Дәріс №3
Тақырыбы: Ақпарат категориялары
Ақпараттық сферада құқықтық ақпараттың негізгі төрт түрін көрсетуге болады:
Енуі шектеулі ақпараттар
Шектеусіз ақпараттар
Басқа жалпыға ортақ ақпараттар
«Зиянды ақпараттар» (таратуға жатпайтын өтірік, жалған, зиянды ақпараттар)
Әскери, дипломатиялық, экономикалық және басқа да мемлекеттік құпияларды сақтайтын ақпараттар да болады және коммерциялық ақпараттар мен құпияны, жеке тұлғалардың персоналды берілгендері мен ақпараттары болады.
Құжатталған ақпарат категориялары бойынша ашық және енуге шектеулі болып бөлінеді. Енуге шектеулі ақпараттар құқықтық режимі бойынша мемлекеттік және конфиденциалды ақпараттар деп бөлінеді.
Конфиденциалды деп, оны жариялағанда фирмаға зиян келтіретін ақпараттар есептеледі. Олар енуге шектеулі және құпия ақпараттар деп ажыратылады.
Қызметтегі ақпараттардың конфиденциалдығының дәрежесін фирма басшылығы анықтайды. Оларға әдетте келесі құжаттар жатады:
Фирманың устав құжаттары
Фирманың финансылық қызметінің құрама валюталық және тенгеге шаққандағы есептері (айлық, кварталдық, жылдық, бірнеше жылғы)
Банктермен кредиттік келісім шарттар
Белгілі сомадан басталған сатып алу және сату келісім шарттары
Тауарды сатудың мәліметтері, партнерлері ұсынған, егер оны жариялаған жағдайда штраф салынатын болса
Конфиденциалды ақпарат әдетте, материалды формада сақталады. Бұл өнім не тауардың үлгілері, түрлі құжаттар, сызбалар, жоспарлар, сұлбалар, аналитикалық шолулар,модельдер, каталогтар, анықтамалар, барлығы қағаз жүзінде, фотосуреттер мен слайдтарда, компьютер дисклерінде сақталады.
94 жылғы мәскеулік 250 биснесмендерінен анкета алғанда олар экономикалық шпионаждың формалары мен әдістеріне жатқызды:
Фирманың қызметкерлерін сатып алу не қорқыту /шантаж/ -43%
Персоналды компьютерлерден арнайы техника көмегімен ақпараттарды жазып алу
Құжаттарды, сызбаларды, эксперименталды үлгілерді көшіріп алу не ұрлау -10%
Телефонмен байланысты, бөлмедегі және автомобильдегі әңгімелесулерді тыңдау- 5%
Бақылау сұрақтары:
Ақпараттың неше және қандай категорияларын білесіз?
«Зиянды ақпарат» деген бұл қандай ақпарат?
Конфиденциалды ақпарат деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |