Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет11/11
Дата06.12.2023
өлшемі58,1 Kb.
#195355
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
рк физ 1

Тыныс алу.

  1. Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудың биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі.

ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің қуыстарында) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері порн болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар. түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше өкпе; Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді: жоғарғы тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы; төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.
Тыныс алудың екі түрі “Сыртқы” тыныс алу терминімен өкпеде болатын оттегі мен көміртегінің қос тотығының алмасу үрдісі белгіленеді. Ішкі тыныс алу деп организмнің тіндерінде болатын құбылысты атайды.Бұл үрдісте өкпеден жеткізілген оттегі жасушалар қызметін қолдау үшін көміртегінің қос тотығымен алмасады. Жасуша глюкоза сияқты қоректік заттарды ажырату барысында және көміртегінің қос тотығы пайда болады. Көміртегінің қос тотығы, яғни көмірқышқыл газы қанмен өкпеге жетеді, ал одан тыныс алу үрдісіне сыртқа шығарылады. Дем алу Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер жиырылған кезде қабырғалар жоғары көтеріліп, бір-біріне жақындайды. Терең тыныс алғанда мойын бұлшық еттері де жиырылады. Дем шығару Демді сыртқа шығару
кезінде сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер босайды,ал ішкі қабырғааралық және іш қуысының алдыңғы қабатының бұлшық еттері жиырылады. Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қабырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын "U" тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысым сырттағы ауа қысымынан төмен болады, сондықтан онымен жалғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфералық ауамен жалғасқан сынап бағанасы төмен түседі. Демшығару кезінде, плевра жапырақтары аралығындағы қысым атмосфералық қысымнан 3 мм төмендейді. Атмосфералық ауа қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм-ге тең болса, плевралық қуыстағы қысым 3 мм кем болғандықтан, ол 760-3 757 мм-ге тең болғаны, бұл қысым "-3" мм деп белгіленеді.Демалуда көкірек қуысы кеңейеді де, плевралық қуыс қысымы одан әрі төмендеп - 6 мм-ге теңеледі. Терең дем алған кезде - 9-15 мм-ге дейін төмендейді. Сонымен плевралық қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болмақ. Демек, плевралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс тереңдеген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі.Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни демалуды жеңілдетеді, венадағы қанның жүрекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді: плевра жапырақшалары аралығындағы қысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кеңейіп қанды жүрекке қарай тартады.

  1. Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы.

Тыныс алудың маңызы Газ алмасу Органикалық Заттарды тотықтыру, ыдырату Энергия бөліп, су түзіледі. оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу жүйесі Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:Ауа жолдары.Өкпе.Тыныс бұлшық еттері. Тыныс жүйкелері. Тыныс орталықтары (ОЖЖ). Ауа жолдарыМұрын қуысы (cavum nasi) Жұтқыншақ (pharynx) Көмей (larynx) Кеңірдек (trachea) Бронхылар (bronchi) Өкпенің морфо-функциялық бірлігі ацинус болып табылады.

  1. Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), оны құрайтын көлемдер. ӨТС анықтау (спирометрия).

• Өкпенің тіршілік сыйымдылығы : тыныстық көлемнен, резервті тыныс алу көлемінен, резервті тыныс шығару көлемінен тұрады. • Тыныс көлемі деп өкпеге бір рет тыныс алғанда түсетін ауа мөлшері болып табылады, тыныштықта ол 500см3 және тыныс шығарғандағы ауа көлеміне сәйкес келеді. • Егер тыныштықтағы тыныс алудан кейін күшейтілген қосымша тыныс алу болса өкпеге 1500см3 ауа түсіп резервті тыныс алу көлемін құрайды. • Тыныштықта дем шығарғаннан кейін максимальды тыныс шығарса 1500см3 ауа шықса резервті тыныс шығару көлемі деп аталады. • Өкпенің тіршілік көлемі – тыныстық көлем, резервті тыныс алу және резервті тыныс шығару суммасы – 3500-4500 см3. • Қалдық көлем- терең тыныс шығарудан кейінгі өкпе мен тыныс жолдарында қалған ауа– 1500 см3. Өкпелік вентиляция – 1 минут ішінде өкпеге өтетін ауа мөлшері– 7000 см3 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл мл мл = 3500 мл Дем алып, дом шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді

  1. Атмосфералық, альвеолалық және дем шығарғандағы ауаның құрамы.

Альвеолаларэластикалық қасиеті бар қабырғалары өте жіңішке құрылымдар. Оларға ауа тыныс алу бронхиолдардың альвеола жолдары арқылы жетеді. Альвеолалардың ішкі беткейінде қанның ақ жасушалары болады. Оларды макрофагтар деп атайды. Олар бактерияларды, химиялық заттарды, шаңды жойып, заласыздандырады. Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы. Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады.

  1. Өкпедегі газдардың алмасуы. Газдардың (О2, СО2) альвеолалық ауадағы парциалдық қысымы, қандағы газдардың кернеу күші.

Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы Атмосфералық ауа – О 2, СО 2, N 2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалырдың қоспасы. О 2 Ауа құрамы СО 2 N 2 Атмосфералық 20, 93% 0. 03% 79. 04% Шығарылатын 16 -16. 5% 3. 5 -4% 79. 5% Альвеолалық 14 -14, 5% 5, 5 -6% 80, 5% Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады. Газдардың меншікті қысымы мен кернеуі (мм с. б. ) Газдар Альвеол. ауа Веналық қан Артериалық қан Ұлпааралық сұйықтық О 2 СО 2 100 -110 40 40 46 ~100 40 20 -40 60 Өкпе мен тіндегі газ алмасу.Дем алғанда өкпеге кіретін атмосфералық ауа мен деммен бірге шығатын немесе альвеолалық ауаның құрамындағы әр газдың мөлшерін жеке салыстырып өкпе альвеоласындағы газдар мен қан құрамындағы газдардың өту бағытын байқауға болады.

  1. Оттегінің қан арқылы тасымалдануы. Қанның оттегіне сыйымдылығы.



Газдардың қанмен тасымалдануы Газдардың қанмен тасымалдану түрлері: 1. Физикалық еріген түрде. 2. Химиялық қосылыстар түрінде. Оттегінің қанмен тасымалдануы Физикалық еріген жағдайда оттегінің ~1%-ы тасымалданады. О 2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде тасымалданады. 1 г Hb 1, 34 -1, 36 мл О 2 -ні байланыстыра алады. Hb-нің оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және Hb. О 2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген Қанның оттегіге сыйымдылығы О 2 -нің 100 қанмен байланыса алатын ең үлкен мөлшері, 18 -20 мл немесе 180 -200 мл/л. Оттегінің қан арқылы тасымалдануы.Оттегі көбіне гемоглобинмен қосылып оксигемоглобин түрінде та-сымалданады.Қандағы газдардың, әсіресе еріген газдардың жалпы көлемі олардың атмосферадағы меншікті қысымына байланысты. Оттегінің меншікті қысымын әдейі жоғарылатса, ол қанда (әсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. Ал капилляр эндотелиінен тек еріген газ өтетіні белгілі, осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен колданылады (гипербарлық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу). Адам оттегіне толы қысым камерасына (барокамераға) кіргізіледі де оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіне қанығады. Гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы, яғни 100 мл қандағы оттегінің мейлінше (максимум) көбеюі қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы деп саналады. Әдетте бір литр қанның оттегіне деген сыйымдылығы 180-200 мл. Мұны қандағы гемоглобин мөлшеріне қарап есептеп білуге болады. Бір грамм гемоглобин 1,34 мл оттегімен әрекеттесетіні белгілі. Демек, бір литр қанда 140 г гемоглобин болса, осы санды 1,34-ке көбейтіп, қанда қанша оттегі бар екенін анықтауға болады, ол 140,0x1,34=187,6 мл/л тең.Оттегінің артерия қанынан тінге келіп сіңген бөлігін оттегін сіңіру (пайдалану) коэффициент деп атайды. Мұны білу үшін артерия қанындағы оттегі мен вена қанындағы оттегі сыйымдылығы арасындағы айырмашылық есептеп шығарылады да, бұл артерия қанының оттегі сыйымдылығына бөлініп, 100-ге көбейтіледі. Осылай шығару арқылы оттегінің сыйымдылығы артерия қанында 200 мл/л-ге, венада 120 мл/л-ге тең екені анықталды. Демек, оттегін сіңіру коэффициент (200-120):200х100=40%. Әдетте тыныш отырған адамда ол 30-40%; қара жұмыс істеп көп күш жұмсаған адамда 50-60%-ке жетеді.


Көмір қышқыл газының тасымалдануы.Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларын жайлаған көмір қышқыл газы тіннен қанға өтеді. Оның көлемі артерия қанында 52%, венада 58%-ке жетеді. Мұның 4,5%-і карбогемоглобин, 2,5%-і жәй еріген газ, 51%-і химиялық қосынды (көмір кышқылы, оның тұздары - NaHCO3KHCO3).


Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ (6%) альвеолаға өтіп, ондағы ауамен бірге сыртқа шығады. Вена қаны артерия қанына айналады. Көмір кышқыл газдың қан арқылы тасымалдануы, қызыл қан түйіршіктері - эритроциттерден қан плазмасына ауысуы сол қандағы оттегінің алмасуымен тығыз байланысты.Жасушада үздіксіз түзілетін көмір қышқыл газ алдымен плазмаға, одан әрі эритроциттерге өтіп, осмостық қысымын жоғарылатады да плазмадан оған су өтеді.


  1. Тыныс орталығы (Н.А.Миславский), оның құрылымы мен орналасуы (локализациясы) туралы қазіргі ұғымдар.

Тыныс орталығы сопақша мида орналасқан • Тыныс орталығының негізгі қасиеті болып автоматизм болып табылады • Тыныс орталығы ритмді бұлшықет қимылдарын тыныс алу тыныс шығару қимылдарын координациялайдытыныстың реттелуі рефлекстік және гуморалдық механизмдермен жүзеге асады. Тыныс орталығының орналасуын 1812 ж. Легалуа, кейін Флуренс, 1885 ж. Миславский зерттеген. Олар кесу және тітіркендіру әдісімен тыныс орталығының сопақша мида орналасатындағын дәлелдеді. Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады. 1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар. 2. Вароли көпірі – пневмотаксиқалық және апнейстикалық орталықтар. Пневмотаксиқалық орталығы тыныс циклы фазаларының ауысуына қатысады. Бұл орталықты істен шығарса тыныс баяулайды. Апнейстикалық орталық – ол булбарлық орталықтағы заттар алмасуы мен оның тонусын реттейді деп есептеледі. Гипоталамус аймағы да тыныстың реттелуіне қатысады. Ми қыртысы – тыныстың сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. 3. Жұлындағы орталықтары - Мойын бөлімінде – көкет жүйкесінің ядролары. - кеуде бөлімінде – қабырға аралық еттердің ядролары. Тыныс орталығының тонусы рефлекстік және гуморалдық жолдармен қамтамасыз етіледіТыныс орталығы афференттік импульстерді өкпенің, тыныс жолдары мен тыныс еттерінің механорецепторларынан алады. Тыныс орталығының гуморалдық реттеушісі хеморецепторлардан келетін ішкі ортаның газ құрамы туралы сигналдар болып табылады. Хеморецепторлар: Орталық (булбарлық) Шеткі. Орталық (булбарлық) хеморецепторлар мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы СО2 кернеуі мен Н+ концентрациясына сезімтал. Алғаш рет СО2 рөлін Фредерик 1890 ж. тәжірибесінде дәлелді. Шеткі хеморецепторлар тамырларда орналасады. Ұйқы артериясының бифуркациясында каротид денесі орналасқан, ол қанның газ құрамының өзгерістеріне сезімтал: СО2 кернеуінің жоғарылауына (гиперкапния). О2 кернеуінің төмендеуіне (гипоксемия). Н+ концентрациясының артуына (ацидоз) СО2 кернеуінің төмендеуіне (гипокапния). Тыныс орталығы туралы қазіргі түсініктер соңғы жылдары қалыптасты. Тыныс орталығы – ОЖЖ-нің түрлі бөлімдерінде орналасқан жүйкелік құрылымдардың жиынтығы, орталықтар үркері. Жұмысшы орталық булбарлық болып табылады. 1. Сопақша ми – инспираторлық және экспираторлық жүйкелер, дорсалдық және вентралдық ядроларда орналасады, орталықтың автоматиялық қасиеті бар. 2. Вароли көпірі – пневмотаксиқалық және апнейстикалық орталықтар.

  1. Тыныс алудың гуморальдық реттелуі. СО2-ның тыныстың реттеудегі маңызы

Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы ты¬ныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын құбылыс.
Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2 көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа шығарылады. ◦ Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарлауы және т. б. ) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттейді. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілетеді.
СО 2 -нің қанмен тасымалдануы Еріген жағдайда 2, 5 -3 об% тасымалданады. Көмір қышқылының тұздары түрінде 48 -51 об%. Карбгемоглобин түрінде – 4 -5 об%. НСО 3 иондары –плазмада Na бикарбонатын – Na. HCO 3 в эритроциттерде КНСО 3 түзеді. СО 2 тасымалдану механизмінде эритроциттер карбоангидразасының маңызы зор, ол көмір қышқыл газын СО 2 және Н 2 О-ға ыдыратады, СО 2 альвеола ауасына өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет