«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»



бет13/14
Дата10.06.2017
өлшемі2,7 Mb.
#18630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Нысаналы индикатор 82: Мемлекет қызметінің түйінді және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы халықтың хабардар болу деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы - 65 %


%

АКМ




МСМ










64







Ақпарат комитеті Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылдың 10 қазанындағы № 190 бұйрығымен бекітілген Стратегиялық жоспарын орындау аясында тиісті жұмыстар атқарды. Атқарылған жұмыстар қорытындысында «Отандық ақпараттық өнімнің тұтынушылармен сұраныс деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізілді.

осы нысаналы индикатор бойынша 2016 жылғы көрсеткіш 64% құрады.



Нысаналы индикатор 83: Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі – 2017 жылы - 100 %.


%

АКМ




ИДМ










75







Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда олардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша жауапты жеке құрылымдық бөлімшелердің жұмыс істеуіне байланысты бұл көрсеткіштің мәнінің өзгеруі Министрлікке байланысты емес. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың құрылымын, баспасөз қызметінің штаттық санын және құрылымын айқындауды әр мемлекеттік орган өз алдына дербес атқарады. Бұның өзі өз кезегінде ведомстваның ауқымы, құрылымы, мақматытары мен міндеттері, қоғамның оның жұмысына қатысты мүддесі және т.б. факторларға байланысты. Осыған орай, Министрлікпен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілетіндігін атап өту қажет. Осылай, «Казмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС жанындағы Журналистика мектебі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академисы базасында семинарлар өткізіледі.

253

Интернет желісінде ресми түпнұсқа ақпарат көлемін арттыру








есеп

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ (келісім бойынша), «Хабар» агенттігі» АҚ (келісім бойынша), «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ (келісім бойынша), «Казахстанская правда» РГ» АҚ (келісім бойынша), «Казконтент» АҚ (келісім бойынша), «ТАО» РМК (келісім бойынша)

2014 – 2017 жылғы 4-тоқсан

қаржыландыру талап етілмейді







Орындалуда (жыл сайын 2017 жылға дейін)

«Қазақстан» РТРК» АҚ:

-Веб-желіде түпнұсқа ақпараттың көлемін ұлғайту бойынша мәселені пысықтау шеңберінде www.kaztrk.kz порталының жаңа нұсқасы, сондай-ақ iOS және Android операциялық жүйелерінің басқаруымен ұялы құрылғыларға арналған порталдың нұсқасы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Халықаралық тәжірибені ескере және заманауи технологияларды қолдана отырып әзірленген веб-порталдың жаңа нұсқасы іске қосылды.

Корпорацияның барлық теле-, радиоарналар сайттарының, сондай-ақ бірқатар жобалардың әлеуметтік желілерде (Facebook, Vkontakte, Twitter, Youtube, Instagram, linkedin, Киви, Kaztube) парақшалары бар.

Корпорацияның әлеуметтік желілерде жалпы пайдаланушылар аудиториясы шамамен 2 340 936 (30.12.2016 ж.) адамды құрады. Корпорацияның теле-, радиоарналарын әлеуметтік желілерде орналастыру күн сайын жүргізіледі және Интернет-редакцияның басшылығының бақылауында. Жұмысты жаңғырту мақсатында Интернет редакция әлеуметтік желілерде блогтармен және түсініктемелермен жұмыс істейтін SEO және SMM-менеджердің, мобильдік қосымшалармен жұмыс істейтін жеке топтың позицияларын құру негізінде біртекті қызмет атқаруда. Бүгінгі күні www.kaztrk.kz порталына біріктірілген барлық 30 сайттың (портал - 1, корпорацияның – 2 сайты, телеарналардың – 3 сайты, аймақтық филиалдардың – 15 сайты, радионың – 4 сайты және 5 сервис) интернетке бейімделген бастапқы мобильді нұсқалары бар.

Корпорацияның веб-порталында теле- және радиобағдарламаларды, сондай-ақ, анонстық материалдарды жедел орналастыру бойынша жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық телевизиялық және радиожаңалықтардың шығарылымдары мен эфирден кейінгі циклдық бағдарламалар (барлық шығу мәліметтерін көрсетумен) Корпорация порталының мұрағатына жүктеледі. kazradio.kz, shalkarfm.kz және astanafm.kz, classicfm.kz сайттарында Қазақ радиосының, «Шалқар» радиосы және «Астана», «Классик» радиосының мәтіндік және аудионұсқаларда орналастырылатын ақпараттық шығарылымдарын сәт сайын, жедел түрде жаңарту іске асырылған.

14 аймақтық сайтпен жұмыс күшейтілді. Аймақтық филиалдар арасында «Арнаның бетке ұстарлары», «Үздік түсірілім тобы» байқаулары http://vote.kaztrk.kz ұйымдастырылды. Қазіргі кезде «Үздік түсірілім тобы» байқауының екінші кезеңі http://vote.kaztrk.kz/uzdik-tusirilim-top/ жүргізілуде. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қолға алынған жобаның мақсаты – еліміздің көрікті жерлерін таныту, насихаттау.

Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сайт арқылы аймақтық филиалдар арасында «Тәуелсіздікке тарту» http://vote.kaztrk.kz/tauelsizdikke-tartu/ және «Өзгерген өңір» http://vote.kaztrk.kz/ozgergen-onir/ байқаулары ұйымдастырылды. Дауыс беру арқылы анықталған байқау жеңімпаздарын «Жыл таңдауы-2016» шарасында https://kaztrk.kz/kz/a/16958 «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Кемелбек Ойшыбаев марапаттады.

Сонымен қатар, айтулы мерейтой қарсаңында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақ радиосы мен Интернет-редакцияның бірлескен «Тәуелсіздікке 25 ән» атты жобасы http://vote.kaztrk.kz/25-an/ қорытындыланды. Онда ширек ғасырға жуық уақытта хит болған 214 ән орналастырылып, дауыс беру арқылы финалға тек 25 ән өтті. Байқау қорытындысы мұнда: https://kaztrk.kz/kz/a/16587.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай kaztrk.kz порталында «Тәуелсіздікке -25 жыл» https://kaztrk.kz/kz/25 және «Болашағымыз – бірлікте» https://kaztrk.kz/25/Bolashagymyz.Birlikte атты арнайы айдарлар ашылды. «Болашағымыз – бірлікте» бөлімінде Тәуелсіздік жылнамасына қатысты бейнероликтер топтастырылған. Сондай-ақ, портал бетінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы қандастарымыз бастаған бірегей акция туралы видео жарияланды https://kaztrk.kz/kz/a/11082.

Сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған «Ұлы дала баласы» тележобасы http://kaztv.kaztrk.kz/kz/projects/uly-dala-balasy/ портал бетінде барынша насихатталды.

Ал, www.kaznews.kaztrk сайтындағы «Тәуелсіздік – менің тұғырым» айдарында http://kaznews.kaztrk.kz/tauelsizdik_tygyrym/ Тәуелсіздікке қатысты эфирден берілген материалдар топтастырылған.

Тұңғыш Президент күніне арнайы айдар ашылып, тиісті материалдар орналастырылды http://kaznews.kaztrk.kz/first-president-day/.

Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Соғыссыз әлем» айдары https://kaztrk.kz/kz/sogyssyz_alem ашылды. Корпорацияның веб-порталында отандық өнімдерді насихаттау мақсатында арнайы «Халық маркасы» https://kaztrk.kz/kz/Khalyk.Markasy айдары іске қосылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау арнайы айдарда https://kaztrk.kz/kz/Ult.Zhospary тұрақты түрде беріліп келеді.

Жалпы алғанда, 2016 жылы қаңтар-желтоқсан айларында Корпорацияның интернет-порталына мемлекеттік және ресми тілдерде 44 000 түпнұсқа ақпарат орналастырылды. Оның ішінде «Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жарық көрген материалдар саны 812-ні құрайды.


«Хабар» Агенттігі» АҚ: Бұл бағыт бойынша жұмысты Агенттіктің барлық телеарналары жүргізеді және жүйелі сипатқа ие.

«Хабар» Агенттігі» АҚ телеарналарының ресми Интернет ресурстарына ресми түпнұсқа ақпараттың жүктелген көлемінің жалпы мөлшері 2016 жылы 9376 сағатты құрады.

«Хабар» телеарнасы

«Хабар» телеарнасында ресми түпнұсқа ақпараттың (жаңалықтар, ақпараттық-талдамалы бағдарламалар, арнайы шығарылымдар) жүктелген көлемінің жалпы мөлшері 2016 жылы 4752 сағатты құрады.

«Хабар 24» телеарнасы

«Хабар 24» арнасының ресми Интернет ресурсына ресми түпнұсқа ақпараттың жүктелген көлемінің жалпы мөлшері 2016 жылы 3 306 сағатты құрады.

«Kazakh TV» телеарнасы

«Kazakh TV» арнасының ресми Интернет ресурсына ресми түпнұсқа ақпараттың жүктелген көлемінің жалпы мөлшері 2016 жылы 1318 сағатты құрады.




254

Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың және міндетті теле-, радиоарналардың тізбелерін қалыптастыруды және таратуды қамтамасыз ету








есеп

ИДМ, «Қазтелерадио» АҚ (келісім бойынша), телерадио хабар тарату операторлары

жыл сайын 4-тоқсан

қаржыландыру талап етілмейді







Орындалуда (жыл сайын)

Спутник және ЦЭТВ бойынша бекітілген сомадан бюджетке қайтарылды, нақтыланған сомадан 100% игерілді.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның 2016 жылғы 23 ақпандағы № 213 бұйрығымен телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторымен таратылатын еркін қол жетімді теле-,радиоарналар тізбесі бекітілді.

Осыған байланысты аталған бұйрықты басшылыққа ала отырып, Қоғам тиісті аумақта теле-,радиоарналардың еркін қол жетімді тізбесін ретрансляциялауды қамтамасыз етуде.

Сондай- ақ телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органның 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағына көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-,радиоарналар тізбесі бекітілді.


255

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету








әдістемелік материалдар

ИДМ, «ТАО» РМК (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

қаржыландыру талап етілмейді







Орындалуда (жыл сайын)

«Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету» тармағын жүзеге асыру шеңберінде 56 материал әзірленген. Материалдар мақсаты жалпы мемлекеттің, сонымен қатар жеке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұиысының сапасын көтеру, отандвқ медиа саласын дамыту, қазақ тілді БАҚ пен интернет ресурстарды насихаттау болып табылатын кеңес болып табылады.




2. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау


Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3







 







 


3. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

2014 жылғы девальвация және 2015 жылғы ұлттық валюта курсының еркін айналымға өтуі, 2014 жылдан бастап мұнай бағасының төмендеуі, әлемде және ел экономикасының құлдырауы елдегі халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне әсер етіп, бұл тұтастай алғанда байланыс саласының өсу қарқынында көрініс тапты. Осылайша, 2016 жылдың қорытындылары бойынша «Байланыс» саласының нақты көлемі Индексі 100,6 %-дан 2015 жылы 98% пайызға төмендеді.

Телекоммуникация салалары секторлары бөлінісінде саланың экономикалық дамуына әсер етуші мынадай негізгі сыртқы факторларды атап өтуге болады:



Тіркелген телефонияның төмендеу үрдісі бар (2012 ж. – 26,0, 2013 ж. – 25,8, 2014 ж. – 25,1, 2016 ж. – 23,6):

- Нарықтың қанығуы және өсу мүмкіндіктерінің таусылуы

- мобильді байланыс қызметтерімен ауысуы

- IP-телефония

- Түраралық бәсекелестік әсерімен телефондық байланыс көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің жоспарлы төмендеуі

- Ішкі желілік тегін қоңырау шалуларымен байланыстың корпоративтік желілерін ұйымдастыру



Ұялы байланыс 2012 жылы абоннентердің қалыңдығы 180,1 көрсеткішімен шегіне жетті (2013 – 178,2, 2014 – 162, 2015 - 179):

-  Нарықтың қанығуы және өсу мүмкіндіктерінің таусылуы

-  Интернет желісі арқылы балама дауыс сервистерімен (Skype, SIPNET, Whatsapp, Vyber және т.б.) ауыстырып, деректерді мобильді беру қызметтерін дамыту

- трафиктің тіркелген байланыс желілерінен   қайта ағуы

- тарифтердің төмендеуі

Интернет желісіне қолжетімдік және деректерді беру:

- Жаңа пайдаланушылар санының серпінді өсуі .

- Деректерді беру қызметтерін тұтынудың қарқындауы және трафиктің өсуі.

- Контентті дамыту, оның сапасын және тартымдылығын арттыру

- Әлеуметтік-экономикалық процестерді жаһандандыру, ақпаратқа тұрақты қол жеткізу қажеттілігі.

- Бәсекелестікті дамыту және интернет желісіне қол жеткізу тарифтерін төмендету.

- Деректерді сымсыз беру технологиясын дамыту

Телерадиохабар саласына әсер ететін факторлар:

- елдегі халықтың сатып алу қаблеттілігі деңгейінің төмендеуі;

- «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телехабар тарату қызметіне қосылудың жоғары қарқыны. Сонымен бірге соңғы уақытта қарқыны біршама төмендегені байқалады;

- отандық телевизиялық қабылдауыштар құнының көтерілуі;

- телерадио хабарды тарату саласындағы жобалардың қымбаттауы.

- «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторының елдің аумағын 100% қамтып, жерсеріктік телехабарды таратуды іске қосу абоненттердің «сұр тәрелкелерден» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабарға ауысуын ынталандырды



- елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, байланыс операторларымен ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз етуге бағытталған және клиентке бағдарланғандық, тиімділік және инновацияларды енгізу жылдамдылығы қағидаттарына негізделген Бизнес-модельді жаңғырту жөніндегі бағдарлама әзірленді және іске асырылуда;

- сыртқы ортаның ықтимал сын- қатерлеріне қарсы сәтті әрекет ету үшін телекоммуникациялардың пакеттік ұсыныстарын және барлық үй шаруашылықтардың талаптарын қанағаттандыратын өзге үй шаруашылық қызметтерін жылжыту, пайдаланушылық тәжірибесін және абоненттердің адалдығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде;

- өнімдер қатарын кеңейту және корпоративтік клиенттердің талаптарын қанағаттандыратын және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартатын кешенді шешімдерді ұсыну;

- ұтқыр бизнесті дамыту және бизнестің ұтқыр және тіркелген сегменттерін біртен-біртен ықпалдастыру есебінен синергиялық әсерді алу;

- шығындарды, соның ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулардағы жергілікті қамтымды ұлғайту жөніндегі әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі бағдарламалар іске асырылады;

- мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен халықтың жер үсті цифрлық телехабар тарату қызметтерін алуға сұранысын ынталандыру үшін елдегі отандық цифрлық телерадиохабар таратуды жылжыту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіледі;

- цифрлық телерадохабар таратудың жаңа технологияларына көшу (мысалы: ЦЭТВ енгізу және тарату таратқыш, антенналық-фидерлік құрылғылар, микроклиматты сақтайтын автоматтандырылған жүйелер, соның ішінде, күрделі ғимараттарды/құрылыстарды пайдаланудан контейнерлік типті жайларға ауыстыру сияқты технологиялық жабдықты қысқарту есебінен оператордың шығындарын қысқартуға әкеп соғады);

Оның үстіне, цифрлық теледидардың жаңа технологиялары жоғары сенімді болып табылады, осыған орай, жиі техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жатпайды;

- отандық өндірісті (абоненттік қабылдауыштарды), шағын және орта бизнес субъектілерін (дилерлер желісі) дамыту үшін жағдай жасау.


Елдегі бірқатар әлеуметтік өзгерістер (теңгенің девальвациясы, жанармай, азық-түлік, медикаменттер, баспаналар және т.б. бағасының қымбаттауы) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға және Үкіметтің жалпы жұмысын бағалауға қатты әсерін тигізді.

Бұған қосымша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің арасында жеткіліксіз ақпараттық байланыстар жұмыс істеуде қиындықтар тудырды:



  • Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қызмет алушыларға ұсынылатын қағаз құжаттардың санын қысқарту;

  • Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық байланысы қамтамасыз ету;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін қысқарту.

АКМ тұрақты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік органдардың стандарттарын келісуде мүмкіндігінше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету күнтізбелік күннен жұмыс күндеріне ауыстыру, «Ақпараттандыру туралы» заңға сәйкес мемлекеттерік қызметтерді көрсету мерзімдері қайта қаралды және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметтер электрондық нысанға және т.б. аударылуда.


4. Қаржы қаражатын игеру

Мың тенгемен



Іс-шараның атауы

Қаржыландыру көзі

КБП/ПП

2016 год

Ескертпе

ҚР ҮҚ

жоспар

факт

1

2

 

3

6

7

8

 

 

ВСЕГО:

 

 

41 558 767

48 497 015

48 020 091

 

12

Ведомствоаралық АЖ және байланыс қызметтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (30 және 72 п. қоса алғанда)

РБ

002-100

12 976 214

26 004 854

25 791 297

АКМ: Олардың 6 870 мың.тенге –мемлекетік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурс, 149 226,4 – іс-жүзінде жасалған қызмет көлемі, 52 419,6 – мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша қаражатты үнемдеу, 5 040 мың.теңге – іске-асырылмаған қаражаттың қалғаны, баға өзгерісі мен табиғи тұтынудың көлемі себебінен туындаған.

21

«Қазақстан Республикасының электрондық Парламентін қалыптастыру» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру

РБ

007

304 553

0

0

2015 жылы бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен Ұлттық экономика министрлігіне ТЭН жасау үшін 8.948,8 мың. теңге бөлінді. Бірақ 2015 жылғы 19-20 тамыз № 01-7.7 (ХТ) экономикалық саясаттың жүйелік тәсілі кеңесінің Хаттамасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігіне қаражат қайтарылды. 2016 жылы жаңа бастамаға қаражат бөлуге мораториға байланысты 2018 жылдың соңына дейін шығындар қарастырылмады

25

Интернет желісі арқылы халықтың ашық медициналық дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз ету

РБ

 

197 351

0

0

 

30

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының қызметін қамтамасыз ету (кемінде 3,5 млн.)

РБ

002-100

024 бюджеттік бағдарламада қарастырылған қаражат шегінде

684 629

684 629

 

38

«Мобильді үкімет» құру

РБ




1 188 884

0

0

РБК 29.08.2015 ж. №20 шешімі бойынша шығындар қолданылмады

55

«Электрондық үкімет» порталы мен шлюзін дамыту

РБ




1 379 208

0

0

РБК 29.08.2015 ж. №20 шешімі бойынша шығындар қолданылмады

72

Ақпараттандырудың жаңа моделі шеңберінде «бұлтты» есептеулер базасында «Мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық пошта жүйесі» жобасын іске асыру

РБ

002-100

024 бюджеттік бағдарламада қарастырылған қаражат шегінде

770 650

770 650

 

84

Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» резервтік алаңын құру

РБ

039

1 215 321

0

0

РБК 29.08.2015 ж. №20 шешімі бойынша шығындар қолданылмады

99

ҚР ІІМ көші-қон полициясы үшін АЖ құру

РБ

051

18 324

18 300

17 000

«Ақпараттандыру» (2016 жылы 1 қаңтарда күшіне енді) Заңына сәйкес Аттестациялау құны өзгертілді, қортындысында «Аттестация» қызмет көрсету бойынша 1.300 мын. теңге үнемделді.

107

Қазақстан Республикасы шағын қалаларының жедел басқару орталықтарын құру:

РБ

057

2 280 000

0

0

Республикалық бюджеттік комиссияның 29.08.2015 жылғы № 20 шешімі бойынша Риддер, Теміртау, Степногорск және Шу қалаларына Жедел басқару орталығын (келесіде – ЖБО) құру үшін 2016 жылғы шығындар қарастырылмады.

1. 2014 жылы – 4 қала

 

 

 

 

 

 

21. 2015 жылы – 4 қала

 

 

 

 

 

 

3.      1. 2016 жылы – 4 қала

 

 

 

 

 

 

41. 2017 жылы – 4 қала

 

 

 

 

 

 

129

«Алатау» АЭА АТП инфрақұрылымдық дамуы (инженерлік инфрақұрылымның құрылысы)

РБ

071

1 297 632

3 797 248

3 797 248

 

142

АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту

РБ

145

5 250

0

0

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 117 бабының 2 п. (2016 жылы 1 қаңтарда күшіне енді) еңгізілген өзгерістерге сәйкес, министрлікпен 2015 жылы жасалған АКТ 11 мамандығы бойынша 10 кәсіби стандартты бекіту жұмыстары өткізілді. Осылайша, Мамандықтарды анықтау мақсатында «Information technology. System and software engineering. Software life cycle processes ISO/IEC 12207 (2008-02-01)» стандарттарына сәйкес кәсіби қызмет аймағы аясында, АКТ саласына деятельность түрлерінің картасы мен АТ-мамандықтарының тізбесі жасалды және де ол «Қазақстандық АТ-компаниялардың қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінен «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына бағытталды. Сонымен қатар, салалық комиссия отырысының 2016 жылғы 20 желтоқсанындағы Хаттамасымен бекітілген, ақпарат, ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникация саласында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (келесіде - «АКТ» СБШ) салалық біліктілік шеңбері жасалды. Жасалынған «АКТ» СБШ негізінде 2015 жылы жасалынған кәсіби стандарттар қайта қарастырылды және «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына жіберілді.

Сонымен қатар, айта кету керек, жаңа Еңбек Кодексіне сай, 2016 жылы кәсіби стандарттарды жасауға республикалық бюджеттен қаржыландыру тоқтатылды, оның орнына 2016 жылғы 05 ақпан № 451-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің аясында «Еңбек біліктілігін арттыру және жұмыс орындарын ынталандыру» (келесіде - Жоба) жобасы жасалып жатыр. Жоба аясында қайта қарастыру және экономиканың барлық салаларын келісу процесстерін қоса алғанда, кәсіби стандарттарды жетілдіру қарастырылуда. 2017 жылы 70 кәсіби стандарт жасау жоспарлануда, оның ішінде АКТ саласына 3 кәсіби стандарт, 2018 жылы – 230, 2019 жылы – 250 кәсіби стандарт, Қазақстан Республикасы жаңғырту және даму Халықаралық банкінен қарыз алып жасау жоспарлануда.



155

Электрондық оқыту жүйесін енгізу

РБ

052

5 347 930

5 346 233 

5 084 992 

Мемлекеттік сатып алуды өткізуден үнемделген қаражат 261 241 мың теңгені құрады. Бұл іс-шара бойынша ақпаратты БҒМ жұмыс тәртібінде ұсынды.

230

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы туралы ақпараттық-танымдық веб-порталдарды контентпен толтыру

РБ

001.104

8 636

2 820

1 994

Мемлекеттік сатып алуды өткізуден үнемделген қаражат 826,4 мын.тг

231

«Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қорын контентпен толтыру

РБ

015

91 402

91 402

91 402

 

237

«Электрондық құжаттар мұрағатының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесін жасау, оның ішінде құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін жасау

РБ

 

949 449

0

0

Республикалық бюджеттің жұмсалатын бөлігін тиімдеу мақсатында Республикалық бюджеттік комиссияның 2015 жылғы 17 ақпандағы №2 хаттамалық шешімімен, Бірегей электронды мұрағат ақпаратты жүйесін жасауды қаражыландыру сұрағы алынып тасталды (хаттаманың 2.2. пункті).

238

Спутниктік ресурсты жалға алу және аналогтік, цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды тарату

РБ

003-100

4 875 507

3 891 395

3 891 395

 

239

Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу

РБ

004

9 297 072

9 297 072

9 297 072

 

242

Баспа БАҚ-ты Интернетке көшіру

РБ

031

58 639

47 691

47 691

 

245

Интернеттің әлеуметтік-саяси ықпалын талдау бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу

РБ

001-103

67 395

0

0

РБК 08.08.2015 ж. №17 шешімімен шығындар қолданылмады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет