Агранулоциттер қатарына лимфоциттер мен моноциттер жатады . Лимфоцит үлкен және кіші лимфоцит болып екіге бөлінеді . Моноцит ең үлкен лейкоит. Лейкоциттердің маңызы Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады . Лейкоциттің ең басты қызметі оның фагоцитоздық қабілеті . Бұл И.И.Мечников зерттеуле рінен белгілі . Фагоцитоз-грек жұту,қармап алу дегенді білдіреді.Ол денеге келіп түскен бөгде заттарды микробтарды лейкоциттер қармап алып жұтып өзінің арнайы ферменттерімен қорытады немесе бейтараптайды. Және ол 3 сатылы үрдістен тұрады. 1-миграция.Лейкоциттер амеба сиякты жалған аяқтарын созып , капиляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады .Лейкоциттер оң зарядты оларда хемотаксис қасиеті бар.Хемотаксис деген ол лейкоциттердің бөгде заттарға қарай қимылдауы.Жалған аяқтарымен қимылдап микробқа жақындайды. 2-бөгде затты танып қармап жұту кезеңі.Бөгде затқа жақындаған кезде лейкоцит өзінің денесінен опсонин деген затты бөліп шығарады.Сол заттың көмегімен ол микробтарды ажырата алады сосын микробтарды лейкоциттің мембранасына жабыстырады.Бетіне жабысқан микробтарды аяқтарымен қармап қоршап алады да протоплазмасына қарай тартады. 3-жұту және қорыту.Жаңағы лейкоцитке енген микробқа лизососманың түрлі ферменттері әсер етеді.Олардың құрамында вирусқ қарсы тұратын интерфалдар бар.Микробтарды бейтараптайды да жұтады. Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет . Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бірақ жұтатын нейтрофилдермен қатар макроциттер - моноциттер және лимфоциттер бар . Бір моноцит 100 шакты бөгде затты бірден жұтады . Нейтрофилдер - лейкоциттердің ішіндегі ең көбі ( 50-70 % ). Нейтрофилдердің жас түрлерінің көбеюі лейкограмманың солға қарай жылжуы болып саналады . Бұл сүйек кемігінде лейкоциттер түзілуінің күшейгенін көрсетеді . Нейтрофилдер организмді микробтар мен улы заттардың залалды әсерлерінен қорғайды . Оларды қоршап жұтады және ферменттер арқылы ыдыратып жояды . Мұнымен бірге залалды заттармен әрекетте сетін белоктар және вирустарға қарсы интерферон бөледі . Моноциттер денедегі өлі жасушаларды жұтып , жаңасына орын дайындайды . Сондықтан олар күзетші , тазартқыш , “ сыпырғыш ” деп те аталады . Моноциттер қан тамырынан шыккан сон макрофагқа айналып денеде арнайы иммунитет қалыптасуына катысады , яғни бөгде заттарды жұтып , өзгертіп , иммуногендер түзеді Моноцит ісікке , вирустарға қарсы ( интерферон ) зат , лизоцим , эластаза , коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады . Базофилдер гепарин бөліп шығарады , олар гепариноциттер деп ата лады . Гепарин – канды үйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат . Лимфациттер арнамалы иммунитет қалыптастырып , бүкіл денедегі иммунитет жағдайын қадағалайды.Лимфоциттер тимусқа байланысты(Т) лимфоциттер және бурсаға байланысты (В) және О-лимфоциттер болып 3ке бөлінеді. Т-Лимфоциттер сүйек кемігінде , жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды . Олар киллер , хелпер . супрессор деп аталатын 3 түрлі тіндерге бөлінеді.Киллер - өлтіруші жасуша ісік жасушаларын , адам денесіне жат ағзалар мен тіндерді дамыпайтын иммунитет жасуша . Хеллер-көмекші жасуша.Супрессор-қысым реттеуші жасуша. В-лимфоциттер жілік майында түзіліп ішек пен бүйеннің бадамша бездерінде одан әрі дамиды.Ол т-лимфоциттермен бірігіп иммунды глобулиндер шығарады. Лейкоциттердің барлық түрлері опсонин затын бөліп шығарады. Корыта келгенде , лимфоциттер мен моноциттер организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса , лейкоциттердің бәрі де фагоцит ретінде бөгде заттарды жұтады , жояды , залалсыздандырады Лейкоцитарлық формула.
Лейкоцит түрлерінің пайыздық арақатынасы лейкограмма немесе лейкоцитарлық формула деп аталадыОл Л әріпімен белгіленеді және кесте түрінде беріледі.Лейкограмма солға немесе оңға жылжуы мүмкін.Егер нейтрофилдер көбейсе солға жылжиды демек лейкопоэздің күшейген деген сөз.Ал егер лейкоциттер саны көбейіп нейтрофилдер азайса оңға жылжиды демек лейкопоэздің нашарланғаны.Және сонымен қатар лейкоциттің абсолюттік санын білу қажет.Оны есептеу үшін 1 мкл лейкоциттің саны мен лейкограммадағы пайызды білу керек.Егер адам ауырғанда лейкоциттің саны өзгермесе онда олардың жеке түрлерінің саны өзгеруі мүмкін.Ол ауруды анықтауда қажет.Мысалы нейтрофилдер саны өзгерсе оны нейтрофилез дейді сол сияқты базофилез,эозинофилез және т.б. Тромбоциттер, олардың саны және маңызы, ұсақ тамырдағы тромбоциттік гемостаз.
Тромбоцит қан пластинкасы , екі жағы денес дөңгелек не сопақша күрылым .Сау адамнын 1 л канында 180-320x10 ° / ; тромбоцит болады . Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды . Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі. Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі . Ол көптеген ферменттерден , олардың ішінде АТФ және лизоцим , адреналин , норадреналин гормондарынан , 11 - шакты қанды ұйытатын түрткілердан тұрады . Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді . Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек , ол куаныш , реніш , қайғы - қасірет , шаттану т . б . себептерден де , тамак ішкеннен кейін де көбейеді . Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоциттер тез бұзылады , сондықтан оларды санар алдында қанға химиялык заттар қосып тез санау кажет . Тромбоциттердің қызметі . 1.Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру.Қан тамырлардың қалыпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар . Қанда тромбоцит саны азайса , эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де , оның құрылысы өзгереді , капилляр арқылы түрлі заттар эритроциттер тез өтетін болады. Бүл тіндерге кан күйылуына әкеліп соғады және қоректік қызметтің барлығын тромбоциттердің теек 15 пайызы ғана атқарады. 2.Жабысып үйінді құру қазметі. Қан тамыры жарқаттанған кезде тромбоциттің пішіні өзгереді.Және оның протоплазмасында лейкоциттер секілді жалған аяқтар пайда болады.Олар өте жабысқақ келеді және жарақаттанған жерге 10-20 тромбоциттен жиналып бір біріне жабысып үйінді құрады.Бұл агрегация деп аталады.Осының арқасында қан тоқтайды.