1. СӘУЛЕТТІК ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
|
Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру
|
Мақсат: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін сәулеттік тәсілді енгізу
|
№ р\н
|
Нәтижелер көрсеткіші/ нысаналы индикатор атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Ақпарат көзі
|
Жауапты орындаушылар
|
2013 жылдың фактісі
|
2014 жылдың фактісі *
|
2017 жылдың жоспары
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
1.
|
Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан
|
орын
|
Дүниежүзілік Банктің есебі
|
ҰЭМ
|
50
|
77
|
38
|
Бизнес жүргізудің жеңілдік рейтингісінің жиынтығы 10 көрсеткішпен негізделген және 189 мемлекетті қамтыған.
Қазақстан «Меншікті тіркеу» (18-ші орын), «Халықаралық сауда» (186-шы орын), «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (35-ші орын) және «Өтеу қабілетсіздігін шешу» (82-ші орын) белгілері бойынша көтерілді. Басқа белгілер бойынша Қазақстан төмен көрсеткіште қалды: «Кәсіпорындарды тіркеу» (53-ші орын), «Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу» (152-ші орын), «Электр желілеріне жалғау» (92-ші орын), «Несиелер алу» (67-ші орын), «Миноритарлық инвесторларды қорғау» (21-ші орын) және «Салық салу» (16-шы орын).
|
2.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты
|
жұмыс күн
|
ИДМ
|
ОМО, ЖАО
|
35
|
26
|
5 жұмыс күнінен аспайды
|
|
3.
|
Мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын автоматтандыру
|
%
|
ИДМ
|
ИДМ
|
97
|
99,17
|
80
|
|
№ р/н
|
Нәтижелер көрсеткіші/ нысаналы индикатор атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімдері
|
Қаржыландыру (мың теңге)
|
ББ коды
|
Жоспар, мың теңге
|
Факт, мың теңге
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
5.
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін бекіту
|
НҚА
|
Мүдделі МО, ҰКП (келісім бойынша)
|
жыл сайын 4-тоқсан
|
қаржыландыру талап етілмейді
|
|
|
|
Орындауда (жыл сайын).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 709 мемлекеттік қызметтер көзделген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 45 қаулысына сәйкес осы тізім жаңа редакцияда бекітілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметтер стандарттары мемлекеттік қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызметтерді енгізген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі, мемлекеттік қызметтер регламенттері тиісті мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілгеннен кейін, күнтізбелік отыз күн ішінде әзірленеді және бекітіледі. Мемлекеттік қызметтер стандарттары және регламенттері жаңа редакцисында мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2015 жылдың сәуір айынан кешіктермей қабылдайды. |
6.
|
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері мен мерзімдерін қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту
|
МО ИДМ-мен бірлесіп бекіткен іс-шаралар жоспарлары
|
МО, ҰКП (келісім бойынша)
|
жыл сайын 4-тоқсан
|
Қаржыландыру талап етілмейді
|
|
|
|
Орындауда(жыл сайын).
2014 жылында Бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, халыққа қызметтерді көрсету кезіндегі сұралатын құжаттардын санын қысқарту, бірлескен Жоспарлар шеңберінде, 11 министрліктермен, ҰБ, ҰҚК және ИДМ 5 комитеттермен 140 бірлескен іс-шаралар жоспарлары бекітілген. Жоспарлар жүзеге асырылды
|
12.
|
Ведомствоаралық АЖ және байланыс қызметтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
орындалған жұмыстар актілері
|
ИДМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша), «Kazsatnet» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МО, ЖАО
|
жыл сайын 4-тоқсан
|
2013 жыл - 7 607 859
2014 жыл - 8 506 246
2015 жыл - 10 062 013
2016 жыл - 12 976 241
2017 жыл - 13 702 633
|
024
|
8501151
|
8501092,7
|
Орындауда (жыл сайын).
2014 жылдың Республикалық бюджеттің шеңберінде «АЖ ведомствоаралық жұмыс жасауды қамтамасыз ету» 015 бағдарлама бойынша келесі ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды жүйелік-техникалық қызмет ету, сүймелдеу және әкімшілендіруге 7 733 373 мың.теңге сомасында шығындар қолданды, РБК қорытындысы бойынша 8 506 246 мың.теңгеге өсті: ЭҚАБЖ, МОИП, Үкіметтің және МО веб-саты, ЭҮСШ, ЭҮП, ҚР ҮКО; ҚР КО; ҚР ТКО, ҚР ДТС, МО бірінші басшылардың блог-тұғырнамасы, «Мекенжай тіркелімі» МДҚ, «Электрондық Үкіметтің» шлюзы және өңірлік шлюзі, ҚР электрондық картасы, «Е-лицезияландыру» МДҚ, Е-үкіметтің ақпараттық қауіпсіздігін мониторингі және қолдау орталығы, Қашықтықтан оқыту орталығы, Өңірлік шлюзі, ХҚК ЫАЖ, Мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар Серверлік орталықта орналасқан серверлік құрал-жабдықтардың Collocation бойынша қызметтер.
2014 жылы 11 ай бойы өткізілген іс-шаралардың негізгі көрсеткіштері:
барлық ОМО және олардың ведомстволық комитеттерінде ЭҚАБЖ сүйемелдеу жүргізілді;
666 АМО-да ЭҚАБЖ енгізу және 559 АМО-да сүйемелдеу жөнінде жұмыстар жүргізілді;
ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың үлесі ОМО– 99,16 %, АМО – 99 % құрады;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері үшін 39 617 астам МО КО тіркеу куәлігі шығарылды.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында 375 ХҚКО-да ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін (ЭЦҚ) шығарылуы жүзеге асырылады, шығарылған тіркеу куәліктерінің жалпы саны – 2 434 263, олардың ішінде 1 199 488 ЭЦҚ электрондық жеке куәліктеріне шығарылған.
МОИП және БЭПЖ қызметтері мемлекеттік органдардың 72 200 қолданушыларына көрсетілді;
бірыңғай байланыс-орталығы тарапынан 3,5 млн. кеңестер берілді;
ЭҮП, ЭПШ арқылы 49 млн. электронды қызметтер ұсынылды;
ЭҮП тіркелген пайдаланушылар саны 3 млн. жетті.
ЭҮП 6 интернет-конференция өткізілді;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген транзакцияларр соммасы 3 млрд. теңгеге жетті;
ЕЛ МДҚ АЖ арқылы электронды лицензияның 81, электронды рұқсат құжаттарының 434 түрі бойынша қызметтер ұсынылады, 2014 жылы 48,9 мың электронды лицензия және 526 мың электронды рұқсат құжаты рәсімделді;
ХҚКО ЫАЖ арқылы ХҚКО-ның 160 мемлекеттік қызметтері ұсынылады, мониторингтеу жүйесіне 503 мемлекеттік қызмет қосылған.
Тапсырманы орындау мақсатында енгізіледі.
|
Мемлекеттік органдардың ашықтығы
|
Мақсат: азаматтардың, бизнестің және қоғамның ақпаратқа құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігі
|
№ р\н
|
Нәтижелер көрсеткіші/ нысаналы индикатор атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Ақпарат көзі
|
Жауапты орындаушылар
|
2013 жылдың фактісі
|
2014 жылдың фактісі
|
2017 жылдың жоспары
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
1.
|
Қазақстан Республикасының
е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша)
|
орын
|
ИДМ
|
ИДМ
|
22
|
22
|
алдыңғы 5 елдің қатарында болуға тиіс
|
Берілген индекс 193 елдің ішінде электронды үкіметтің дамуын бағалау бойынша БҰҰ шолуы шегінде екі жылда бір рет (2013-2014 жж.) есептеледі. Қазақстанның «е-қатысу» индексі бойынша көрсеткіштерінің төмендеу факторы бағалау әдісінің өзгеруі болды.
Мысалыға, 2012 жылы бағалау кезінде «үлгіге айналдырылған жарыс рейтингі» қолданылды және салыстыру мүмкіндігі үшін барлық рейтингілер «стандартты жарыс рейтингісіне» бейімдетілді, ал 2014 жылы елдердің электрондық қатысу рейтингісі «мөлшерленген жарыс рейтингісі» ретінде құрылды.
Осындай рейтингте электронды қатысу индексінің бірдей мағынасы бар елдер рейтингтің бір ғана жолын толықтырып тұрады да, одан кейінгі рейтинг жолы бос қалып қояды. Рейтингті құрудың осы стратегиясы егер екі немесе одан көп ел рейтингтің бір айқындамасын толтырып турған болса төмен тұрған елдің айқындамасына ешқандай әсері болмайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті осы индексте Қазақстанның рейтингісін көтеру бойынша іс-шаралар жүргізіп отырады, атап айтсақ, ашық үкіметті және ашық деректерді дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
|
2.
|
«Ашық деректердің» сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны
|
саны
|
ИДМ
|
ИДМ
|
-
|
2
|
кемінде 3
|
Әлеуметтік қамсыздандыру, жылжымайтын мүлік, қаржылар, мәдениет, көлік және коммуникациялар және көптеген сырт басы ашық деректердің порталында өмір сүр- деректердің 700 аса көрінісі санаттарға отбасы, денсаулық сақтау, білім.
2014 жылы өткізулер-өткізу конкурс ұтқыр аддендумнің студенттердің-әзірлеушілерінің арасында және игерушілік порталдың ашық деректері болды. Қорытындылар конкурстың әзірлеуі - екі ұтқыр аддендум болды.
Осы уақытты жұмыстың жаса популяризация және айтылмыш аддендумнің өрлеуіне жоспарланады.
|
№ п/п
|
Нәтижелер көрсеткіші/ нысаналы индикатор атауы,
іс-шаралар
|
Аяқтау нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзімдері
|
Қаржыландыру (мың теңге)
|
ББ коды
|
Жоспар, мың теңге
|
Факт, мың теңге
тенге
|
Орындалуы туралы ақпарат
|
15.
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын тұрақты қоғамдық БҒ Мониторингтеу процесіне азаматтарды, үкіметтік емес және өзге де мемлекеттік ұйымдарды кеңінен тарту
|
ИДМ-ге есеп
|
МҚІСҚА, ИДМ, мүдделі МО
|
жыл сайын 4-тоқсан
|
Қаржыландыру талап етілмейді
|
|
|
|
Орындауда (жыл сайын).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес МҚІСҚА мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады.
Жасасқан шартқа сәйкес «Сандж» зерттеулер орталығымен Қазақстан Республикасының барлық
16 аймақтары – облыс орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар (шағын қалалар) және аудан орталықтары (ауылдар) бойынша 33 мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг өткізілген және 8923 респондентпен сұхбат жүргізілген.
Заңның 29-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің нәтижелері ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдау үшін мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жолданды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің деректері 2014 жылы бойынша «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау кезінде ескерілетін болады.
Министрлікпен жыл сайын ХҚКО қызметтерін көрсетудің сапасына зерттеу жүргізу мақсатында халықтын қанағат денгейін әлеуметтік зерттеу және сұрастыру жүргізеді. 2014 жылда жүргізілген зерттеу қортындысына сәйкес қанағат денгейі 82,7% құрады (2013 ж. – 82 %, 2012 ж. - 81%, 2011 ж. - 76 %).
|
16.
|
Азаматтың бірыңғай жеке кабинетін құру және енгізу
|
орындалған жұмыстар актісі
|
ИДМ
|
2014 жылғы 4-тоқсан
|
ЭҮП\ЭҮШ дамыту шеңберінде
|
028
|
|
|
Орындалды.
2014 жылдың 4 тоқсанында жеке кабинет құралып және қызмет етеді.
16 т. азаматтың Ортақ жеке кабинетін құру және енгізудің жету жолдары, заңды және жеке тұлғаларына мемлекеттік органдармен және мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша ресми ақпараттық өзара әрекеттесуіне арналған, дербес мәліметтерді қолдану, сонымен қатар азаматтардын мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу ортақ жері болады.
|
21.
|
«Қазақстан Республикасының электрондық Парламентін қалыптастыру» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру
|
ТЭН, орындалған жұмыстар актісі, пайдалануға беру актісі
|
ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша), ИДМ
|
2014 жылғы 4-тоқсан, 2015 – 2016 жылғы 4-тоқсан, 2017 жылғы 4-тоқсан
|
2014 жыл - 23 000
2015 жыл - 304 553*
2016 жыл - 304 553*
2017 жыл- 281 553*
|
007
|
23 000
|
0
|
Орындауда(жыл сайын 2017 жылға дейін).
2014 жылы жоспарлау, техника-экономикалық қисынның зерттемесі "жаралған біртұтас ақпараттық жүйе "Қазақстан Республикасы Парламентінің электрондық құралымы" деген жоба болды.
Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 2014 жылдың 23 000 мың теңге көзделген. Ақырында, 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасымен және "Info-ServiceInt" ЖШС шарт жасалды.
ТЭО жеткізушілер мен уәкіл органмен келісім жүргізілмеді, 23 000 мың теңге сома республикалық бюджетке қайтарылды.
|
23.
|
Электрондық сервистер ұсыну мүмкіндігі бар Сот органдарының интернет-қорларын жаңғырту
|
орындалған жұмыстар актісі
|
ЖС
(келісім бойынша)
|
2014 – 2015 жылғы 4-тоқсан
|
2014 жыл - 32 862
|
001.104
|
32 862,1
|
32 862,1
|
Орындауда (жыл сайын 2015 жылға дейін).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты деректеріне сүйенсек, бірыңғай платформасы және орталықтандырылған басқармасы бар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың интернет-қорын модернизациялау жүргізілді. «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті», «Сот шақыру қағазы» электронды сервистері жүзеге асырылды. Осы сервистер арқылы азаматтар онлайн тәртіпте сот актілерімен жедел түрде танысуға және электронды шақыру қағазын қарап, басып алуға мүмкіндік беретін, талап арыз, апеляциялық шағым, шағым арызды және электронды түрдегі қадағалау өндірісін қозғау туралы қолдаухатын қарай алады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-қорына кірушілер саны бірнеше есеге өскен және қазіргі кезде тәулігіне 40 мың рет қаралатыны тіркеліп отыр. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-қоры мемлекеттік органдардың ресми рейтингісінде бірінші орынды иемденіп отыр.
|
24.
|
Сот отырысы залдарында аудио-, бейне тіркеудің жаңғыртылған жүйесін енгізу
|
орындалған жұмыстар актісі
|
ЖС
|
2014 – 2015 жылғы 4-тоқсан
|
2014 жыл - 521 650
2015 жыл - 348 501
|
009
|
358 392
|
358 392
|
Орындауда (жыл сайын 2015 жылға дейін).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының деректерi бойынша, 2014 жылдың соңында Қазақстан Республикасының барлық аудандық, облыстық және теңестiрiлген соттарына отырыстарының Аудио-бейне тиянақтауының (бұдан әрi - АБТ) жүйесінің 550 дана аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілді және орнатылды, сондай-ақ 2014 жылы алынған жабдықтаумен осы бағдарламалық қамтамасыз етумен сот отырыстарының 176 залы модернизацияланды. АБТ жүйесінде «Сот кабинеті» сервисі бар «сот органдарының «Автоматтандырылған ақпараттық-талдаудың бірыңғай жүйесі» біріктірілген, сондай-ақ Сот құжаттарының электронды мұрағатымен біріктірілген» деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі бар.
|
25.
|
Интернет желісі арқылы халықтың ашық медициналық дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз ету
|
ИДМ-ге ақпарат
|
ДСӘДМ, ИДМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)
|
жыл сайын 4-тоқсан
|
2013 жыл - 252 116
2014 жыл- 130 452
2015 жыл - 190 588
2016 жыл - 197 351
2017 жыл - 202 578
|
001.104
|
130 452
|
83129,3
|
Орындауда (жыл сайын 2017 жылға дейін).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша интернет желілері арқылы халықтың ашық медициналық базалар деректеріне «Ауруханаға жатқызу бюросының порталы» және «Бекітілген халықтың тіркелімі» порталы арқылы кіруі жүзеге асырылады.
«Ауруханаға жатқызу бюросының порталы» Қазақстан Республикасы аумағындағы жоспарлы ауруларды ауруханаға жатқызу процестерінің қатысушыларына арналған, стационардағы бос төсектер; жоспарлы аурухана жатқызуының күту парағында тұрғандар; стационарға жатқызылған емделуші немесе ауруханаға жатуға қабылдамау тіркеліміне арналған.
«Ауруханаға жатқызу бюросының» порталын құрудың мақсаты өаржыландыру көзіне байланыссыз емделушіні жоспарлы ауруханаға жатқызу жіберу, емделушіні жоспарлы және жедел ауруханаға жатқызу, ауруханаға жатқызуға қабылдамау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы «Ауруханаға жатқызу бюросының» порталының сөре парақшасына bg.eisz.kz. адресі бойынша кіре алады. «Ауруханаға жатқызу бюросының» порталындағы ақпаратты жасырын қарауын ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының халқына стационардағы бос орындар және жоспарлы ауруханаға жатқызудың күту парағын қарау мүмкінді жасалған.
«Бекітілген халықтың тіркелімі» порталы (бұдан әрі - БХТ) дегеніміз, - бекітілген халық туралы мәліметпен бірінші медициналық көмек көрсететін ұйымдарды қамтамасыз ету есебінен денсаулық сақтаудың бірінші деңгейінде халыққа емдеу-профилактикалық көмек көрсету сапасын жоғарылатуға арналған ақпараттық жүйе.
БХТ порталын негізгі қолданушылары медициналық ұйымдардың, Денсаулық сақтау басқармаларының, Электрондың денсаулық сақтаудың Республикалық орталығының, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары.
Ағымдағы уақытта БХТ порталы бірінші медико-санитарлық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының барлық денсаулық сақтау ұйымдарын, сонымен қатар ГОБМП шегінде мемлекеттік сұранымы бар жеке клиникаларды, бекітуді жетекшілік ететін және сұранымдар мониторингін жүзеге асыратын денсаулық сақтаудың облыстық басқармаларын қамтиды.
БХТ порталы азаматтарды медицина орталықтарына бекітудің орталықтандырылған деректер базасын құруға мүмкіндік береді. БХТ порталында Қазақстан Респуликасының барлық тұрғындары туралы деректер бар және жеке тұлғалардың өлшемді мемлекеттік деректер базасымен үйлестірілген.
Қазіргі кезде БХТ порталында "электрондық үкіметтің" порталымен, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің Интернет-қорымен әрекеттестігі бар. "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы Қазақстан Республикасы азаматтары медициналық ұйымға бекітуге электрондық өтініш бере алады. Астанаа қаласы әкімдігінің интернет-қоры арқылы және "Электрондық үкімет" порталының "дербес жұмыс бөлмесінде" Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің бекітілген ағымдағы ұйымы туралы ақпарат ала алады.
Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін интернет байланысының арналарымен қамтамасыз ету 001.104 пен 029 РББ шеңберінде жүзеге асырылады, соның ішінде ҚР ДСӘДМ АЖ жұмыс істеуі үшін интернет желісіне рұқсат етуді ұсыну бойынша қызметтер. ҚР ДСӘДМ АЖ жұмыс істеуі үшін интернет желісіне рұқсат етуді ұсыну бойынша қызметтерге 001.104 шеңберінде көзделген қаражаттың есебінен интернетке рұқсат ету мұқтаждығын толығымен өтеуге мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты қызметтің бір бөлігі 029 РББ есебінен сатып алынды. 001.104 РББ бойынша босатылған қаражат нақтылау кезінде республикалық бюджеттің кірісіне берілді.
|