Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, диспепсиялық реакциялар тудырады, дисбактериоз және онымен байланысты жанама әсерлер жиі дамиды.
ЛИНКОЗАМИНДЕР
Линкомицин ауыз қуысындағы шартты патогенді микроорганизмдердің көбінің өмір сүруін тежейді, олардың ішінде көгерткіш стрептококктардың, стафилококктардың ж.т.б. микроорганизмдердің (олар басқа антибиотиктерге тұрақты болған жағдайлардың өзінде).
Бактериялардың тұрақтылығын бұл дәрі ұзақ уақыт туғызбайды.
Линкомицин сүйек тіндерінде жақсы жиналады, сондықтан стоматологиялық хирургияда кеңінен қолданады.
Пародонтиттерді (тісті орнында ұстап тұратын сіңірдің қабыну аурулары), периодонтиттерді (тістің жан-жағындағы ұлпалардың қабынуы) және де ауыз қуысының іріңді ауруларын емдегенде қолданады.
.
ФУЗИДИН – НАТРИЙ
басқа антибиотиктерге тұрақты стафилококктар тудыратын инфекцияларда қолданылады.
Әсер ету спектрін кеңейту үшін фузидиндарды пенициллиндер немесе тетрациклиндермен қосып қолданылады.
Қолданылу көрсетімдері: антибиотиктерге тұрақты стафилококктар тудыратын бет сүйектерінің қабынбалы-іріңді аурулары, пародонтиттің абсцестік түрі.