Әлемнің ақпараттық бейнесі – ақпарат құрылатын, тұтынылатын, орналасатын көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі.
Білімдік компетенция – бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық, әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірбиелерінің жиынтығы.
Құзырлық –индивидтің жеке тұлғалық қатынасын және іс-әрекет пәнін қамтитын адамның сәйкес компетенцияларды меңгеруі мен ие болуы. Құзырлық - компетенцияларды қолданудың ең төменгі тәжірбиесінің болуын қажет етеді.
Білім маманының ақпараттық - коммуникациялық құзырлығы (латын тілінен аударғанда competo- жетемін, сай боламын, сәйкес келемін) – оның теориялық білімдер мен қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануының практикалық тәсілдері негізінде жасалған кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.
Коджаспирова Г.М. и др. Педагогический словарь: для студентов высш. и сред. пед.учеб. заведений .М. «Академия», 2001.
Негізгі ұғымдар мен категориялар
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті – ақпараттық қоғамдағы адамның жүру ережелерінің жүйесі, әлемнің ақпараттық бейнесін символдар мен белгілер жүйесі, тура және кері ақпараттық байланыстар жүйесі ретінде адамның ұғыну және меңгеру, ақпараттық қоғамда еркін бағдар алып, оған бейімделе білу қабілетін қамтиды.
Білім беру кеңістігі - білім берудегі жалпы мемлекеттік бірлік сақталатын кеңістік.
Ақпараттық білім беру кеңістігі – білім беру мақсатында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың тұлғалық өзгерісі өтетін кеңістік.
Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі – бірыңғай тұжырымдамамен, жалпы стратегияны қалыптастыруды, дамытуды жүзеге асыру механизмдері, тәсілдерімен ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік, кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету.