Лабораториялық жұмыс № 15 (1 сағат)
Тақырып: Құжат құру
Жұмыс мақсаты: ортада құжатты құру және онымен жұмыс әрекеттерімен танысу.
Тапсырма:
Құжат құру және өңдеу.
Құжатты жүргізу, іздеу, сақтау және жою.
Құжатты таңдау және бөліктерімен жұмыс.
Әдістемелік нұсқаулар
Құжат ұйымның қызметі барысында орындалған шаруашылық операциялары және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты сипаттауға арналған қолданбалы объект. Платформа «Документ» конфигурация объектісі негізінде мәліметтер базасында кіріс жөнелтпе құжаты немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрық немесе төлем қағаздары және т.с.с. құжаттар сақталатын ақпараттық құрылымды құрады.
«Документ» конфигурация объектісінің өзіне тән ерекшелігі қолданушы жұмыс барысында өз бетімен бұл құрылымның жаңа объектілерін, яғни жаңа құжаттарды құра алады.
Құжаттың бет алысы (тәртібі, мінезі, поведение) мәліметтер базасының басқа барлық объектілерінен өзгеше. Құжаттың жүргізілу қабілеті бар. Құжатты жүргізу фактісі, бұл құжатта баяндалып тұрған оқиға есепке алудың (есептің, тіркеудің, учет) күйіне әсер еткендігін білдіреді (событие, которое он отражает, повлияло на состояние учета). Құжат жүргізілгенге дейін есепке алудың күйі өзгермейді, ал құжат болса тек алдын ала жазылған жазба (шимай), дайындалған мәлімет (заготовка). Құжат жүргізіле салысымен құжат арқылы есепке алуға енгізілген өзгерісер күшіне еніп, есепке алудың күйі де өзгереді.
Құжат есепке алудың күйіне өзгеріс енгізетін болғандықтан ол әрқашан нақты уақыт мезетіне байланған (тіркелген). Бұл мәліметтер базасында оқиғалардың нақты орындалу ретін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған екі фактіден шығатын тағы бір маңызды факт, ол «1С:Предприятие» жүйесінде есепке алулардың (тіркеу, есептеулердің) күйін бақылап отыратын механизмдер бар. Бұрын жүргізіліп қойған құжатқа өзгеріс енгізіп, оны қайтадан «кері күнмен» (задним числом) жүргізілді делік. Бұл жағдайда «1С:Предприятие» жүйесі жаңадан енгізілген өзгерістер бұл құжаттан кейін жүргізілген құжаттарға әсер ете ме, жоқ па соны өзі бақылап, егер әсер ететін болса қажетті құжаттарды өзі қайта жүргізе алады.
Әрбір құжатта бұл құжатты толық сипаттайтын ақпарат бар. Мысалы, әрбір «Приходная накладная» құжатында тауар жеткізушісі, тауар жеткізілетін қойма және т.б. туралы ақпараттар бар. Бұл сияқты ақпараттар жиыны бір түрлі құжаттар үшін бірдей болып табылады және оларды сипаттау үшін «Документ» конфигурация объектісінің реквизиттері пайдаланылады, өз кезегінде бұл реквизиттер конфигурацияның бағыныңқы объектілері болып табылады. «Документ» конфигурация объектісінің реквизиттерін құрастырушы өзі жасайды, алайда әрбір «Документ» конфигурация объектісінің «бастапқыда» (по умолчанию) екі өрісі болады: күн («дата») және құжат нөмері («номер документа»). Күн мәліметтер типі (тип данных дата) күнде, уақытта секундқа дейінгі дәлдікпен енетін болғандықтан, бұл реквизит құжаттың уақыт осіндегі орналасуын анықтайды.
Сонымен қатар, әрбір құжатта құрылымы жағынан бірдей, бірақ саны бойынша әр құжатта әртүрлі ақпараттар болады. Мысалы, «Приходная накладная» құжатында келетін тауарлардың тізімі болады, ал олардың саны әр құжатта әртүрлі болады. Бұл сияқты ақпараттарды сипаттау үшін Документ» конфигурация объектісінің кестелік бөлімдері арналған.
Құжатты «визуалдаудың» бірнеше негізгі формалары бар (15.1 кестеде берілген).
15.1 кесте – Құжат формалары
Достарыңызбен бөлісу: |