Антисептикалыќ жјне дезинфекциялаушы заттар


Өндірілуі және құндылығы жағынан тиімді болуы тиіс



бет2/6
Дата17.12.2023
өлшемі112,5 Kb.
#197412
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
262782(1)

Өндірілуі және құндылығы жағынан тиімді болуы тиіс

  • Өндірілуі және құндылығы жағынан тиімді болуы тиіс
  • Науқастың терісін, таңатын заттарды, төсек-орынды, киімді басқа түске боямауы керек және өткір жағымсыз иісі болмауы керек
  • Жалпы токсикалық, мүшені зақымдайтын, аллергиялық, мутагенді, канцерогенді және тератогенді әсерлері болмауы керек

Антисептикалық заттарға қойылатын қосымша талаптар

  • Тіндерге жергілікті теріс әсер көрсетпеуі керек
  • Жағылған жерден қанға аз мөлшерде сорылуы керек жәнеде қанға сіңгенде жанама әсерлер шақырмауы тиіс
  • Препараттарды жұптастырып қолданғанда бірінің әсерін бірі төмендетпеуі керек және химиялық реакцияға түспеуі керек
  • Жараның жазылуын бұзбауы керек

Дезинфекциялаушы заттарға қойылатын қосымша талаптар

  • Суда жақсы еруі керек
  • Залалсыздандырылатын заттарды зақымдамауы керек (металдардың коррозиясын шақырмауы керек)

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі

  • Галогенді қосылыстар - Хлорамин Б, йодтың спиртті ерітіндісі, йодинол
  • Тотықтырғыштар – сутегінің асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
  • Қышқылдар мен сілтілер – бор қышқылы, аммиак ерітіндісі
  • Металлдар қосылыстары – сынаптың сары тотығы, сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты
  • Фенол және оның туындылары - Фенол, резорцин, лизол

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі (жалғасы)

  • Альдегидтер және спирттер – формальдегид ерітіндісі, этил спирті
  • Бояғыштар – бриллиант жасылы, этакридин лактаты
  • Нитрофуран туындысы – фурациллин
  • Детергент - церигель, этоний, роккал
  • Бигуанидтер - хлоргексидин
  • Әртүрлі табиғи антибактериалды заттар – календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин, лизоцим

Галогенді қосылыстар

  • Хлорамин Б суда ерігенде хлорлы қышқыл түзіледі. Әрі қарай ыдырауы рН ортаға байланысты болады. Қышқыл және нейтралды реакцияға түскенде хлорлы қышқылдан атомдық хлор мен оттегі босап шығады да, микроб жасушасының белоктарымен байланысып, оның денатурациясын шақырады.
  • Хлорамин Б-ның өткір иісі бар, ол күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.
  • Хлор жануарлар тінімен, микроорганизмдермен, органикалық және неорганикалық тіндермен үнемі өзара байланысады. Хлор қоршаған ортаның немесе өңделетін тіндердің суларымен әрекеттесіп, атомдық оттегін түзеді. Ол тотықтырғыш әсер көрсетеді, сондықтан антисептикалық әсер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет