шаян улары , адамның ішегінде тіршілік ететін құрттар бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері , қан құйғанда сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын жидітіп , бұзады . Гемолизденген қанның өзі улы . Сондыктан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса , гемолитикалык шок пайда болып , адам өлуі мүмкін .
5-термиялық гемолиз канды біресе жылытып , біресе суытудан болады.Әсіресе мұздатқыштан шыққан қанды еріиткен кезде болады.Мұз кристалдары эритроциттің қабығын жыртады.Дене темп 42 С асса қан гемолизденеді.
6-механикалық гемолиз-қанды шайқап араластыру салдарынан эритроцит мембранасы жыртылады.Сол үшін ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда абайлап тасу керек.
7-Электрлік генмолиз-электр тогының әсерінен болады.Ультра сәулелері мен рентген сәулелері күшті болса эритроцит қабығын бұзады.

  1. 7.Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері, қызметі. Т- және В–лимфоциттердің маңызы.

Бір литр қанда 4,5-9x10ның 9 дәрежесі , лейкоцит болады . Лейкоцит канның ак жасушасы . Эритроциттен айырмашылығы – ядросы бар , эритроциттен үлкендеу , амеба сиякты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып козғалады . Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп , азаюы лейкоцитопения деп аталады . Лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне , кан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне бай ланысты болса , мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді . Мәселен , абсолюттік лейкоцитоз эмоция ( қатты шаттану , зорығу т.б. ) салдары болуы мүмкін : эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп " болып шығады да кан түзілетін ағзаларды қоздырады .Лейкоцитоз қан түзілетін ағзалар қызметінен тысқары жағдайда да болады . Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады .Тамыр кеңейіп , кан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды , тамыр кабырғасы мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейеді де , лейкоциттер бөгеліп олардың саны көбейеді . Физиологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас , әр текті келеді .
1.Ет тектес лейкоцитоз қара жұмыс істеген кезде пайда болады.
2. Тамак ішкеннен кейін пайда болатын лейкоитоз ас корыту лейкоцитoзы деп аталады . 3. Жүкті әйел лейкоцитозы . 4. Жатуған бала - нересте лейкоцитозы . 5. Статикалык лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам үшып турган кезде пайда болады.
Ауру сырқауға ұшыраған кезде лейкоциттер саны эритроциттер санымен бірдей болады да.Ақ қан ауруы-лейкемия болады.Лейкоциттер санының азаюы да лейкоцитопения деген аурыға алып келеді.
Лейкоцит түрлері ( Лейкограмма ) .
Лейкоцит түрлерін Гимза - Романовский әлісімен боялған , яғни төсеніш шыныға жағылған кан жұғындысын микроскоп аркылы карап көруге болады . Протоплазмасында түйіршігі бар лейкоцит гранулацит,ал түйіршіксіз лейкоцит агронулоцит деп аталады.Гранулоциттер түйіршіктері бояуының түріне қарай базофил , эозинофил , нейтрофил болып үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет