Орындауда (жыл сайын 2017 жылға дейін).
Осы тармақты орындау мақсатында «Қазконтент» АҚ «Bnews.kz», «Baq.kz», «Strategy2050» ақпараттық порталдарында, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын ақпараттық агенттіктердің интернет-ресурстарында материалдарды жинау және жариялау жұмысын жүргізеді. Соның ішінде бүгінгі таңда сайттарында сәйкесінше ҚР Премьер-министрінің және орталық мемлекеттік органдар қызметі жөнінде 8200 материал және «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауын жүзеге асыру туралы 25000 материалды жариялап отырған «Қазконтент» АҚ «Primeminister.kz» және «Strategy2050» жобаларын атап өткен жөн.
BNews.kz ақпараттық агенттігінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін, Елбасының қатысуымен өтетін ауқымды іс-шаралардың өтуін онлайн хабар тарату тәжірибесі енгізілген. BNews.kz алаңында жүйелі түрде мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдерімен онлайн-клнференциялар өтіп тұрады.
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін BNews.kz порталында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 60 мыңнан астам жаңалықтар өңделіп жарияланды. Оның ішінде 33 мың. мемлекеттік органдардан келіп түскен жаңалықтар.
Сондай-ақ, 2014 жылдың ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын «Қазконтент» АҚ интернет-ресурстарда орталық мемлекеттік органдардың пресс-релиздары негізінде 500 астам материалдар жарияланған.
Baq.kz порталында 2014 жылдың басынан бастап тек қазақ тілінде
38 300 ақпараттық және аналитикалық материалдар жарияланған. 50 қазақтілді аймақтық БАҚ-тың интернет-парақшалары әзірленіп күнделікті контенттік толықтыру жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар портал «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі он бағытын түсіндіру жұмысын жүргізеді:
-ұлттың рухани өмірі жайлы: дін, дәстүрлер мен салттар туралы;
-отандық өнеркәсіпті қолдау мақсатында қазақстандық өнім туралы;
-қазақстандық өскелең ұрпақтың дарындары туралы;
-қоршаған ортаны қорғау және сақтау, энергияны үнемдеу, қалдығы аз өндіріс және осы сферадағы ғылыми жаңалықтар туралы;
-Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігі туралы;
-ұлттық мұрағаттар мен мұражайларда сақталынған тарихи деректер, экспонаттар туралы;
-ана мен баланы қорғау туралы;
-шет елдерде тұратын қазақ диаспоралары туралы;
-белгілі қазақстандық тарихи тұлғалар туралы;
-Үкімет пен әкімшіліктердің ақпараттық ресурстары және блогплатформаларымен байланысты материалдар.
Сонымен қатар, «Талдау және ақпарат орталығы» РМК-сы осы тармақты жүзеге асыру шеңберінде 100 астам материал төмендегі мәселелер бойынша әзірленді:
•республикалық телеарналардың апта ішіндегі жаңалықтар топтамаларын талдау (4 материал);
•«Қазақстан» телеарнасының контентіне талдау;
•«Мир» телеарнасының контентіне талдау;
•«Хабар» телеарнасының контентіне талдау және т.б.
|