Фитонцидтік қасиет басқа заттарда да, мәселен эфир майларында, альдегидтерде, алкалоидтарда және фенолда байқалады. Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер өскен топырақтар да микроорганизмдерге кедейлеу келеді.
Организм вируспен зақымданғанда клеткада интерферон пайда болады. Бүның өзі белок тектес зат. Ол вирустағы ңуклеин қышқылының түзілуін тоқтатады, сөйтіп жаңадан вирустың пайда болуын тежейді
Дәл осы интерферонға ұқсас заттар кейбір өсімдіктер клеткасынан да табылған. Бүл организмнің вирустан сақтануындағы табиғи қорғаныш болып есептеледі.
Экмолинді балықтан алады. Одан жасалған препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына, стафилакокктар мен стрептококкаларға, ішек таяқшасына және оба вибриондарына, сонымен бірге тұмау вирусына да жойқын әсер етеді.
Экмолинді пеницилиннің күшін арттыру мақсатында қосып қолданады. Осындай комплексті препаратты жас балалар дизентериямен ауырғанда қолданады.
Экстракция дегеніміз – антибиотиктерді бір ерітіндіден екіншіге көп рет ауыстырар алдында оларды тұндырады яғни, бірнеше ретқайтара кристаллизация жасайды.
Ионды алмастыру сорбциясы негізінде антибиотиктердің теріс зарядталған иондары катионды шайырға жабысад,Енді керісінше шайырға жабысқан антибиотиктерді ерітіндімен айырып алады.
Тұнбалау әдісінде антибиотик органикалық затпен немесе бейорганикалық затпен байланысып тұнбаға түседі. Әрі қарай оның экстракциясы жүреді. Гомогенді түрде бөлінген антибиотикті ауамен немесе лиофильді кептіргішпен кептіреді, биологиялық активтігін сақтау үшін тұрақтандырады, дәрілік формаға айналдырады.
Аминогликозидті антибиотиктер
Аминогликозидтіантибиотиктер - әртүрлі бактериялық инфекциялармен күресу үшін қолданылатын күшті антибиотиктер класы. Олар бактерицидтік, яғни олар бактерияларды өлтіреді және жиі ауыр инфекцияларды, әсіресе грам-теріс бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады.