Аннотация


Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#33448
1   2   3   4   5   6   7   8

Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

университеті

Психология кафедрасы

ФК-03-3к2 тобы студенті

Қуанышбаева Арайлым Нұржанқызының
«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары»

тақырыбында орындаған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА


ҚОСЫМШАЛАР

ШЫМКЕНТ 2007

1 ҚОСЫМША



«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкама нәтижесі






Балалардың аты

Жауаптарының интерпретациясы

1

Асылжан

Жоғары деңгей

2

Арман

Жоғары деңгей

3

Әсем

Төменгі деңгей

4

Әсел

Жоғары деңгей

5

Бағлан

Ортаңғы деңгей

6

Баян

Ортаңғы деңгей

7

Бақберген

Ортаңғы деңгей

8

Қалығаш

Жоғары деңгей

9

Құрмет

Жоғары деңгей

10

Мақсат

Жоғары деңгей

11

Мөлдір

Төменгі деңгей

12

Мұқит

Ортаңғы деңгей

13

Марина

Жоғары деңгей

14

Нағима

Жоғары деңгей

15

Нұрбота

Төменгі деңгей

16

Оксана

Жоғары деңгей

17

Перизат

Ортаңғы деңгей

18

Полат

Ортаңғы деңгей

19

Разия

Жоғары деңгей

20

Феруза

Төменгі деңгей

21

Шынар

Ортаңғы деңгей

22

Эльмира

Жоғары деңгей

1 ҚОСЫМША

Ата-аналарға араналған мини-лекция
Тақырып: Депрессияның дауасы

Мамандардың бақылауы бойынша, депрессияға көбінесе егде және қарт адамдар шалдығады екен. Егде адам тәнінің қартайып бара жатқанын уайымдаумен бірге моральдық –қоғамдық тұрғыдан да жалғыздықтан жабығып, ұнжырғысы түсе бастайды. («Депрессия» да өзі осы ұнжырғасы түсу деген ұғымды білдіреді ). Өзінің ешкімге қажетсіздігі, оның пікірімен ешкімнің санаспайтындығы жанын жегідей жеген қария өзін көпшіліктен оқшау сезінеді. Мұндай жағдай оған өте ауыр соғады. Оған қаржы тапшылығы мен әртүрлі ауру-сырқаулар қосылса, қарияның халі одан да бетер қиындай түседі. Депрессиядан әсіресе орта жастағы әйелдер мен жасөспірімдер жиі зардап шегеді. Жасы ұлғайған сайын әйелдердің ажары солғындап, өңі қаша бастайды. Бұл оларды қатты күйзелтеді. Ал жасөспірімдер жауапсыз махаббатпен құрбы құрдастары, ата-аналары және ұстаздары мен болған түсініспеушіліктерден зардап шегеді.

Депрессияның негізгі белгілері – терең мұңға берілу, бейшара күй кешу, өзін түкке тұрмайтын шарасыз да ешкімге керексіз жан ретінде сезініп, мұның бәрі де адамның өмірге деген қызығушылығын төмендетіп, тіпті өз өмірінен түңілуге дейін алып келеді. Депрессияға ұшыраған адам күні бойы диванда жатып, үйдің төбесіне ойсыз көз тастауды, не болмаса, терезе алдында жатқан ағаштарға қарап тұруды дағдыға айналдырады. Депрессияның адал серіктері – жиі шаршау, тән мен жан қуатының азаюы, жұмыс істеу қабілетінің нашарлауы. Депрессия өте ұзап кеткен жағдайда дам өзін-өзі өлтіруге де бекінуі мүмкін.

Мұндай жағдайға жетпестен бұрын депрессияның алғашқы белгілері байқалудан-ақ оған қарсы шешуші түрде күрес жүргізу керек. Кенеттен сізді себепсіз мазалаған мұңға ешқандай берілуші болмаңыз. Өзіңізді аямаңыз. Жасанды түрде көзіңізге жас алмауға тырысыңыз. Жағдайды талдауыңыз және бәрі бітті деген ойдан аулақ болыңыз.

Депрессиямен жалғыз қалмауыңыз керек. Достарыңызға қоңырау соғып, кездесу туралы уағдаласыңыз. Достармен кездесу депрессияға қарсы тамаша амал. Сондай-ақ киноға, театрға, көрмеге барудың да осы орайда көмегі зор.

Әртүрлі антидепрессанттарға әуестенбеңіз. Олар тек уақытша ғана көмектеседі. Бір жаман жері – денсаулығыңызға зияны тиіп кетуі мүмкін. Өйткені бүкіл дәрігер, соның ішінде әсіресе күшті әсер етуші тыныштандыратын химиялық препараттар тіндерге жиналып, бірте-бірте қанға сіңеді де организмді улай бастайды. Егер депрессиямен түймедақ арқылы күресуге бел байласаңыз, онда өсімдіктен жасалған тыныштандырғыштарды таңдаңыз. Халық емшілігінде қолданылатын мұндай дәрілік тыныштандырғыштар өте көп. Оларға бір парасы мыналыр:



  • 1 стакан құрғақ немесе 2 стакан жаңа астра гүлдерін 200 мл. қайнаған суға 1 сағат тұндырып, кейін сүзгіден өткізіп, күніне 1-2 ас қасықтан 3-4 рет қабылдаңыз.

  • Дәріханадан женьшень тұнбасын алып ішсеңіз де болады. Күніне 3 рет 25 тамшыдан.

  • Депрессиялық жағдайда тиімділігі ең жоғары халық емдерінің бірі бұл – бораго шөбінің (қияр шөбі) тұнбасы. Ежелден тәуіптер оны «көңілді көтеріп, мұңды жоғалтатын шөп» деп атаған. Бұл шөптің 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған су құйып, ыдысты мұқият қымтап, жылы жерде 2 сағат тұндырыңыз, кейін сүзгіден өткізіңіз. Күніне тамақтан алдын жарты стаканнан 3 рет қабылдаңыз.

Депрессия қаупі жоқ па?

Депрессия – көңіл-күйін күйзеліске ұшырып, тұла бойыңды дәрменсіздік билеп, өзіңді түкке тұрғысыз адам есебінде сезіну жағдайы. Осындай халге түсу қаупі Сізге төніп тұрған жоқ па? Төменде 12 түрлі пікір берілген. Солардың әрқайсысының тұсына мына төрт жауаптардың өзіңізге лайығының әрібін қойып шығыңыз.

а) үнемі дерлік;

б) жиі;


в) сирек;

г) ешқашан.

1. Жұмыстан бос кездері өзімнің айналысатын сүйікті ісім бар.

2. Мені біреу сынаған кезде қатты ашуланамын.

3. Мені біреулер қолжаулық етіп жүрген сияқты.

4. Мен өте ерте оянамын және көп уақытқа дейін ұйықтай алмаймын.

5. Бір орында тыпыршып отыра алмаймын.

6. Мені ренжіту оңай.

7. Шешім қабылдауым үшін көп уақыт қажет.

8. Күнделікті жұмыстарға көп уақытым кетеді, қалай істесем екен деп ұзақ ойланамып тұрамын.

9. Мені қорқыту жеңіл.

10. Мен түйінді мәселелерімді өзге адамдармен ортақтасамын.

11. Ұсақ-түйек нәрсенің өзіне қуанып қаламын.

12. Миым айналып кететін кездерім болады.


Жүргізілген сауалнама нәтижесін келесі кестедегі бағалау шкаласы бойынша талдап шығу керек.
Баллды есептеу

а ә б в


1.

0

1

2

3

2.

3

2

1

0

3.

3

2

1

0

4.

3

2

1

0

5.

3

2

1

0

6.

3

2

1

0

7.

3

2

1

0

8.

3

2

1

0

9.

3

2

1

0

10.

0

1

2

3

11.

0

1

2

3

12.

3

2

1

0


0-ден 12 баллға дейін. Сіз жолы болғыш адамсыз: кез келген жағдайдан қиналмай шығып кете алатын қабілетіңіз бар. Қызмттің бір түрінен екіншісіне - өзіңізге пайдалы тұсына қарай оп-оңай ауса саласыз.Жағымсыз сезімдердің жинақталуына жол бермейсіз. Жалпы, сіз депрессиядан қорықпай-ақ қойсаңыз да болады, өйткені ол сізден аулақ.

13-тен 24 баллға дейін. Сіздер депрессияға бастайтын белгілер бар сияқты. Ойыңызды минақтап, барлығын ақыл таразысынан өткізіңіз. Соңғы кездері басыңыздан кешкен оқиғаларды саралап талдауға тырысыңыз. Жақын адамдарыңызбен сыр бөлісесіз бе? Срңғы рет қашан жақсы тынығып дем алдыңыз? Бәлкім, Сіз өмірден көп нәрсе күтетін, ал сәтсіздіктер үшін тек өзіңізді ғана кінәлайтын шығарсыз. Арнайы психологиялық әдебиет сатып алыңыз да, депрессия туралы көбірек мәлімет алыңыз және одан қорытынды жасаңыз.

25 балл және одан да жоғары. Мұң-уайым, дәрменсіздік, тәбеттің нашарлауы – дәл қазіргі уақытта Сіздің бойыңызды меңдеген нәрселер осылар емес пе? Ендеше, Сіз депрессияға ұшырағансыз. Мұндай жағдайдан өз күштеріңізбен шыға алуыңыз екіталай, сондықтан білікті маманға қаралғаныңыз жөн. сары уайымға салынып, өмірден күдер үзбеңіз. Бәрі де жақсы болады!

№ 2 ҚОСЫМША
Ата-аналарға арналған семинар.

1 тақырып. Стресс жағдайы.

Қазіргі өмірде стресстен қашып құтылу мүмкін емес, ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, сабағыңдағы келеңсіздіктер...

Кей адамдар мұндай стресстерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер, салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл күйіне әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблемалар. Стресс кезінде адам ағзасында қандай құбылыстар болып жатады? Осыны әңгімелеп көрсек.

Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресстіжағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты стресс денені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал, денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады. Жүрек қағысы және дем алу нашарлайды. Әйтсе де біраз уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.

Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер – адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені бұл жағдайда ең алдымен, артериалды гипертания, бронхиалды астма, жүректің конорлы аурулары, қант диабеті сияқты психоматикалық аурулар пайда болады.

Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емес қорғаныс құралы ретінде белгілі болды. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. Кейде жағымды жағдайлардың өзі адамға қосымша стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсек делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі-екі дамның бас қосуы, бір біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып табылады.

3 ҚОСЫМША

2 тақырып. Стрестің жеке тұлға ерекшеліктерімен байланыстылығы.

Адамдардың психикалық бейімі әр-түрлі болғандықтан стресті де түрлі қабылдайды. Осы психикалық ерекшеліктер ағзаның түрлі факторларға қалай қарсы тұра білу тәсілдерін анықтайды. Писхлогиялық қорғаныс- адамның өзі толық сезініп, түсіне бермейтін өте нәзік құбылыс. Мысалы: стресстен қорғанудың- «ығыстырып шығару» деп атлатын тәсілі бар. Бұл жағдайда адам керексіз факторды елемей, назар аудармай, байқамауға тырысады. Оны өзі де сезінбеуі мүмкін, ол кейде сана астарында(подсознание) жүзеге асып жатады. Ал стрестік факторды интеллектуалазияциялау, яғни мәселені ойлап барып шешу тәсілі жүзеге басқаша жүзеге асады. Мұнда адам қалыптасқан жайда рационалды деңгейге көтеріп, талдап, одан шығудың жолын қарастырады.

Стрестік жағдайда адамның өзін қалай ұстауы – белсенді немесе енжар болуы да оның психологиялық құрылымына байланысты. Белсенді, жігерлі, пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, енжар адам тағдыр жесегіне еріп, өзгелердің шешіміне төзуге жәжбүр. Әйелдер стресті жағдайда нервоздарға, вегетативті кемшіндерге бейім келеді. Олардың эмоциялық реакциясы, қатерді сезінуі мөлшерден асып жатады. Ерлер өз эмоциясын тежеуге жәжбүр. Сондықтан да миокард инфарктінен жиі өледі. Демек, ерлер психосоматикалық аурудан аз қорғанған. Оның үстіне қазіргі еркектер дене белсенділігіне салғырт қарайды. Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттар түзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кетеді. Ал стресті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны біз алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселе сол күйінде қала бермек.

Негізінде, стрессті қабылдауға онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешіліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, мәселеге философиялық тұрғыдан қарайтын адам мен жеңілтек адамның дінге сенетін адам мен ешқандай сенімі жоқ адамның ке- келген құбылысты қабылдауы әр түрлі.

Ал, стрестердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундік жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қателі ісік адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокримдік жүйеде пайда болған рак ауруы стреске тікелей байланысты. Бұл «барлық ауру-жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі. Адамдар бұрын дәрі-дәрмке көмегі арқылы күресіп келген. Негізінен бром, валериан тамшыларын қабылдайды. Қазір неше түрлі транквилизаторлар, уайым сезімін, депресиялар сезімін басатын дәрілер бар. Бұл да стресстен қорғанудың бір түрі. Әйтсе де түрлі препараттар да ішімдік сияқты тек уақытша ған жеңілдіктер береді.

Стресстен қорғанудың ең басты әдісі - қызығушылықты, өзіңіз қалағандай өмір сүруге тырысу. Жақсы дем алу, спортпен айналысу, денсаулықты сақтау. Күнделікті тірлік қана емес, өмірдің барлық жағына қызығушылық білдіру, ақыл-ой көкжиегін кеңейту, көп оқу, көп іздену, күйгелек болмау-өзге жол жоқ. Өйткені ғылым мен техниканың дамуы жалпы өміріміздің ағымдығы жылдамдығының алдағы уақытта стресс генді факторлардың көбейе беретіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан да, көп нәрсе адамның өзінің өзге көңіл-күйін қадағалай, қай деңгейде ұстауына байланысты. Күнде жаман ойлардан арылып барып ұйықтап, ертесіне жақсы үміттермен ояну өмірді ұзартудың бірден бір жолы.

4 ҚОСЫМША

3 тақырып. Стресспен агрессияның байланыстылығы.

Гимназиялық сыныптардың оқу процессін ұйымдастыру ерекшеліктері балалардың қарым-қатынасының тығыз болуына, бір-бірін жете танып, біраз уақыт көрмегенде сағынып жүретіні айқын байқалды. Ал жалпы білім беретін сынып оқушыларының ара қатынасы кішкене айырмашылығы бар екені анық. Зерттеу барысында социометриялық талдау, трансактілік талдау, КОС, социометрия, Лири тесті т.б. әдістемелер көмегімен балалардың жекелік ерекшеліктерін жете талдауға және татулығын, ұжымшылдығын т.б. әлеуметтік қасиеттерін бағаладық.

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеу және тәрбиелеу негізін құратын бағдарлама.

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мынада: ата-ана тарапынан жылылық пен мейірімнің жетіспеушілігі, агрессияға көбірек жүгінуі, баламен немқұрайлы қарым-қатынас жасауы.

А.Бондура мен Р.У.Уолтерсомның жасаған зерттеуінде: ата-ана тәрбиесінің тәжірибедегі ерекшелігіне айрықша назар аударсақ, олар әрдайым өздерінің дегенін талап ету нәтижесінде, агриссивті балалар өсіреді; агрессиялы әрекетті көтермелеуі, қатал жазаға қарсы көрсетілген агрессияны басып, іште ұстауға мәжбүр етуі. Осы зеррттеуде көрсетілген фрустрация қажеттілігі, ата-анаға тәуелді қарым-қатынас, балалардың қастандық ызасы мен сенімсіздігін өзге үлкендер мен құрдастарына таратылуы, онан әрі әлеуметтік процесс тереңдетіле түседі.

Қорытындылай келе айтсақ баланы ата-ана тарапынан өз бетінше жіберіп, қадағалаудың жоқтығы, болмаса қатал жазалау тәсілдері баладағы агрессия деңгейінің артуына мүмкіндік жасайды.

Агрессивтілік әрекет, тұлғанын ерекшелік сипаты болып қалыптасуы мүмкін. Агрессия қызғаныш, көреалмаушылық, жек көру, өкпелеу, қорқыныш, ыза, қапалық сезімдерімен тығыз байланысты, әсіресе бұл көріністер 5-6 жас кезінде эмоциялық күй-жағдайы бір қалыпты болмағандықтан жиі кездеседі. Баланың алғаш алған эмоциялық тәжірибесі ұзақ жылдарға берілуі мүмкіндігін атап айта кетуіміз аса қажет. Бұл фактіні көрсеткен А.В.Запорожец. агрессивті әрекет формасы өзінен-өзі ұлғайуы мүмкін, міне сондықтан да жасөспірімдердің кейбір әрекеттері, ұрлыққа баруы кері әсерден жеңілдегендей болады. 5-7 жастағы балалардың психикалық дамуының нормада болуы оның эмоциялық күй-жағдайына байланысты, оның құлшынысы мен күйзелуіне бағыттылығы. Л.С.Славин атап көрсеткендей, жағымсыз күйзеліс бұл балаға қандай да бір қажеттілігі болмаса дау-дамайдың салдарынан өзіне қанағат алмауы.
5 ҚОСЫМША

Көңіл-күйді бағалау тесті.

Адамның күнделікті өмірде кездесіп жататын жәй оқиғаларда қалай қабылдайтына қарай оның жан дүниесі туралы көп нәрсе айтуға болады. Үрей, мазасыздық өздерін сергіте алмайтын, шаршап-шалдыққан жандарға тән мұндай жағдай түбінде неврозға алып барады. Мына тестің сұрақтарына дұрыс жауап қайтарсаңыз өздеріңіздің жан жүйеңіздің қандай күйде екенін анықтауға болады.


Сауалға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

  1. Қараңғыда жалғыз қалған кезіңізде қобалжисыз ба?

  2. Міндеттерім өте көп деп ойлайсыз ба?

  3. Төңірегіңіздегілердің сіз туралы не ойлайтындығы сізді толғандыра ма?

  4. Телефон қоңырауларына селк ете қалатын сәттеріңіз бола ма?

  5. Ұсақ-түйек нәрсеге бола тынышсызданасыз ба?

  6. Ақша туралы бас қатырасыз ба?

  7. Автокөлікте келе жатып, аялдамаңыздан өтіп кетсеңіз қатты күйінесіз бе?

  8. Бір нәрсе толғандырған кезде ұйқысыздықтан азап шегесіз бе?

  9. Ұйықтатқыш дәріне қажетсінген кезіңіз болды ма?

  10. Тыныштандыратын дәрі қабылдап көрдіңіз бе?

  11. Өзіңізді «шырматып жүрмін» деп есептейсіз бе?

  12. Ашуланған не толқыған кезде дауысыңыз қалтырай ма?

  13. Ұялшақтығыңыз басым ба?

  14. Босаңсуыңыз жеңіл ме?

  15. Өзіңізге таныс адамдардың көпшілігімен салыстытғанда мазасыз күй кешуге бейімділігіңіз күшті ме?

  16. Өзіңізді үнемі бір нәрсені уайымдап қобалжымай жүрмін деп есептейсіз бе?

  17. Көңіл-күйіңіз болмашы нәрседен бұзылады ма?

  18. Дабырашылсыз ба?

  19. Барлығына қолыңызды бір сілтеп кеткіңіз келетін сәттеріңіз бола ма?

  20. Көңіліңіз күйзеліске түскен сәттерде ауырып қалмасыз ба, мәселен ас қорытуыңыз бұзылып, не болмаса үстіңізге есекжем шығып кетпей ме?

  21. Айқай-шу сізді жиі түршіктіре ме?

  22. Ұсақ-түйек әкімшілік талаптар жүйкеңізге тие ме?

  23. Жолыңыз болмай қалған кезде ұнжырғаңыз түсе ме?

  24. Біреу сізге күлсе, оған ренжисіз бе?

  25. Ұйықтар алдында сыртқы есік жабылды ма, жоқ па деп жиі алаңдайсыз ба?

  26. Қонаққа не тойға барардың алдында толқисыз ба?

  27. Егер достарыңыз сізге қонақ боп келеміз десе, сіз оларды күтуне көп уақытыңызды бөлесіз бе?

  28. Жаңа таныстарыңыздың көбеюін қалайсыз ба?

Бағалау шкаласы:

14-ші сұрақтан басқасына «иә» деген жауапқа 1 балл;

«жоқ» деген жауапқа – 0 балл;



ал 14-ші сұраққа «жоқ» деген жауапқа 1 балл деп есептеңіз.




Аты

Нәтижесі



Асылжан

10



Арман

9



Әсем

8



Әсел

6



Бағлан

7



Баян

8



Бақберген

10



Қалығаш

10



Құрмет

9



Мақсат

8



Мөлдір

6



Мұқит

7



Марина

8



Нағима

6



Нұрбота

9



Оксана

8



Перизат

6



Полат

7



Разия

8



Феруза

10



Шынар

9



Эльмира

8

Зерттеу нәтижесін талдау.

10 балл және одан көп. Сіз өте беймаза адамсыз. Баллыңыз қанша көп болса, сонша беймазасаз. Стресске бейімділігіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ босаңсуға және өзіңіздегі үрейді босата басуға қол жеткізетін болсаңыз, белгілі бір дәрежеде өзіңізді қорғай аласыз. Миға жеңілдік берудің ең қарапайым әдісі – қиялға берілу. Шамалы бос уақытыңыз болса, жатыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Күн сәулесі түсіп тұрған құмға келіп соққан толқынның үнін есіткендей және күн сәулесінің жылуынан денеңіз рахат сезімге бөлінгендей әсерде боласыз. Ешнәрсені ойламай, алаңсыз жатыңыз! Босаңсудың осындай әдісін меңгеру арқылы сіз көптеген стрессктік жағдайлардан оңай шыға алатын боласыз.

4 баллдан 9 баллға дейін. Жеткілікті дәрежеде өзіңізді ұстай білгеніңізбен бәрібір сіз беймаза күй кешуге бейімсіз. Босаңсу дағдыларын меңгеру сізге де аса пайдалы.

3 балл және одан да аз. Сіз өзіңізбен келісімді жасайсыз және алға қойған проблемаларыңыздың көпшілігін шеше алатын мүмкіндігіңіз бар.

Зерттелінген балалардың басым көпшілігі өздерін ұстай білгенімен бәрібір беймаза күй кешуге бейім екендігін көрсетті. Босаңсу дағдыларын меңгеру бұл балаларға аса пайдалы екендігі анық байқалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет