Сервер жұмысы мынандай ретте болуы мүмкін: сұраныс түскеннен кейін диспетчер «бірінші келді – бірінші қызмет көрсетілді» схемасы бойынша оны кезекке тұрғызады.
алдыңғы бөлім процесі «бұрынғы» ("самый старый") сұранысты таңдап алып, оны өңгеуге кіріседі. Аяқталғаннан кейін нәтиже клиентке жіберу үшін кезекке қойылады.
Диспетчер кезектен сәйкес клиентке нәтижені жібереді.
Сұранысты өңдеу кезінде фондық процестер басқа маңызды операцияларды орындайды, негізгілері мыналар болып табылады:
ДБ-нан жұмыс облысының (оқу кезінде) аралық (буферлі) жадыға деректерді жазу және керісінше (жаңарту кезінде).
Транзакция журналына жазу.
Транзакция тобын архивтеу (көшіру).
Транзакцияны авариялық аяқтау.
Аппараттық сбой болғаннан кейін бөлшектелген ДБ-да деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін бақылау нүктелері дискісіне периодтық жазу.
Бөлшектелген ДБ администраторы келесі есептерді шешу керек:
Бөлшектелген ДБ жобалау және жадыны бөлу.
Желі конфигурациясын баптау.
Бөлшектелген ДБ құру.
Қосымшаны құрастырушылармен жұмыс.
Жаңа пайдаланушыларды құру.
ДБ жиі архивтеу және оларды қалпына келтіру бойынша операцияларды орындау.
ОЖ және ЖОЖ көмегімен ДБ-на кіруді басқару.
Бөлшектелген ДБ администраторы жүйесінде мысалы, ОЖ, желі, автихтеу, қорғаныс үшін жауап беретін бірнеше адамдардардан тұруы мүмкін.
Демек, клиент/сервер жүйесі әрқилы: бір жағынан, оны орталықтандырылған көппайдаланушылық ДБ-ның бір түрі ретінде санауға болады, екінші жағынан, ол бөлшектелген ДБ-ның жеке жағдайы болып табылады.