Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесі Қазіргі кезде елімізді компьютерлеу жылдам қарқынмен дамып келеді, соның ішінде көптеген мемлекеттік, коммерциялық ұйымдар мен банктер. Бірақ пайдасы мен қоса компьютерлеу өзімен бірге бірқатар проблемаларды да ала келді. Солардың біреуі, және күрделісі, берілгендерді өңдеу мен беру системасындағы ақпараттың конфиденциалдығының қауіпсіздігін сақтау. Бұл проблеманы шешу үшін ақпаратты криптографиялық тәсілмен кең қолданылады, оған шифрлеу, кодтау, немесе берілгендерді жатады, соның нәтижесінде ақпаратты арнайы кілттің және қайта түрлендіруді енгібей ашып алу мүмкін емес. Қорғалатын мәліметтерді криптографиялық өзгерту ең тиімді әдіс және байланыс линиялары арқылы тасымалдауда оған санкциясыз енуге жол бермейтін жалғыз нақты құрал болып есептеледі.