Білім беруді ақпараттандыру дегеніміз не? - Білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың методологиясын, технологиясын және практикасын жасауды қамтамасыз ететін, адамға ыңғайлы және денсаулықты қорғайтындай жағдайда қолданылатын процесті сипаттайтын педагогика ғылымының саласы білім беруді ақпараттандыру деп аталады.
-
- Роберт И.В.
Білім беруді ақпараттандыру қандай міндеттерді шешуі тиіс? - білім беруді дамытудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, нормативті-технологиялық және техникалық алғышарттарын ашу;
- білім беру мазмұнын іріктеудің методологиялық базасын жетілдіру, оқушының жеке тұлғалық міндеттеріне сәйкес, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасау;
- инновациялық модельдерді жасау және негіздеу, бұрыннан бар технологияларды, оның ішінде оқыту формасы, әдісі мен құралдарын дамыту, білім берудің әртүрлі буынында АКТ-ды қолдану;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу іскерлігін қалыптастыруға, ақпаратты жинау, өңдеу, тарату, ақпараттық ресурсты сақтау және құруға бағытталған іс-әрекетті орындауға қажетті оқытудың әдістемелік жүйесін құру;
- білім беру мақсатындағы электрондық құралдардың, оның ішінде, программалық инструментальдық құралдар мен жүйелердің зерттеу бағытындағы және демонстрациялық прототипін жасау;
Білім беруді ақпараттандыру қандай міндеттерді шешуі тиіс? - білім беру мақсатында бүкіл әлемдік Интернет желісіндегі үлестірілген ақпараттық ресурстарды пайдалану және ауқымды телекоммуникация негізінде ақпараттық өзара әрекеттесу технологияларын жасау;
- ашық білім беру жүйелеріне телекоммуникациялық кіру жолымен үлестірілген ақпараттық ресурстың потенциалы негізінде желіде педагогикалық қосымшаларды құру;
- шынайы және виртуалды оқу зерттеу, демонстрациялық, лабораториялық экспериментті өңдеу процесін автоматтандыру құралдары мен жүйелерін жасау;
- психологиялық - педагогикалық тестілеуді автоматтандыру құралдарын құру және қолдану, оқушылардың білімін бақылау мен бағалау әдістемесін жасау, оның оқу барысындағы қозғалысын қадағалау, оқушының интеллектуалдық потенциалын тағайындау;
- білім беру жүйесіндегі басқару механизмін жетілдіру, оның ішінде, ғылыми-педагогикалық ақпараттардың автоматтандырылған мәліметтер қоры мен банкін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім беру мекемелерін (білім беру мекемелер жүйесін) басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |