1.3 Деректер базасының классификациясы Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлшектелінген болып бөлінеді.
Орталықтандырылған деректер базасы бір есептеу жүйесінің жадысында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, онда осы қорға кіру мүмкін. Деректер базасын пайдаланудың мұндай әдісі ДК жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады.
Бөлшектелінген деректер базасы қиылысатын немесе бірінің бөлігін бірі қайталайтын, әр түрлі ЭЕМ-де сақталатын есептеу желісінің бірнешеуінен тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу бөлшектелінген деректер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асады.
Деректерге кіру әдісі бойынша деректер базасы деректер базасына жергілікті кірумен және деректер базасына желілік кірумен анықталады.
Желілік кірумен орталықтандырылған Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы мынадай жүйелердің әр түрлі архитектураларын қамтамасыз етеді:
файл-сервер;
клиент-сервер.
Файл-сервер. Желілік кіру кезінде ДБ жүйесінің архитектурасы желі машинасынан біреуін орталық (файлдар сервері) ретінде алуды жоспарлайды. Ондай машинада бірге пайдаланылатын орталықтандырылған ДБ сақталады. Желінің барлық басқа машиналары жұмыс станциялары функциясын орындайды. Деректер базасының файлдары сұраныстарын жұмыс станцияларына жібереді, онда негізінен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Файл-сервер концепциясын 1-суретте шартты түрде суреттелген.
1-сурет. Файл-сервер концепциясы
2-сурет. Клиент-сервер концепциясы
Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтандырылған деректер базасын сақтаудан басқа орталық машина (деректер базасының сервері) деректерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз ету керек. Деректерге сұраныс беру іздеуді және серверден деректерді алуды тудырады. Табылған деректер (файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке жіберіледі. Клиент-сервер архитектурасының спецификасы SQL сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Клиент-сервер концепциясы 2-суретте суреттелген.