Қантамырлардың тромбоздары мен эмболияларын, соның ішінде мыналарды емдеуге және алдын алуға:
Қантамырлардың тромбоздары мен эмболияларын, соның ішінде мыналарды емдеуге және алдын алуға:
көктамырлардың жедел тромбозын және өкпе артерияларының эмболиясын (гепаринмен біріктіріп)
операциядан кейінгі тромбоздардың алдын алуға және емдеуге
қайталанған миокард инфарктінде
жүрек қантамырлары мен қлапандарын протездегенде (соның ішінде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп)
жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға
қайталанған тромбозда
шеткергі, коронарлық және ми артерияларының тромбозында
өткінші ишемиялық шабуылдарда және инсультте.
Қолданылуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Варфарин Никомед тәулігіне 1 рет, мүмкіндігінше, белгілі бір уақытқа тағайындалады.
Бұрын варфарин қабылдамаған емделушілер:
Бастапқы доза алғашқы 4 күн бойы тәулігіне 5 мг (күніне 2 таб.) құрайды. Емнің 5-ші күні ХҚҚ анықталады және, осы көрсеткішке сәйкес, препараттың демеуші дозасы тағайындалады. Әдетте препараттың демеуші дозасы күніне 2,5 – 7,5 мг (күніне 1 – 3 таблетка) құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі:
әртүрлі ағзалардан қан кету
Жиі:
ұзақ қолданудан кейін варфаринге жоғары сезімталдық
жүктілік (алғашқы триместрде және жүктіліктің соңғы 4 аптасы)
бауыр және бүйрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі
кез келген жерден жедел қан кету
қан кетудің жоғары қаупі (геморрагиялық диатездері, өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі, жұлын пункциясынан кейінгі артериялар аневризмасы бар, ойық жара ауруы, ауқымды жаралары (операциялықты қоса), цереброваскулярлы аурулары бар емделушілерді қоса)
бактериялық эндокардит
қатерлі артериялық гипертензия
геморрагиялық инсульт
сирек тұқым қуалайтын бұзылулар – галактозаның жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы