Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Басқа құжат негізінде құжатты енгізу



бет92/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Басқа құжат негізінде құжатты енгізу


Кейде негізгі құжатқа қосымша болатын құжат құру керек болады. Бұндай құжат түрін құру Ввод документа на основании другого документа деп аталады. Бұл құжатты құру үшін негізгі құжат деректерінің бір бөлігі немесе толығымен алынады. Осы құжатты енгізу констекстті мәзір көмегімен жүзеге асырылады. Құжат журналында құжат негізін таңдаймыз, оған контекстті мәзірді шақырамыз, Ввести на основании пунктін таңдаймыз, құрып жатқан құжаттың типін таңдаймыз.
Құжатты құрып жатқанда келесі факторларды ескеруіміз керек. Біріншіден, құжатты енгізу барысында ол қандай типті құжаттың негізінде енгізілетінін көрсету керек. Құжат құрамында Ввод на основании... батырмасы орналасқан. Ол 4.5-суреттегі құжат түрі терезесін шақырады. Бұл терезеде құрылып жатқан құжаттың қандай құжат негізнде болатынын және де қандай құжат негізінде құрылғанын көрсетеміз.



28.1. сурет Енгізу құжатының негізін анықтайтын терезе


Кез келген құжат екі әдіспен құрылады: өзі құжат ретінде немесе басқа құжат негізінде. Бірінші жағдайда Документ деректерінің агрегатты типінен жүйемен алдын ала анықталған ВводНового() процедурасы шақырылады. Екінші жағдайда құжат негізі параметрі бар басқа алдын ала анықталған ВводНаОсновании(ДокОсн) процедурасы шақырылады. Бұл екі процедура модуль формы документа орналасқан, және форма терезесі құрылмай тұрып шақырылуы керек.


Басқа құжат негізінде құрылатын құжат жеке құрылмауы керек. Жеке құрылмауы үшін ВводНового() процедурасы көмегімен алдын алуға болады. Бұнда тек жүйелік процедураны шақыруымыз керек:

СтатусВозврата(0);

Бұл процедураны шақыру ағымдағы процедурадан шығу деген сөз(ағымдағы жағдайда ВводНового() процедурасынан шығу болып табылады). Процедура параметрі процедураның сәтті(1) немесе сәтсіз(0) жұмыс істегенін көрсетеді. Құжат құрылмас үшін құжат құрыға рұқсат берілмей, параметр 0 болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет