Көліктер: «Ойыншықты сипатта» Мақсаты:Балалар жасырынған ойыншықты тауып, түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін сипаттай алады. Мысалы:машинаның доңғалағы бар, ол қара түсті, кабинасы жасыл түсті, жүк таситын қорабы көк түсті т.с.с. Дид.ойын: «Дала құстарын ата» Мақсаты: құстарды атай білуге үйрету. Жабайы құстардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.
Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағды-сын жетілдіріп, тілін дамыту.
Құстарды аялауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Дала құстарының суреттері.