Антенна радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антенна латын сөзі, діңгек сырық деген мағынаны білдіреді. Антеннаны жасау теориясын 1889 ж неміс физигі Генрих Герц жариялаған



Дата19.11.2016
өлшемі37,51 Kb.
#2028
Антенна

Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антенна - латын сөзі, діңгек сырық деген мағынаны білдіреді. Антеннаны жасау теориясын 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибраторлы алғашқы антеннаны 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.

Таратқыш антенна магниттік тербеліс энергиясын радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын түрлендіреді. Антенналар түрлері: қабылданатын радиотолқындардың диапазонына, жиілік тәуелсіз қамтуына, тарату немесе қабылдау антенналар, әсерлік принципі мен құрылымына (сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары ).

Қазақстандағы ең биік теледидарлық мұнара Алматыдағы Көктөбе етегінде орналасқан.Ол теңіз деңгейінен 1000 метр, мұнарасының биіктігі 372 метр. Теледидарлық хабар жеке үй шатырына симметриялық вибратор, «толқынды каналы», т.б. осы типтегі антенналар орнатылады. Ал көп пәтерлі үйлерде күшейткіш жүйесінен тұратын ұжымдық антенналармен қабылданады. Аса жоғары жиілікті толқындарда (дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік) жұмыс жасайтын синфазалық антенналар қолданылады. Жұмыс принципі жағынан синфазалық антенналар көп вибраторлы торға ұқсайды. Мұндай антенналардың басқа антенналардан басты ерекшелігі –вибраторлар жоқтығы. Аса жоғары жиілікті диапазонда рупорлы антенна, линзалы антенна, спиральді антенна, диэлектрлік антенна т.б. қолданылады. Антенналар автомобильдерде, ұшақтарда, ғарыш кемелерінде,радиотелефондарда қызмет атқарады. Үлкен радиотелескоптардың (мысалы, РАТАН-600) антенналары – алюминий айналары мен табақтары. Ондай антенналар арқылы алыс галактикалардан радиодабылдар қабылданады.

Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.

Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады.



Сөздік

Толқын - волна

Қабылдағыш - прием

Сырық - шест

Тербеліс - колебания

Мұнара - минарет

Ұжым - коллектив

Жиілік – частота

Құрылы – устройства

Радиохабар – радионовость

Эквиваленттік ұтымдылықты – эквивалентная выгодность

Тапсырма


  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.

  2. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыз (5-6 сөйлем).

  3. Мәтінге түйіндеме жазыңыз (2-3 сөйлем).

  4. Атом электр станциялары мен су электр станциялары туралы әңгімелеп, жазыңыз (3-4 сөйлем).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет