Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


«Материал» СправочникСсылка.Номенклатура типті



бет41/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

«Материал» СправочникСсылка.Номенклатура типті,

  • «Количество» сан типті, ұзындығы - 15, дәлдігі - 3, теріс емес (15.7 сурет),

    15.7 сурет – Сандық типті анықтау

    • «Цена» сан типті, ұзындығы - 15, дәлдігі - 2, теріс емес (15.8 сурет),

    • «Сумма» сан типті, ұзындығы - 15, дәлдігі - 2, теріс емес.

    15.8 сурет – Сандық типтің теріс еместігін анықтау


    «Құжат формасын» («Форму документа») құру үшін «Свойства: Документ» терезесінің «представления» бөліміндегі енгізу өрісіндегі ұлғайтқышқа басамыз (15.9 сурет).




      1. сурет- Құжаттың негізгі формасын құру

    Жүйе құрастырушының тағы бір пайдалы құралы - форма конструкторын ашады.





    15.10 сурет – Құжат формасы конструкторының бірінші диалогтық терезесі

    Жүйе ұсынған барлық баптауларды құптап, «Готово» батырмасын басамыз (15.10 сурет).


    Конфигурация объектілері ағашында «Документ» «Приходная накладная» конфигурация объектісінде «ФормаДокумента» формасы пайда болды, ал экранда бұл форма орналасқан форма редакторының терезесі ашылды (15.11 сурет).


      1. сурет – Құжат формасы

    «ПриходнаяНакладная» құжатының формасында түрлі өрістер көп. Бұл өрістер басқару элементтері деп аталады. Олардың барлығы МБ ақпаратты бейнелеп және бұл ақпаратпен интерактивті жұмыс істеуді ұйымдастырады.


    Басқар элементтері «Количество», «Цена» және «Сумма» бағаналарына назар аударайық.
    «Количество» немесе «Цена» өрістеріндегі мәліметтер енгізгенде, «Сумма» өрісіндегі Количество*Цена мәліметі автоматты түрде өзгеріп отыруы керек. Яғни, бұл жерде «Сумма»=«Количество»*«Цена» деген сияқты команданы кіріктірілген тілде жазамыз, және ол «Количество» немесе «Цена» өрістеріндегі мәліметтер өзгергенде орындалуы керек.
    «Количество» бағанындағы енгізу өрісіне тінтуірдің оң жақ батырмасын басып (15.12 сурет), оның қасиеттер палитрасын ашамыз (контексті мәзірдің «Свойства» пункті). Тізім соңындағы бұл енгізу рісімен байланысты оқиғалар тізімін ашыңыз.

    5.12 сурет – Қасиеттер палитрасын шақыру
    Көптеген басқару элементтерімен оқиғалар байланысты, дәл осы оқиғалардың көмегімен құрастырушы бағдарламаның жұмысына әсер ете алады.



    15.13 сурет – Процедураны алдын ала даярлау

    Енгізу өрісімен байланысты оқиғалар арасынан «При изменении» оқиғасын таңдап алыңыз (15.13 сурет). Бұл оқиға енгізу өрісіндегі мән өзгерген уақытта пайда болады.


    Енгізу өрісі аяғындағы ұлғайтқыш суреті тұрған батырмаға бассаңыз, жүйе бұл оқиғаның өңдеу процедурасының сұлбасын (загатовка) сіздің формаңыздың модулінде құрады.
    Модуль – бұл бағдарлама мәтінін кіріктірілген тілде сақтау орны («хранилище»). Конфигурацияда әр жерде сақталған түрлі модульдер бар (15.14 сурет). Олар конфигурация объектілеріне тиесілі болуы мүмкін (мысалы формаларға), және де дербес болуы да мүмкін (барлық конфигурацияға тиесілі). Модульдегі бағдарлама мәтіндерін платформа «1С:Предприятие» жүйесінің жұмысының белгілі уақыттарында қолданады.



    5.14 сурет- Процедура мәтінін құру
    Форма модуліне келесі кодты қосамыз:
    Процедура МатериалыКоличествоПриИзменении(Элемент)
    СтрокаТЧ =ЭлементыФормы.Материалы.ТекущиеДанные;
    СтрокаТЧ.Сумма= СтрокаТЧ.Количество*СтрокаТЧ.Цена ;
    КонецПроцедуры



    15.15 сурет - Құрылған процедураның бейнеленуі

    Бұл жолдардың мағынасына тоқталсақ (15.15 сурет).


    Бірінші жолда біз «ЭлементыФормы» бағдарламалық объектісіне қатынадық. Бұл объект біздің формамызда орналасқан барлық элементтерге иелік ететін мәндер топтамасы (коллекция значений) болып табылады. «ЭлементыФормы» объектісінің қасиеті ретінде элемент атын көрсете отырып, форманың әрбір басқару элементін алуға болады. Бұл жағдайда біз «Материалы» (ЭлементыФормы.Материалы) басқару элементіне қатынап отырмыз. Бұл элемент құжатымыздың кестелік бөлімінің жолдарын бейнелейді. Дәл сол мезетте редакциялау жүргізіліп жатқан жолды алу үшін бағдарламалық объектінің «ТабличноеПоле – ТекущиеДанные» қасиетін пайдаланамыз. Сонымен, бірінші жолдың орындалуы нәтижесінде «СтрокаТабличнойЧасти» айнымалысында «Документ ТабличнаяЧастьСтрока.ПриходнаяНакладная.Материалы» объектісі тұрады, ал бұл объектіде редакцияланатын мәліметтер орналасқан.
    Екінші жолда сомасы саны мен бағасының көбейтіндісі ретінде есептелінеді. «ДокументТабличнаяЧастьСтрока.<имя>» объектісі объект қасиеті ретінде бағана атын көрсете отырып, бағананың мәліметтерін алуға мүмкіндік береді (мысалы, СтрокаТабличнойЧасти.Количество).
    Енді құжаттың жұмысын тексеріп көреміз.

    15.16 сурет - Құжатты таңдау
    «ПриходнаяНакладная» құжатын ашамыз (15.16 сурет). Егер сіз кез келген жолдағы санын яғни «количество» бағанындағы мәліметті өзгертсеңіз, сома автмоатты түрде қайта есептелінеді (15.17 сурет).



    15.17 сурет – Құжатқа жазбалар енгізу

    Енді «Цена» өрісі үшін де осы сияқты істеу қажет. Ал егер жақсылап қарасақ, «Сумма» өрісін автоматты толтыру басқа құжаттарда да қажет болады. Сондықтан ең дұрысы бұл есептеуді басқа да осы сияқты кестелік бөлімдері бар барлық құжаттардың қолы жетімді болатын жерде сақтаған дұрыс.


    15 лабораториялық жұмысқа тапсырмалар



    1. «Приходная накладная» құжатын құрыңыз.

    2. Құжаттың негізгі формасын құру.

    3. Процедура мәтінін құру.

    4. Құжатқа жазбалар енгізу керек.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет