Аннотация



бет7/10
Дата28.01.2018
өлшемі1,71 Mb.
#34318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.6. Жеке қорғаныс құралдары

Май өндірісінде қызмет көрсетушілер мен жұмысшыларға тегін берілетін жеке қорғаныс құралдарына: арнайы киім, арнайы аяқ киім және тағы басқа жатады.

Ұсынылатын арнайы киім, аяқ киім, жеке қорғаныс құралдары мен қорғаныс жабдықтары көрсетілген.

Кесте №18



Ж.К.Қ – ң аталуы мен тағайындалуы

1


Нормативті құжат
2

Ескерту
3

1. Арнайы киім







1.1 Механикалық бүлінулер мен жалпы сақтауға арналған.

ГОСТ 27575-87 Жалпы өндірістік ластау мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған ерлер кеудешесі.

ГОСТ 27574-87 Жалпы өндірістік ластау мен механикалық әсерлерден қорғауға арналған әйелдер кеудешесі.

ТШ 27574-87 Әйелдер халаттары.





1.2 Механикалық әсерлерден су мен сілтіден қорғауға арналған арнайы киім

ГОСТ 12.4039-78

Механикалық әсерлерден су мен сілтіден қорғауға арналған арнайы киім. Әйелдер кеудешесі.

ГОСТ 12.4038-78 Механикалық әсерлерден су мен сілтіден қорғауға арналған арнайы киім. Еркектер кеудешесі.





2. Арнайы аяқ киім.







2.1 Майлы беттермен сырғанаудан сақтауға арналған.

ГОСТ 12.4.033-77

Майлы беттермен сырғанаудан сақтайтын аяқ киім.






3. Тыныс алу органдарының құралдары.







3.1 Адамның тыныс алу органдарын сақтау үшін.

ТШ 6-16-2053-76

Шлангті противогаз

ПШ-1

ТШ 6-16-2054-76



Шлангті противогаз

ПШ-2


Тыныс алуға қажетті ауа шлемнің астына фильтрленген қорап арқылы беріледі. Тыныс алуға қажетті ауа шлемнің астына вентилятормен беріледі.

4. Белгі жилеттері







4.1 Жүктеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларға арналған.








5.7. Технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды іске қосу кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
Өндірістік еңбек белгілі бір дәрежеде адам организміне зиян. Өндірістік зиян және қауіпті әсерін азайту басшылардың негізгі алдына қойған мақсаттарының бірі. Мұны мынадай жағдайларда нормативтік құжаттарды жақсы меңгеру, осы өндірісте еңбекті қорғауды жоғары дәрежеде ұйымдастыру арқылы шешуге болады.

Жұмыс барысы кезінде адамға қауіпті және зиянды жағдайлар болуы мүмкін.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психологиялық.

Қауіпті физикалық факторларға мыналар жатады: әр түрлі жүктерді жоғары көтеріп араластыратын құралдар, жан – жағы қоршалмаған, ашық жылжымалы қондырғылар, тасмалдаушы механизмдер, айналдыратын және араластыратын қондырғылар, электр тогы, жоғары температура.

Денсаулыққа зиянды химиялық факторларға мыналар жатады: жұмыс орнындағы жоғары және төмен температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, қатты шу, ультра дыбыс және әр түрлі шағылысу – жылулық, иондық, электромагниттік, информациялық және басқа да. Сонымен қатар жұмыс орнының шаң – тозаң болуы, ауасы таза болмауы, жарықтың өте жоғары және төмен болуы, жүру жолдарының тарлығы.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам организміне әсер етуіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: улану, жаралану, сенсибилизирлі, концерогенді, мутогенді. Бұл топқа түрлі газбен булар бензол және толуолдың буы, көмір оттегі, күкіртті ангидрид, азот оксиді, қорғасын аэрозолы, улы шаң – тозаңдар.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: микроорганизмдер (бактерия, вирус) және макроорганизмдер (өсімдік пен жануарлар). Олардың әсерінен жарақат және аурулар пайда болуы мүмкін.

Психологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: физикалық ауыр еңбек (стптистикалық және динамикалық) және жүйке психикалық аурулар (жүйкеге күш түсу), есту және көру мүшелерінің шаршауы.

Зиянды және қауіпті факторлардың арасындағы байланыс көп жағдайда зиянды факторлардан кейін қауіпті ауыр жағдай туады. Мысалы, өндірістік ортадағы жоғары ылғалдық, жоғары ток өткізгіштен адамды ток ұрып, ауруға әкеліп соғады.

Зиянды өндірістік факторлардың адам организміне әсер ету деңгейі белгіленген деңгейдегі стандарт бойынша еңбек қауіпсіздігі және санитарлы – гигиеналық ережелерде көрсетілген. Электрожабдықтарымен жұмыс жүргізгендегі қауіпсіздік техникасы.

Өндірістік механизациясымен автоматтандырылуын көтеру үшін электр машиналарын қолдану, автоматтар мен құралдарды, жабдықтарды қолдану кеңейе түсуде. Осыған байланысты электр тогымен зақымданудың болмауына қарсы профилактикалық іс – шаралар кеңейе түсуде.

Электр тогы адам ағзасының жүйке ұлпаларын зақымдайды, бұл өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар электр тогы жергілікті күйуді тудыруы мүмкін.

Электр тогымен зақымданудың дәрежесі қысыммен әсер етудің ұзақтығына байланысты. Біздің кәсіп орындарда электр топтарында, қоректендіруші технологиялық құрылғылар 220 және 380 В-ке ие, жарықтандырушы тораптарда ол 110-нан 220-ға дейін.

Электр тогымен зақымдану адамның жағдайына байланысты. Алкогольді ішімдіктерді қолданған тұлғалар, қатты шаршаған тұлғалар салмақты және мас емес адамдарға қарағанда тоққа жиі түседі. Ылғалдылықтың көп болуы, ауаның шаң – тозаңды болуы, дене мен қолдың ылғалды болуы электр тогымен зақымдануға итермелейді.

Электр тогынан қорғану үшін арнайы кешкенді іс шаралар жүргізіледі. Оларды әрдайым және жабдықтарды жөндегенде іске асырады. Олардың негізгісі болып құрал – жабдықтарды дұрыс құру, оларда ашық желі болмауы тиіс, токты жерлестіру қажет, стационарлы, технологиялық, тасымалдау мен электр құрылғылары және металды алаңдар мен конструкцияларда ток жерлестірілуі тиіс. Жерлестіру үшін жабдықтардың сыртына металл шина кигізіліп электр тогын өзіне сіңіреді.

Әр жұмыс орнында арнайы инструкцияда тогтан қорғану ережесі болуы тиіс.

Электр құралдарын жөндеуге тек арнайы маман жіберіледі. Бұл құрылғылар жөнделініп жатқанда арнайы ескерту плокаты ілінеді. Жөндеп болғаннан соң ғана оны алып тастайды. Ауыспалы, тасмалданушы лампалар төмендетуші трансформатор арқылы қосылып, қуаты 12 В – тан көп болмауы тиіс. Лампа қорғаушы тормен жабылуы тиіс.

Электр құралдарын қолданғанда жеке арнайы қорғау құралдарын пайдаланған жөн. Электр торабына қосымша двигательдері менқұралдарды өздіктерінен қоспауы тиіс. Осы себептен өздігінен жасаған қорғаушы – предохранительдерді қолдануға болмайды. Жөндеуде арнайы құралдар қолданылады. Қорғаушы киімдер мен құралдар әрдайым тексеріліп отырылады.


5.8. Өндірістегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау және техникалық қорғаныс жасау шаралары.
Жұмыс орындарындағы қауіпті шарттарға жұмысшыларға әсер ететін әр түрлі зиянды заттарды жатқызуға болады. Бұл зиянды әсерлер жарақаттың пайда болуына әкеледі және жұмыстың өтуіне кедергі жасайды. Сондықтан да төменде олардың түрлері мен болдырмау жолдары қарастырылады.

Улы сілтілермен және күкірт қышқылымен жұмыс жасағанда туындайтын негізгі қауіп – күйю. Сілтілермен жұмыс жасаған кезде жұмысшы оның көзге тию қауіпінен абай болуы керек. Бұл жағдайларда жұмысшы резиналық етік, мақта қағазды киім, резиналық қолғап киюі және қорғау көзілдірігін тағу қажет. Бұдан басқа май өңдеу зауыттврындағы жұмыс орындарында таза суы бар шелек болуы қажет.

Қышқылдар мен сілтілердің үлгілерін тек қана ұстағышы бар жәшіктермен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Ыстық майлармен жұмыс істеуде персоналды киімге немесе денеге тиюден сақтау қажет. Бұндай жағдайда жасалатын профилактикалық іс – шаралар жоғарыда аталып өткен.

Ерітінділермен жұмыс жасағанда олрдың ауаға таралуы жарылғыш қауіпі бар қоспа түзетінін ескеру қажет.

Ерітінді немесе оның буымен зақымданудың алдын алу үшін ұшқыш ерітінділермен жұмыс жасалатын барлық жабдықтар герметикалық және жабық түрде жасалуы қажет. Бұл жабдықтар клапн арқылы герметикалық құбырмен жалғанады. Бұл жүйе ерітінді буларын конденсациялайды және жинайды.

Қызмет көрсетуші персонал ерітінділермен жұмыс жасалатын барлық жабдықтардың жабық болуын қадағалау қажет. Бөлімшелерде инструкцияға сәйкес қарастырылатын өртке қарсы ережелерді сақтау қажет және от көзінің пайда болуына жол бермеу керек.

Май өңдеу зауытында ерітінді мен жұмыс жасауға арналған жабдықтарда арнайы жарылғыш қауіпсіз электро қозғалтқыштары орнатылады.

Жабдықты өрт қауіпті материалдармен жұмыс жасау үшін есептелген бөлмелерге қондырады.

Май өңдеу өндірісіндегі қауіпсіз шарттардың біріншісі – жұмыс орнының таза және жинақты болуы. Құлау мен травмалық жарақаттарды болдырмау үшін еден құрғақ және таза болуы керек. Егер май еденге байқаусызда төгіліп қалса, онда оны тазалап алып, еденді құрғақ сүрткішпен сүрту керек.

Егер сілті ерітіндісі төгілсе, онда еденнің сәйкесінше аймағына құрғақ ағаш жаңқаларын себеді, содан кейін оларды металл күрекпен жинап алып, оларды металл қоқыс жәшікке тастайды. Содан соң еденді сумен жуып, құрғақ сүрткішпен сүртеді.

5.9. Өрт қауіпсіздігі.
Май өндірісінде электр немесе газ қолданумен жасалатын жөндеу жұмыстары тек қана техникалық басшының рұқсатымен іске асырылады. Жабдықтар мен техникалық резервуарлар май шикі затының барлық түрінен және басқа да жанатын материалдардан ажыратылуы керек. Бұрын жанғыш заттар болған жабдықтардағы пісіру жұмыстары оларды тазалап жуғаннан кейін жүргізіледі. Май сіңіп қалған маталар қызғыш, өздігінен жанғыш болып келеді. Сондықтан да май маталармен сүрткіштерді болат, берік жабылған жәшіктерде ұстау қажет.

Құбырларда қатып қалған майларды ашық оттың көмегімен қыздыруға болмайды.

Жұмыс орындарында темекі шегуге болмайды, темекі шегуге арнайы орындар беріледі, әдетте тұрмыстық бөлім.

Жүретін жолдарды бөгде нәрселермен бөгемеу қажет. Сонымен өрт сөндіруге арналған шлангының жолын және су көзі жолын ештеңемен бөгемеу қажет.


5.10. Өрттен қарғау жүйесіне қойылатын талаптар.
Өндірістің өқртке қарсы жағдайы өндірістік бөлімшелерде темекі шегу тек қана арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі. Бұл орындарда ГОСТ 12.4.026

-76 бойынша сілтеме белгілер ілінуі қажет.

Арнайы киімдерді, майланған материалдарды өндіріс бөлімшелерінде сақтау, сонымен қатар сүрткіштерді кептіру рұқсат етілмейді.

Өндірістік бөлімшелер өртке қарсы су желісімен қамтамасыз ету керек.

Өндірістік бөлімшелер өрт сөндірудің алғашқы құралдармен қамтамасыз етілуі керек: өртсөндіргіштер, құм, күректер, шелектер және тағы басқа.

Өрт жабдығы мен өрт инвентарі ГОСТ 12.4.009 – 75 талаптарына сай болуы керек.

Өрт сөндіруге арналған құралдар әр қашанда үзіліссіз жұмыс істейді.

5.11. Алғашқы медициналық көмек.
Кәсіпорында денсаулық сақтау пунктері жұмыс істейді, жұмыс орнында алғашқы жәрдем көрсету үшін дәрігерлік «аптечка» болуы қарастырылған.

Адамға көмек көрсету үшін оны таза ауаға алып шығады және тез арада медициналық орталыққа хабарлайды.

Медициналық қызметкерлер келгенге дейін адамға көрсетілетін алғашқы көмек келесілер болып табылады:


  • химиялық күйю кезінде дененің күйген бөлігін сумен 10-15 минут аралығында жуу керек. Содан кейін зақымданған жерді бор қышқылының 2-3 % - дық ерітіндісімен немесе ас содасының 2-3 % - дық ерітіндісімен өңдейді. Зиянды заттар көзге түссе, оны сумен тыңғылықты жуу қажет

  • термиялық күйю кезінде дене терісінің жеке бөлігін спиртпен, әтірмен немесе калий пермангатының 2% - дық ерітіндісімен сүрту керек. Куйген бетті құрғақ, стерильді байлауышпен орау қажет.

Күйікті зақымданудың ауырлығы көп факторларға: локальділігіне, жасқа, зардап шегушінің жалпы жағдайына және тағы басқаларға байланысты. Бірақ екі көрсеткіштің – зардаптық ауырлығы мен көлемінің ерекше меңызы бар.

Жарақаттану кезінде ол жерге 10-15 минут мұздай қою керек; сосын жарақаттанған жерді қатты байлайды және компрессормен суытуды 1-1,5 сағатқа жалғастырады.

Сыну кезінде біріншіден сынған жердің қимылдамауын қамтмасыз ету керек. Ол үшін сынған жердің бойымен екі жағынан шинаны қойып тығыз орап тастау керек. Шина тығыз картоннан жасалуы мүмкін.

Кесіліп кету кезінде шетжағынан иодты жағып, жеке қалтадағы бинтпен орап тпстау қажет. Бинт әр қашанда цехтың аптечкасында болады.

Электр тогымен зақымданған кезде құрылғыны тез арада өшіру керек. Егер оны тез істеу мүмкін болмаса, зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажырату керек.

Зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажыратқаннан кейін жайғастырып жатқызу керек, киімін ағыту қажет, таза ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Егер зақымданушы нашар тыныс алса – жәй және дірілдеп – онда оған жасанды тыныс беру керек.



6. ЭКОНОМИКА
6.1. Цехтың өндірістік қуатының есебі
Өндірістік қуаттылық жобаланатын цехтың бір жыл ішінде өндірілетін өнімнің максималды әрекетін көрсетеді.

Есептік формуласы:


ПМ = К * Н * Тэф = 1 · 282 · 30 = 8460 кг/ж [1]
Мұндағы: К – жетекші жабдық саны

Тэф – жабдықтың эффективті фондының жұмыс істеу уақыты



Н – жабдықтың сағаттық өнімділігі

6.2. Амортизациялық салымдардың және капиталдық шығындардың есебі
Цех жобасын жүзеге асыруда келесідей капиталдық салымдар болады:

  • ғимаратты, мекемені салуға; жабдықтарды сатып алуға және жөндеуге; тағы басқа көлемсіз шығындар.

6.2.1 Ғимаратты салуға кететін қаражатты анықтау.


Ғимаратты салуға кететін қаражатты анықтау үшін салынатын ғимарат көлемі оның түрі және 1м көрсеткішінің бағасы қажет.
Кесте № 19. Салынатын ғимарат және амортизациялық салымдардың сметалық бағасы.

Атауы

Құрылыс көлемі, м3

Құрылыс бағасы

Санитарлы техникалық және электро техникалық жұмыстың бағасы

Сметалық бағасы, тенге

Амортизациялық бөліну

3 чек каэффициентімен, тенге

Жалпы, тенге

%

Жалпы, тенге




Мөлшері %

Бағасы, тенге

Модифицирленген майлар цехы

1166,4

2200

2566080

40

1026432

3592512

2,2

79035,26




Барлығы:
















3592512

79035,26

Амортизациялық салымдар амортизация нормасына сай мына формуламен есептеледі:


А = (Ф * Н) / 100 = (3592512 · 2,2) / 100 = 79035,26 [2]
Мұндағы: Ф – негізгі фондтардың толық сметалық бағасы;

Н – амортизация нормасы, %


6.3. Жабдықтардың бағасын анықтау
Кесте №2. Жабдықтардың амортизациялық салымдары және капиталдық салымдар

Кесте № 20



Жабдық атауы

Саны

Жабдық бағасы

Жеткізуге кеткен шығын, жабдық, фундамент, КИП

Сметалық бағасы, тенге

Амортизациялық өткізулер

Жұмысшы машиналар мен жабдықтар

Норма %

Сомма, тенге

Бірлік

Жалпы

% пен

Бағасы, тенге

Таразы

1

18327

18327

60

10996,2

29323,2

10

2932,32

Насос

2

91500

183000

60

109800

292800

10

29280

Араластырғыш

1

12680

12680

60

7608

20288

10

2028,2

Вакуум кептіргіш

1

15729

15729

60

9437,4

25166,4

10

2516,64

Реактор

1

15760

15760

60

9456

25216

10

2521,6

Экспозитор

1

13480

13480

60

8088

21568

10

2156,8

Сүзгіштер

3

8750

26250

60

15750

42000

10

4200

Май суытқыш

1

12202

12202

60

7321,2

19523,2

10

1952,32

Лимон қышқылын дозирлеу жабдығы

1

15847

15847

60

9508,2

25355,2

10

2535,52

Катализатор дозирлеуші қондырғы

1

14855

14855

60

8913

23768

10

2376,8

Жалпы
















525008




52500,2

Амортизациялық салымдарды келесі формуламен есептейді [2]



6.4. Капиталды шығындардың сметалық есебі
Ғимараттың және жабдықтың сметалық есебі капиталдық шығындардың сметасын құруға қажет. Осыған қоса сметаға көлемсіз шығындар кіреді.
Кесте № 21. Ғимарат салуға қажетті капиталдық салымдардың сметасы



Статья атауы

Барлық шығындар







Тенге Жалпы сомма, %

1

Өндірістік маңызды ғимараттар:

а) Ғимарат


б) Жабдық

3592512


525008








Барлығы:

4117520

90,9

2

Көлемді емес барлық шығындар (10% негізгі фондтардан)

411752

9,1

3

Толық соғу бағасы (капиталдық салымдар)

4529272

100,0

Анықталған капиталдық салымдарға меншікті капиталды салымдар анықталады:


Ку = К / ПМ = 535,37 тенге/кг [3]

6.5. Еңбек ақы және еңбек сұрақтары
Келесі кезекпен анықталады:

  • Жұмыскерлердің жұмыс уақытының балансын құрау;

  • Негізгі және қосалқы жұмыскерлкрдің тізімін есептеу;

  • Басшылардың, мамандардың және қызметкерлкрдің еңбек ақы қорын және штатын анықтау;

  • Еңбек бойынша бос смета.

График бойынша жұмыс басынан бастап қайталану уақыты 14 күн. Жалпы бір жылда демалыс күні 365/14 = 91 күн
Кесте № 22. Бір жұмыскедің жұмыс уақыт балансы

Элемент балансы

Үздіксіз өндіріс. Тәулігіне 8 сағат жұмыс кезінде

Бір жылда календарлы күндер (Тккал)

365

Демалыс күндері

91

Мейрам күндері

-

Жұмыс уақытының номиналды қоры (Тном)

282

Шықпай қалу:




А) Кезекті демалыстар

24

Б) Жарақатқа байланысты

7,77

В) Мемлекеттік және қоғамдық қызметтер бойынша

1

Г) Өндірістен тыс емес демалыстар

1

Барлығы: жұмысқа шықпай қалу

34

1 жылда жұмыскердің өңдеуге жататын күндері (Тэфф)

34

240


1920 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет