ОбластьДетальныхЗаписей =
Макет.ПолучитьОбласть("Детали");
ТабДок.Очистить();
ТабДок.Вывести(ОбластьЗаголовок);
ТабДок.Вывести(ОбластьШапкаТаблицы);
ТабДок.НачатьАвтогруппировкуСтрок();
ВыборкаДетали = Результат.Выбрать();
Пока ВыборкаДетали.Следующий() Цикл
ОбластьДетальныхЗаписей.Параметры.Заполнить(ВыборкаДетали);
ТабДок.Вывести(ОбластьДетальныхЗаписей, ВыборкаДетали.Уровень());
КонецЦикла;
ТабДок.ЗакончитьАвтогруппировкуСтрок();
ТабДок.Вывести(ОбластьПодвалТаблицы);
ТабДок.Вывести(ОбластьПодвал);
КонецПроцедуры
Біздің мысалды есеп берудің макетін аламыз, одан кейін онда бар облыстар мен сәйкес айнымалыларды аламыз.
Есеп беру формасында «ТабДок» деп аталған «ПолеТабличногоДокумента» басқару элементі орналасқан, ол констуктор құрастырған макеттің негізінде мәліметтермен толтырылады.
Келесі қадамда кестелік құжатты тазалап, сұрату нәтижесінен алған мәліметтері жоқ облыстарды шығарамыз.
Соңғы бөлімінде конструктор жолдарды автотоптастырудың басын қосты. Бұл мысалда топтастыратын жолдар жоқ, бірақ бастапқыда берілгеніндей констукртор әрқашан кестелік құжаттың жолдарын топтастыруды ұсынады. Бұл сияқты шақыру есеп беруді шығарудың жылдамдығына әсер етпейді, сондықтан да конструктор мәтінін өзгеріссіз қалдырамыз.
Соңынан циклды айналдыра отырып алатын сұрату нәтижесінен іріктеме аламыз.
Циклдің әрбір итерациясында алдында алынған макет облыстың параметрлерін сұратудың нәтижесінен алған іріктеменің кезекті жазбасынан алынған мәндермен толтырамыз да, осы облысты кестелік бөлімге шығарамыз.
Процедура соңында кестелік құжатқа макеттің ақырғы облыстарын шығарамыз.
«1С:Предприятие» дұрыстауыш режимінже іске қосып, есеп беруіміздің жұмыс нәтижесін көреміз (27.11 сурет).
27.11 сурет - тұрғызылғаг «Реестр документов» есеп беруі
№27 лабораториялық жұмысқа тапсырмалар
1. «Материалы» есеп беруі құру.
2. «Реестр документов» есеп беруі құру.
Достарыңызбен бөлісу: |