ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
“ХХI ҒАСЫРДЫҢ КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГЫ”
І Республикалық педагогикалық олимпиадасы
Қазақстан Республикасы
Тараз қ., 25-26 сәуір 2017 жыл
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50- жылдығына орай 2017 жылдың 25-26 сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін “ХХI ҒАСЫРДЫҢ КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГЫ” І Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырамыз. Олимпиадаға жоғары педагогикалық оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын 2-3 курс студенттері қатыса алады. Оқу орны 3 адамнан құралған команданы жібере алады. Команданың жетекшісі болуы міндетті.
Олимпиада бағдарламасы
1-күн – 25.04.17
Қатысушылардың келуі мен орналасуы.
Қатысушыларды тіркеу.
Команда жетекшілерімен ұйымдастырушылық кездесу.
Командалардың өздерін таныстыруға дайындығы.
Олимпиаданың ашылуы.
«Визитка»: «Мен-креативті педагог боламын!» - шығармашылық түрде команданы таныстыру (5 минут).
«Мен-креативті көшбасшымын!» - топбасшылар байқауы (5 минут).
«Білгірлер» блиц-туры. Әрбір команда ұсынылған педагогикалық терминнің мағынасын берілген уақытта ашады (5-минут). Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл.
Үй жұмысы - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілетті креативті педагогтың моделі» ғылыми жобаны қорғау (7-10 минут).
«Мен-креативті педагогпын!» педагогикалық жағдаят. (Команда қатысушылары қарсы командалардың орындауындағы педагогикалық жағдаяттарын қарастырады және талдайды).
Мәдени шаралар.
1-күннің қорытындысы.
2-күн – 26.04.17
«Эрудит» теориялық туры: «Педагогика» пәні бойынша студенттердің білімдерін тестпен тексеру. Тестілеу уақыты – 50 минут. Тест 50 сұрақтан құралған.
«Педагогикалық шеберліктің құпиялары» инновациялық сабақтың фрагментін көрсету (20-25 минут).
Олимпиаданың қорытындысы.
Олимпиаданың жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау.
Қатысушыларды шығарып салу.
СТУДЕНТТЕРДІҢ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Олимпиаданың мақсаты: Жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау жағдайында қазіргі қоғамдағы педагогикалық мамандықтың рөлін арттыру, бәсекеге қабілетті болашақ педагогтың креативті құзыреттілігін қалыптастыру.
Олимпиаданың міндеттері:
- педагог мамандығына кәсіби қызығушылықты арттыру;
- инновациялық әрекетке негізделген студенттердің кәсіби өсуіне түрткі болу;
- заманауи жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау жағдайында болашақ педагогтардың технологиялық даярлығын жетілдіру;
- болашақ педагогтардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
Жұмыс тілдері: қазақша және орысша.
Іріктеу тур жергілікті жоғары оқу орындарында өткізіледі.
Финалды тур Тараз қаласында 2017 жылдың 25-26 сәуірінде өткізіледі. Аталмыш турға ұйымдастыру комитетіне қатысуға ұсыныс берген команда жіберіледі. Олимпиада бағдарламасына келесі бауқаулар енеді:
1-күн
І. «Мен – креативті педагог боламын!» – командалардың таныстырылуы (Визитка).
10-баллдық жүйемен бағаланады:
өзектілігі, қорғалған тақырыптың мазмұнына сәйкестілігі және идеяның бірегейлігі – 3 балл;
педагогикалық сауаттылық – 3 балл;
сөйлеу мәдениеті, артистизм – 2 балл;
команданың кәсібилік ерекшелігі (шығармашылық) – 2 балл.
II «Мен – креавтивті көшбасшымын!» топ басшылар байқауы.
«Ғалымдар сөйлейді» блиц-сұрақ (команда топбасшысы көрсетілген ғалымдардың аты-жөні бойынша олардың тәрбие жайында айтқан тәлімді ой-пікірлерін айтуы керек).
5-баллдық жүйемен бағаланады:
- ойдың ұшқырлығы және қарқыны, ырғағы, жылдамдығы - 1 балл;
- педагогикалық сауаттылық және сөз мәнерлігі - 2 балл;
- жауаптың бірегейлігі - 2 балл.
III «Білгірлер» блиц-тур: әрбір команда берілген уақытта педагогикалық ұғымның мазмұнын ашады (5 минут). Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
IY «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілетті креативті педагогтың моделі» ғылыми жобаны қорғау (үй тапсырмасы).
Жоғарғы балл – 20:
жобаның бірегейлігі және мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі, өзектілігі – 5 балл;
педагогтың шынайы әрекетке бағдарлануы, ғылыми сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті – 4 балл;
креативтілігі – 5 балл;
заманауилығы – 3 балл;
тұтастығы (жүйелілік) – 3 балл.
Ғылыми жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Ғылыми жобаның көлемі 20-25 бет және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек.
Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -2 см, сол -2 см.
Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.
Жоларалық: 1 интервалмен.
Жаңа жол: 0,9 см.
Y. «Педагогикалық жағдаят» (шығармашылық байқау) - мектеп тәжірибесінен алынған педагогикалық жағдаяттарды шешу.
Жоғарғы балл – 10:
педагогика және психология ғылымдары салалары бойынша теориялық білімге сүйену – 2 балл;
шынайы мәселені шешуге бағдарлану – 1 балл;
педагогика тұрғысынан негіздеу, сөйлеу мәдениеті – 2 балл;
педагогикалық мақсатқа бағыттау, айқындылығы – 4 балл;
команданың белсенділігі, бірлігі – 1 балл.
2-күн
YІ. «Эрудит» теориялық тур: «Педагогика» пәнінен студенттердің білімдерін тестпен тексеру. Тестілеу уақыты – 50 минут. Тест 50 сұрақтан тұрады.
Жоғарғы балл – 50: әрбір дұрыс жауапқа – 1 балл.
YІ. «Педагогикалық шеберліктің құпиялары» инновациялық сабақтың фрагментін көрсету (20-25 минут).
Жоғарғы балл – 20:
инновациялық технологияны қолдану – 5 балл;
кәсіби мәселені шешудегі айқындылығы – 5 балл;
педагогикалық мақсатқа бағыттылық – 2 балл;
педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алуы - 5 балл;
оқытудың инновациялық құралдарын қолдануы (техникалық және дидактикалық) – 3 балл.
Ескерту: қосымша В толтыру қажет және оны тапсырыспен бірге жіберу міндетті.
4. Командаларды марапаттау
Жүлделі орындарды иеленген командалар дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАПСЫРЫСТЫ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫ
Олимпиадаға қатысу үшін келесі электронды почтаның адресіне: olimptarGPI@mail.ru немесе келесі почталық адреске: 080003, Казахстан Республикасы, Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, педагогикалық факультетіне 2017 жылдың 10 сәуірге дейін жіберу керек (қосымша А қараңыз).
Ескерту! Қатысушылардың өтініші үлгіге сай рәсімделуі тиіс. Тапсырыс беруші команданың файлы сол ЖОО-ның атауымен аталуы тиіс.
БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.
Қосымша А
І Республикалық педагогикалық олимпиадаға
қатысуға өтініш
1
|
Білім беру мекемесінің толық атауы, қаласы
|
|
2
|
Қатысушылардың аты-жөні (толық), курсы, мамандығы
|
|
3
|
Команда жетекшісінің аты-жөні (толық), қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы
|
|
4
|
Байланыс телефоны (қала кодының көрсетілуімен):
ЖОО (кафедра), команда жетекшісінің ұялы телефоны
|
|
5
|
Электронды адрес: ЖОО (кафедра), команда жетекшісі
|
|
6
|
Қонақ үйдің қажеттілігі
|
|
7
|
Қосымша ұсыныстар
|
|
Қосымша В
№
|
ЖОО (команданың) атауы
|
Сынып (сабақ жүргізілетін)
|
Оқыту тілі
|
Пән (немесе тәрбиелік іс-шара) атауы
|
Сабақтың (тәрбиелік іс-шараның ) тақырыбы
|
Қажетті оқу-құралдары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Біздің мекен-жайымыз
080000, Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Төле би 62,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Байланыс телефондары:
8 7262 52 63 17 – «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы;
8 705 720 18 56 – Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы;
8 777 276 28 47 – Аубакирова Салтанат Аубакирқызы.
Электрондық пошта: olimptarGPI@mail.ru
Сіздерге қызығушылық танытқандарыңыз үшін алдын-ала алғыс білдіре отырып, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ деп сенім артамыз.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Достарыңызбен бөлісу: |