Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады.
Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары
қызметкерден бөлімше басшысына
бөлімше басшысынан ұйым басшысына
ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар:
Түсініктеме Баяндау хат (докладные записки) Телефонограмма Талап арыздар Шағымдану Шағым Актілер Сенім хат: ресми және жеке Шағымға жауап Факстер, электрондық пошта Анықтамалар Хаттар
Акт(лат. actus - әрекет) - Заңды күш бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі.