Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінде теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз ету мақсатында, «Қазтелерадио» АҚ 36 МГц ресурсы бойынша Интелсат 904 жерсерігінің 75,76,77 және 78 транспондерін және 54 МГц ресурсы бойынша Қазсат 2 жерсерігінің 9 және 15 транспондерін жалға алады.
Бұл ретте, Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінде мемлекеттік республикалық және облыстық теле-, радиоарналарды тарату үшін 90 МГц жерсеріктік ресурс пайдаланылады, тікелей жерсеріктік хабар тарату желісінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату үшін – 38,44 МГц, аналогты және цифрлық эфирлі хабар тарату желісінде теле-, радиоарналарды жерсеріктік таратуды резервтеу үшін – 54 МГц.
Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату.
2011 жылдың 18 қаңтарында республика тұрғындарына
44 қазақстандық және еркін қолжетімді көрсетіліммен аймақтық теле-, радиоарналарды жаппай тегін қабылдауға алғаш рет мүмкіндік берген DVB-S2, MPEG-4 «OTAU-TV» стандартындағы Жерсеріктік телерадиохабарларын таратудың ұлттық желісі пайдалануға енгізілді.
2014 жылдың қорытындысы бойынша «OTAU-TV» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабарларын таратудың тікелей желісін пайдаланушылар саны 796 185 қосылуды құрайды.
Аналогты эфирлік телерадиохабарларын тарату.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық деңгейде телевизия және радиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің мемлекеттік тапсырмасын іске асыратын телевизиялық және радиохабарларын көрметудің республикалық аналогты желісі телевизиялық және радиохабарлар бағдарламаларымен республика тұрғындарын келесі қамтулармен қамтамасыз етеді:
«Бірінші Еуразия арнасы» телеарнасының бағдарламасымен – 87,13%;
Қазақ радиосы алғашқы бағдарламасымен – 88,74%;
«Шалқар» радиосы бағдарламасымен 62,04%.
Бұдан басқа, «Қазтелерадио» АҚ республикалық және өңірлік теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында телевизиялық хабар таратуларды цифрлық стандартқа ауыстыру жоспарына байланысты, соңғы бірнеше жыл ішінде аналогты хабар таратулар кеңейтілмеуде.
Отандық ақпараттық кеңістіктің өндірісін ынталандыру
Мақсат: отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
№ р\н
Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы
Өлшем бірлігі
Ақпарат көзі
Жауапты орындаушылар
2013 жылдың фактісі
2014 жылдың фактісі
2017 жылдың жоспары
года
Орындалуы туралы ақпарат
1.
Отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі
%
ИДМ
ИДМ
66,9
77,3
эфирлік уақыттың 53 %-ы
Айтылмыш көрсеткіш 77,3% құрады, бұл 2013 жылдан бастап мемлекеттік телеарналар эфирдегі шетелдік өнімдерді кезеңдік қысқартуға кірісті.
Одан басқа, өзімізде шығатын сериалдарды көрсету ұлғайтылды, 2011 жылы шығарылған сериалдар 2 болған болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша сериалдардың саны 13-ке жетті.
2.
Прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны
%
МСМ
МСМ
5
5,2
8
3.
Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы
соотношение
ҰЭМ СК
ИДМ
0,48:1
-
0,7:1
2015 жылға арналған Статистикалық жұмыстың жоспарына сәйкес осы индикатор бойынша 2014 жылдың деректері 2015 жылдың 15 мамырында ұсынылады.
4.
«.kz» және «.қаз» домендеріндегі Интернет-ресурстар санының
%
ИДМ
ИДМ
20,7% – «kz.»
82%-«қаз»
46% –
«kz.»
64%-«қаз» 2012 жылмен салыстырғанда
на 35%
2013 жылы "kz" доменінде 100531 қор болды, ал "қаз" - доменінде - 1601 қор, 2014 жылы сол сан 121 958 тең болды және 1450 сайт болды. Ауытқудың себебі: "каз" доменіндегі домен атауларын қайтару.
5.
қоса қаржыландыру шартының негізінде жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнімнің өндіріс көлемі
жоба
ИДМ
ИДМ
11
10
кемінде 10 жоба
2 сериал және 8 деректі фильм: "Құдалар", "Қалалық аңыз", Құқықтың үстемдігі - елдің дамуының стратегиялық факторы, Тәуелсіз елдің тұлғалары, "Әбілқайыр Хан", "Ұшу шабыты", "Қазақстандық тың", "Эксклюзив", Ұлы отан соғысының жеңісіне 70-жыл толуына арнлаған, сыртқы тыңшылық қызметтің қазақстандық негізін салушы полковник А.А. Байғаринды еске алу туралы
6.
Қазақстандық сайттарға орташа кіруді
%
ИДМ
ИДМ
44,9%
2012 жылмен салыстырғанда 101% көбейді
на 40%
Әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша есепке орталық мемлекеттік органдардың ресми қорлары таңдалды.
2014 жылға арналған есептің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың Интернет-қорларына кіруінің орташа саны 1,39 есеге көбейді, яғни 2013 жылғы 1549 кіруден 2014 жылғы 2158 кіруге дейін.
7.
Қазақстандық блог саласының көлемі
ИДМ
ИДМ
1 дербес интернет-блогы 135 интернет-пайдаланушылары
на 1 дербес интернет-блогы 115 интернет-пайдаланушылары
100 Интернет пайдаланушыға шаққанда 1 дербес интернет-блог
Дербес блогтардың статистикалық тіркелуі және Қазақстанның yvision танымал блог-платформасының бірегей қолданушылары бойынша есеп жүргізілді. 2014 жылдағы жағдай бойынша дербес блогтардың саны - 93 250, бірегей қолданушылардың саны - 10 723 750.
8.
Отандық телесериал түсіру
кол-во
ИДМ
ИДМ
23
14
жылына кемінде 10 отандық телесериал түсіру
"Қазақстан" РТРК " АҚ 253 топтамадан 9 сериал өндірді, "Хабар" агенттігі" АҚ 131 топтамадан 5 сериал өндірді.
9.
Мемлекеттік телеарналардың контент өндірісін аутсорсингке беруі
%
ИДМ
ИДМ
31,4
56,96
50 % контент
Деректер "РТРК "Қазақстан" АҚ (42%) және "Хабар" агенттігі" АҚ (71,9%) мемлекеттік телеарналармен ұсынылды. Орташа құны 56,95%.
№ р/н
Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындау мерзімдері
Қаржыландыру (мың теңге)
ББ коды
Жоспар, мың теңге
Факт, мың теңге
тенге
Орындалуы туралы ақпарат
245.
Интернеттің әлеуметтік-саяси ықпалын талдау бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу
есеп
ИДМ
2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан
2013 жыл- 92 712
2014 жыл- 90 416
2015 жыл- 67 395
2016 жыл- 67 395
2017 жыл- 67 395
001
90 416
80 728,6
Орындауда (жыл сайын 2017 жылға дейін).
Интернеттің әлеуметтік, саяси әсеріне талдау жасау бойынша талдамалы зерттеу жүргізу шегінде социологилық зерттеулер жүргізілді және жалпы сомасы 80 728 571 болатын «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Философия, политология және дінитаным институты» РМҚК-мен келесі тақырыптар бойынша 12 шарт жасалды:
- 2014 жылдың 7 айындағы «Қазақстан -2050» стратегиясының негізгі бағыттары бойынша азаматтардың ақпараттандырылғандығының деңгейі;
- Қазақстандағы ағымдағы діни жағдайларына талдау жасау және үрдістерді анықтау;
- 2-ші жарты жылдықтағы «Қазақстан -2050» стратегиясының негізгі бағыттары бойынша азаматтардың ақпараттандырылғандығының деңгейі;
- Орыс тілді халық және орыс этносы өкілдерінің мемлекеттің этникааралық қабылдауына талдау жасау;
- Мемлекеттің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық саясатына азаматтардың қанағаттану деңгейі;
- Қазақ ішіндегі бірлік мәселелеріне талдау жасау. Сыну жолдарын анықтау және талдау (трайбализм, аймақтану, тұқымдану, тамырлану және т.б.);
- Интергациялық мәселелерге азаматтардың пікірі;
- Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша негізгі процестер туралы азаматтардың ақпараттандырылу деңгейі;
- Актуалды сұрақтар бойынша ұлттық интеллигенцияның көзқарасының талдау;
- Оның күнделікті өміріне қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарының әсер ету деңгейі;
- Егемендік жылдарындағы Қазақстанның негізгі жетістіктері туралы азаматтарды ақпараттандырылуының деңгейі;
- Азаматтардың Елбасы және Үкімет қызметі мен бастамаларын қабылдауының деңгейі;
Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезіндегі ақпараттық жұмыстарды жоспарлау кезінде қолданылады.
246.
Ақпараттық қауіпсіздік нормаларының сақталуын ескере отырып, мемлекеттік телевизиялық студияларды жеке контент өндірушілерге жалға беру
есеп
ИДМ, «Қазмедиа орталығы» ЖШС, «Қазақстан» РТРК» АҚ (келісім бойынша), «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша)
жыл сайын 4-тоқсан
Қаржыландыру талап етілмейді
Орындауда (жыл сайын).
"УК "Қазмедиаорталығы" ЖШС ақпараттық қауіпсіздік нормаларын қадағалауды ескере отырып контенттік жеке өкілдеріне мемлекеттік телевизиялық студияларды жалға беру жұмыстарын жүзеге асырады. Мысалыға, жеке сектормен ынтымақтастықты дамыту шегінде толық техникалық қамсыздандыру және техникалық қызметкерлермен қамсыздандыру арқылы телевизиялық жобалардың түсірілімін қамтамасыз ету мақсатында «Сәтжан» ЖК аутсорсингтік компаниясымен 2 ауысым-16 cағат болатын, «Skystudio» циклды тележобасын жасау бойынша ("Астана" ТА телеарнасына арналған тележобаны жасау)АСБ- 8 жалға беруге шарт жасалды, сонымен қатар, осы шарт 2015 жылдың 19 ауысымына дейін ұзартылды.
Сондай-ақ "Showmediaproduction" ЖШС компаниясы 7 ауысым болатын 55 сағат көлемінде монтаждау аппаратын қолдануда.
247.
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде отандық ақпараттық контентті дамыту үшін салықтық және басқа да жеңілдіктер бөлігінде
Бұл тармақты жүзеге асыру шеңберінде БАҚ және ақпараттық қауіпсіздік саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнама жобаларына бастамшылық етті
Ілеспелі заң жобасымен, жарнамасы қосымша құны салығынан баспалық материалдың 2/3 астам көлемді құрайтын баспалық басылымдардан басқа, отандық баспалық басылымдарды, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдардың өнімдерін және өз шығарып таратқан теле- радиобағдарламаларды, сондай-ақ жарнамалық қызметтерді (сату үшін жасалған көркем киноөнімдер, бейнеклиптер және жарнамалық роликтерден басқа) үстеме қосымша құынының салығынан нөлдік ставка бойынша салық салудан босату бойынша Салық кодексінің 238 бабына түзету енгізу ұсынылған.
Бұнымен бірге, Үкіметтің аталған заңнамаларға тұжырым жасау жобасын Министрліктің дайындау барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Қаржы министрлігі бұл түзетулерді енгізуге қарсылық білдірді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 238 бабымен салық салынатын айналымның мөлшерін белгілеу регламенттелген, бұл ретте Салық кодекстің 248 бабымен, оларды сату бойынша айналымы үстеме қосымша құнына салықтан босатылатын (бұдан әрі- ҚҚС). тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізбесі белгіленген. Бұнымен бірге, ҚҚС жанама салық бола тұра, құнын қосу әр кезеңінде есептеледі, соңында түпкі тұтынушымен төленеді.
Бұл ретте, түпкі тұтынушы төлеген ҚҚС сомасы құнын қосу әр кезеңінде есептелген ҚҚС-тың жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс. Ол дегеніміз бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-тың, тауар (жұмыс, қызмет) түрінде түпкі өнімге және аталмыш өнімді жасау процессінде тұтынылған тауарға (жұмыс, қызмет) салық арасындағы айырым ретінде белгіленуі тиіс.
Түпкі тұтынуға салық салу концепциясы ҚҚС-ты өнім шығару-сату тізбесіндегі буынына қосу арқылы жүзеге асырылады. (кіріс ҚҚС-ты есепке алу каскадтық салдарын болдырмауға мүмкіндік береді).
Ұсынылған норма екі жағымсыз салдарға әкеледі:
Біріншіден, БАҚ ұйымдарындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚС сомасына қосу мүмкіндігі жоғалады, ол өз құнынының өсуіне әкеледі, ал оның салдарынан баспалық басылымдардың саны және сатып алынатын БАҚ өнімдері қысқарады
Екіншіден, ҚҚС-тан босатылған өнімді сатып алатын контрагент ҚҚС сомасын есепке ала алмайды, сондықтан ҚҚС әдістемесінде қарастырылған контрагенттің салық міндеттемелерінің жеңілдеуі болмайды, солай ол контрагенттің салық төлеу бойынша ауыртпалығы ауырлай түседі. Бұдан әрі, өз өнімін сату кезінде ҚҚС «айналымнан түскен салыққа» айналдырылады, ол каскадтық салдарға, және инфляция өсуіне әкеліп соғады.
249.
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің айналасында өндірістік инфақұрылымды дамыту, оның ішінде мультимедиалық өнімді әзірлеу орталығын құру мәселесін пысықтау
есеп
ИДМ, «Қазмедиа орталығы» ЖШС (келісім бойынша)
2013 – 2016 жылғы 4-тоқсан
«Қазмедиа орталығы» ЖШС-ның меншікті қаражаты есебінен
Орындауда (жыл сайын 2016 жылға дейін).
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені (бұдан әрі – медиа орталық) айналасында өндірістік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде оркестрлерді арналық жазу (әртүрлі музыкалық аспаптар үшін) мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында Үлкен студияның архитектуралық-жоспарлық шешімін өзгерту жобасы жасалынуда. Бұл үшін итальяндық «BioByte» компаниясынан («Астана опера» Опера және балет театрының үлкен акустикалық студиясын қамтамасыз етті) баға ұсыныстары алынды. Бүгінгі күні, баға ұсыныстар 2015 жылдың бюджетіне енгізу мәселесі қаралуда. Медиа орталық ақылы түрде Астана қаласының №63 ОМ Оқушылар хорының әндерін орындау жазбасын, «Қазақстан» РТКР» АҚ Өтінімі бойынша симфониялық оркестрдің, сонымен қатар «АДА» РА» ЖШС тапсырысы бойынша 2 шығарма жазылды.
Ынтымақтастықты (инфрақұрылымды) дамыту шеңберінде толық техникалық қамтамасыз етумен және техникалық қызметкерлермен телевизиялық жобалардың түсірілімін қамтамасыздандыру мақсатында жеке сектормен «Сәтжан» ЖК аутсорсинг компаниясымен («Астана» ТК телеарнасы үшін тележобаның өндірісі), «Skystudio» циклдік тележобасының өндірісі бойынша АСБ-8 жалға беру жөнінде шарт жасалды, 2014 жылдың соңына дейін 6 ауысым, сонымен бірге аталған жалға алу келісім шарты ұзартылды, 2015 жылдың маусым айына дейін 19 ауысымға. Сонымен қатар 2014 жылғы 17 қазанда медиа орталықта «А1» ЖШС және «PrimeTime» ЖШС 2 (екі) компанияларының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. «А1» компаниясына ұзақ мерзімді өзара табысты серіктестік туралы коммерциялық ұсыныс пен шарттың жобасы жіберілді. «PrimeTime» ЖШС қарастыруға баға ұсынысы жіберілді. Сонымен де серіктестік туралы меморандум жасау үшін медиа орталықтан 30 телеарнаға және продюссерлік орталықтарға коммерциялық ұсыныстар жіберілді. Нәтижесінде Қазақстан РТРК» АҚ; «Z Industries» ЖШС; «Южная столица ТК» ЖШС; «ЭРА ТВ ТК» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Киноконцерттік кешенді тиімді пайдалану мақсатында медиа орталықта пресс-конференциялар мен бейнеконференциялар, жедел жиналыстар мен презентациялар (ілеспе аударма мүмкіндігімен), концерттік бағдарламалар, көріністік шаралар мен спектакльдер, сондай-ақ өзіндік техникалық баға негізінде кино және бейне көрсетілім өткізілді, соның ішінде:
-АҚШ елшілігімен бірге «американдық киноның аптасы» өткізілді;
-Жапон елінің елшілігімен бірге «Жапон киносының аптасы» өткізілді;
-бұрынғы бағытталған коммерциялық ұсыныстар бойынша: 2015 жылы Қазақ Драма театрымен телеспектакльдердің түсірілімі бойынша келіссөздер жүргізілді;
-«Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы істері бойынша ҚРАгенттігі» шарасы өткізілді;
-«Fortune 888» ЖШС-мен «Жаңа жыл шыршаларын» 10 (он) ауысымда ақылы негізде өткізуге шарт жасалды;
Бұдан басқа «MetropolitanBusinessSchool» ЖШС семинарлары өтетін 11 қабаттағы медиа-мектептің жайлары белсенді пайдаланылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін ақылы негізде 9 ауысымға тренингтер мен семинарлар өткізу үшін, 11 қабаттың қосымша жайларын жалға беру бойынша шарт жасауға өтінім алынды. Сонымен де «Медиа мектепте» ағылшын және қазақ тілдерінің курстары, тренингтер мен семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады.
Медиа орталықтың баспасөз орталығын (5-қабат) ҚР Орталық коммуникациялар қызметі белсенді пайдаланады – күніне 3 брифингтен, қазіргі уақытта жүктемесі жоғары. Шараларды өткізу бойынша өтініш түскен кезде ҚР Орталық коммуникациялар қызметімен келісіледі.
Медиа орталықтың қызметкерлері мен қонақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, сән салоны жайында сумен қамту, кәріз жүйелері бойынша жұмыстар аяқталды, 2 (екі) төлем терминалы орнатылды. Ақылы негізде Каблан ЖК сән салонына жайды жалға беру бойынша шарт жасалды, ҚМО ғимаратында 2015 жылдың қантар айында Республикалық диагностика орталығының медбекетті ашу жоспарлануда. Кофейнияның (фаст фуд) орынжайларын жөндеу жұмыстары аяқталды. 2015 жылдың қаңтар айында ашылуы жоспарлануда.
Медиа орталық 2015 жылы декорациялық-қойылымдық кешеннің незінде жасалатын декорациялық цех жасауды жоспарлауда, қазіргі заманға сай декорациялардың өндірісі ретке келтіріледі, соның ішінде өзгертілетін, сахналық жиһаз, полиграфия өнімі және баннерлер. Қызметкерлердің осы жабдықтағы оқытылуы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімде серіктестер ұсынатын декорациялар мен интерьерді келісу бойынша мәселелерді шеше алатын және нақты техникалық шешімдерді жасай алатын арнайы құрылымдық-технологиялық бюросы жасалады. Жаңа қызметтерді енгізу мақсатында медиа орталық прайс-парақшаны 114 қызметке дейін кеңейтті.
250.
Отандық сериалдарды, деректі драмаларды, ток-шоу, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламаларын, соның ішінде ортақ қаржыландыру немесе мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке меншік телеарналар және продакшн студиялармен бірлесіп өндіру
есеп
ИДМ, «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК» АҚ (келісім бойынша)
2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан
031 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шегінде
Орындауда (жыл сайын 2017 жылға дейін).
Қазіргі кезде «Хабар» агенттігі» АҚ телеарналары арасында ортақ қаржыландыру арқылы бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі даму үстінде. «Хабар» телеарналары осындай тәсілмен 2014 жылы келесі бағдарламалар әзірленді: «Перекресток в Астане» (78 серия), «Кеңесшілер» (15 серия), «Махаббатым жүрегімде» (12 серия), «Паленшеевтер» (16 серия), «Сүрбойдақ» (10 серия) сериалдарын өндіру және трансляциялау аяқталды.
2013 жылғы сәуір айынын бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» телеарнаның эфирінде шетелдік өндірісті кезеңмен қысқартуды қолға алды. Осылайша, бүгінгі күні шетелдік сериал өнімін өндіру off-praim-де (күндізгі уақытта, түн ортасынан кейін түнгі уақытта қайталаумен) орналастырылған Үндістан өндірісінің сериалы ұсынылған. Бұл жалпы хабар таратудың шамамен 6% құрайды.
«Қазақстан» телеарнасы өз өндірісінің контентіне өту және оның сапасын жоғарылату шеңберінде табысты сериалдық желілер өндірісін жалғастыру бойынша шешім қабылдады. Бұл ретте, 2014 жылдың екінші жартыжылдығында «Қара шаңырақ» (100) сериалының көрсетілімі басталды. Сондай-ақ, көрермендер «Көк тарландары», «Достар», «Жедел жәрдем» рейтингтік сериалдардың жалғасын көретін болады. Сондай-ақ, 2014 жылы «Қазына» (Клад) көркем сериалы (16 серия) және «Елдің ерлігі» («Ничто не забыто») (7 серия) деректі сериалы өз жалғасын тапты. 2014 жылдың қаңтар-қараша айына дейін жеке продакшн-студиялармен бірлесе отырып, 18 телебағдарлама өндірілді. Олардың ішінде: 2–ток-шоу, 16–ақпараттық және ойын-сауықтыру бағдарламалары.