Лабораториялық жұмыс № 16 (1 сағат)
Тақырып: Құжат атрибуттары мен тәсілдері
Жұмыс мақсаты: құжаттың құрамы, деректемелері, атрибуттарына сәйкес бағдарламалауды жүзеге асырумен танысу.
Тапсырма:
Құжат құрамы
Құжат деректемелері
Құжаттың тағайындалуына байланысты қолдану тәсілдері
Әдістемелік нұсқаулар
Конфигурацияның «Документ» («Құжат») объектісі ақпаратты сипаттауға арналған қолданбалы объект болып табылады. Конфигурацияның «Документ» («Құжат») объектісінің негізінде платформа мәліметтер қорында құжаттар сақталатын ақпараттық құрылым құрады. Құжат жүргізу қасиетімен мәліметтер қорының басқа объектілеріне қарағанда ерекшеленеді. Құжатты жүргізу дегеніміз, өзі көрсетіп тұрған оқиға есептің жағдайына әсер еткендігі. Құжатты жүргізгенге дейін есеп жағдайы өзгеріссіз болады. Ал құжатты жүргізе салысымен, құжатпен есепке енгізілген өзгерістер өз күшіне еніп, есеп жағдайы өзгереді. Жүйені конфигурациялау кезінде құрылатын құжаттар саны қолданушы қажеттілігіне байланысты. Әрбір құжат реквизиттерден және кестелік бөліктерден тұрады. Құжат үшін енгізу формасы – нақты құжаттардың экрандық аналогы құрылады. Барлық құжаттар номерлерімен, даталарымен және уақыттарымен сипатталады.
Бұл сияқты «жалпыға қол жетімді» («общедоступный») жерлерді сипаттау үшін «Общий модуль» конфигурация объектісі («Общие | Общие модули» орналасқан) қолданылады. Бұл модульдерде орналасқан процедуралар мен функциялар кез келген конфигурация объектісіне қол жетімді болады.
Оқиғаларды өңдеуде қолданылатын алгоритмдер түрлі құжаттардан қолжетімді болу үшін ортақ модуль (общий модуль) құрып, онда өзіміздің соманы есептеу процедурамызды жазамыз. Ал құжатта тек сол процедураны ортақ модульден шақыру ғана жазамыз.
«Общий модуль» конфигурация объектісін құрып (16.1, 16.2 суреттер) және оны «РаботаСДокументами» деп атаймыз.
16.1 сурет- Ортақ модульді құру
16.2 сурет - «Глобальный» қасиетін анықтау
Модульдің мәтіні төмендегідей:
Процедура РассчитатьСумму(СтрокаТЧ) Экспорт
СтрокаТЧ.Сумма = СтрокаТЧ.Количество*СтрокаТЧ.Цена;
КонецПроцедуры
16.3 сурет – Ортақ модуль процедурасы
«Экспорт» кілт сөзі процедураның басқа бағдарламалық модульдерден қол жетімді екендігін көрсетеді (16.3 сурет).
Одан кейін форма модулінде біздің өңдеуішіміздің мәтінін аздап өзгертеміз (16.4 сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |