ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ Микробтарға қарсы заттар Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар (Стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне арналған) Құрастырған: м.ғ.к. Есетова Қ.Ө. Алматы, 2010
Антисептикалық заттар – бұл инфекциялық үрдістің дамуының алдын алу мақсатында терінің, шырышты қабаттың, жара бетінің және дене қуыстарын залалсыздандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар
Дезинфекциялаушы заттар – инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т.б.) микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар
Дезинфекциялаушы заттар – инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмені, киімдерді, науқасты күту заттарын, жұқпалы науқастардың бөліністерін т.б.) микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылатын заттар
Антисептикалық және дезинфекциялық заттардың белсенділігін анықтайтын жағдайлар
Химиялық құрылымы және соған байланысты физика-химиялық қасиеттері
Концентрациясы және диссоциациялану дәрежесі
Заттың микроорганизмдерге әсер ету ұзақтығы
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың әсері дамитын қоршаған ортаның температурасы
Микроорганизмнің түрі және оның спора түзу қабілеті
Микроб денесінің саны
Микробқа қарсы әсер көрсетілген субстраттың қасиеті
Сутегі иондарының концентрациясы немесе оның рН.
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар
Микробтарға қарсы әсер спектрі кең болуы тиіс
Микробтарға қарсы белсенділігі жоғары болуы, яғни аз көлемде қоздырғыштың өмір тіршілігін тежеуі тиіс
Тез және ұзақ уақыт әсер етуі керек
Басқа антисептиктермен және дезинфекциялаушы заттармен үйлесімді болуы керек
Жарыққа, жоғарғы температураға тұрақты болуы тиіс
Биоорганикалық субстраттардың қатысуында, стерилдегенде және сақтағанда өзінің белсенділігін жоғалтпауы керек