Компьютердің көмегімен оқыту («компьютерлік оқыту») - бұл техникалық оқыту құралы компьютер болып табылатын оқыту жүйесі (ЮНЕСКО бойынша). Компьютер оқу ақпаратын беру, берілген оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын оқыту, оның ішінде, өзіндік оқу түрі.
Оқыту программалары мен жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға арналған арнайы жасалған программалар мен программалар жүйелері.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуға пайдалануға арналған программалар пакеті.
Ақпараттық төңкерістердің рөлі мен мәні
Бірінші төңкеріс – жазуды ойлап табуға байланысты орасан зор сандық, әрі сапалық секіріске әкелді. Білімді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу мүмкіндігі пайда болды.
Екінші төңкеріс – (ХVI ғасырдың ортасы) кітап шығаруды ойлап табуға байланысты индустриялдық қоғам, мәдениет, іс-әрекетті ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
Үшінші төңкеріс – (ХІХ ғасырдың аяғы) – электрді ойлап табуға байланысты, мұның арқасында ақпаратты кез келген көлемде жедел таратуға, қорландыруға мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радио пайда болды.
Төртінші кезең – (ХХ ғасырдың 70-жылдары) микропроцессорлық технологияны ойлап табу мен дербес компьютердің пайда болуына байланысты. Микропроцессорлар мен интегралдық схемалар арқылы компьютерлер, компьютерлік желілер, мәліметтерді тарату жүйелері (ақпараттық коммуникациялар) құрылды. Бұл кезең үш іргелі инновацияны сипаттайды:
ақпаратты түрлендірудің механикалық және электрлік құралдарынан электрондық құралдарына көшу;
барлық тораптарды, құрылғыларды, құралдарды, машиналарды миниатюрлендіру; программамен басқарылатын құрылғыларды құру.
Әдебиеттер К.З.Халықова, Г.А.Абдулкәрімова Педагогикалық информатика. Білім беруді ақпараттандыру: Оқулық. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2007. – 273 бет.