Ақпарат – объект туралы нақты мәліметтер мен олардың арасындағы тәуелділіктер жайлы білімдер жиынтығы.
Педагогикалық ақпарат - білім беру саласындағы білім беру мен тәрбиелеу процесін бейнелейтін және педагогикалық процестерді, адамдар тобы мен жеке тұлғаларды басқару туралы мәліметтер, мағлұматтар, білімдер жиынтығы.
Ақпараттық процесс – ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі.
Ақпараттық технологиялар – ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
Қараңыз: Информология, информатика и образование. Справочное пособие / Под ред. В.А.Извозчикова. СПб.:КАРО, 2004. -304 с. Стр.76.
Ақпараттық қоғам
Қоғамдық мәні бар барлық адамзат қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін ХХ ғасырдың 50 – жылдарынан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды.
Негізгі ұғымдар мен категориялар
Білім беруді ақпараттандыру – танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпарттарды тарату құралдарының, сондай-ақ, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
Оқытуды ақпараттандыру – есептеуіш техникамен және оған байланысты ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және оқушы мен мұғалімге білім мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Ақпараттық қоғам - бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам.
Қоғамды ақпараттандыру – ақпарат пен білімнің мәнділігін арттыру процесі, қоғамдық өмірдің барлық саласында ақпараттық әдістерді кеңінен тарату.