Ақпараттандыру. Ақпараттық революция. Қоғамды ақпараттандыру


Негізгі ұғымдар мен категориялар



бет6/6
Дата22.06.2022
өлшемі277,24 Kb.
#146953
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар мен категориялар

  • Компьютердің көмегімен оқыту («компьютерлік оқыту») - бұл техникалық оқыту құралы компьютер болып табылатын оқыту жүйесі (ЮНЕСКО бойынша). Компьютер оқу ақпаратын беру, берілген оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын оқыту, оның ішінде, өзіндік оқу түрі.
  • Оқыту программалары мен жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға арналған арнайы жасалған программалар мен программалар жүйелері.
  • Автоматтандырылған оқыту жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуға пайдалануға арналған программалар пакеті.

Ақпараттық төңкерістердің рөлі мен мәні

  • Бірінші төңкеріс – жазуды ойлап табуға байланысты орасан зор сандық, әрі сапалық секіріске әкелді. Білімді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу мүмкіндігі пайда болды.
  • Екінші төңкеріс – (ХVI ғасырдың ортасы) кітап шығаруды ойлап табуға байланысты индустриялдық қоғам, мәдениет, іс-әрекетті ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
  • Үшінші төңкеріс – (ХІХ ғасырдың аяғы) – электрді ойлап табуға байланысты, мұның арқасында ақпаратты кез келген көлемде жедел таратуға, қорландыруға мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радио пайда болды.
  • Төртінші кезең – (ХХ ғасырдың 70-жылдары) микропроцессорлық технологияны ойлап табу мен дербес компьютердің пайда болуына байланысты. Микропроцессорлар мен интегралдық схемалар арқылы компьютерлер, компьютерлік желілер, мәліметтерді тарату жүйелері (ақпараттық коммуникациялар) құрылды. Бұл кезең үш іргелі инновацияны сипаттайды:
  • ақпаратты түрлендірудің механикалық және электрлік құралдарынан электрондық құралдарына көшу;
  • барлық тораптарды, құрылғыларды, құралдарды, машиналарды миниатюрлендіру; программамен басқарылатын құрылғыларды құру.
  •  

Әдебиеттер К.З.Халықова, Г.А.Абдулкәрімова Педагогикалық информатика. Білім беруді ақпараттандыру: Оқулық. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2007. – 273 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет