Антисептикалыќ жјне дезинфекциялаушы заттар



бет5/6
Дата17.12.2023
өлшемі112,5 Kb.
#197412
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
262782(1)

Қышқылдар – бор қышқылы

  • Антисептик
  • Педикулезге қарсы зат
  • Тері және шырышты қабат арқылы жақсы өтеді, ағзадан баяу шығады, мүшелермен тіндерде жиналады.
  • Қабынуға қарсы және саңырауқұлақтарға қарсы әсер көрсетеді.

Қолданылуы

  • Конъюктива қапшығын өңдеуге
  • Суланған экземада
  • Дерматитте
  • Жедел және созылмалы отитте
  • Пиодермияда
  • Тері қатпарларының баздануында
  • Стоматологияда: хейлитте, стоматитте, гингивитте ауызды шаю үшін

Сілтілер –аммиак ерітіндісі

  • Микробқа қарсы зат
  • Май және май тәріздес заттарды жуатын қасиеті бар
  • Мұрынның хеморецепторларын ынталандырып, рефлекторлы түрді тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығын ынталандыратын әсері бар, науқастың есіне келтіретін қасиетке ие

Қолданылуы

  • Науқас есінен танып қалғанда
  • Спасокукоцкий және Кочергин әдісімен қол жуу үшін
  • Дерматит және экземада жергілікті қолдануға болмайды.

Ауыр металл тұздары

  • Микробтарға қарсы
  • Жергілікті : қабынуға қарсы, қармаушы, тітіркендіргіш, күйдіргіш әсер көрсетеді

Әсер ету механизмі:

  • Микробтарға қарсы – төменгі көнцентрацияда микроорганизмдер ферменттерінің сульфгидрилді топтарын тежейді, жоғарғы концентрацияда – микроб жасушасының протоплазма белоктарының коагуляциясын шақырады.
  • Жергілікті әсері – белоктардың жартылай коагуляциясын шақырып, альбуминат түзумен байланысты.

Тығыз альбуминаттар – қармаушы (қабынуға қарсы) әсер

  • Тығыз альбуминаттар – қармаушы (қабынуға қарсы) әсер
  • Борпылдақ альбуминаттар тітіркендіргіш күйдіргіш әсер туғызады
  • альбуминаттардың ерігіштігі жоғары болған сайын күйдіргіш әсер басым болады

Күміс нитраты

  • Аз концентрацияда қармаушы және қабынуға қарсы әсер көрсетеді
  • Жоғарғы концентрацияда тіндерді күйдіреді
  • Тері ойық жараларын және эрозияларын, сонымен қатар көздің шырышты қабатының зақымдалуында: трахома, конъюнктивитті емдеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет