АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



Дата12.03.2018
өлшемі151,17 Kb.
#38729
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ХХI ҒАСЫРДЫҢ КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГЫ



І Республикалық педагогикалық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы

Тараз қ., 25-26 сәуір 2017 жыл
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50- жылдығына орай 2017 жылдың 25-26 сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өтетін “ХХI ҒАСЫРДЫҢ КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГЫ” І Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырамыз. Олимпиадаға жоғары педагогикалық оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын 2-3 курс студенттері қатыса алады. Оқу орны 3 адамнан құралған команданы жібере алады. Команданың жетекшісі болуы міндетті.
Олимпиада бағдарламасы

1-күн – 25.04.17

  • Қатысушылардың келуі мен орналасуы.

  • Қатысушыларды тіркеу.

  • Команда жетекшілерімен ұйымдастырушылық кездесу.

  • Командалардың өздерін таныстыруға дайындығы.

Олимпиаданың ашылуы.

  1. «Визитка»: «Мен-креативті педагог боламын!» - шығармашылық түрде команданы таныстыру (5 минут).

  2. «Мен-креативті көшбасшымын!» - топбасшылар байқауы (5 минут).

  3. «Білгірлер» блиц-туры. Әрбір команда ұсынылған педагогикалық терминнің мағынасын берілген уақытта ашады (5-минут). Әрбір дұрыс жауапқа 5 балл.

  4. Үй жұмысы - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілетті креативті педагогтың моделі» ғылыми жобаны қорғау (7-10 минут).

  5. «Мен-креативті педагогпын!» педагогикалық жағдаят. (Команда қатысушылары қарсы командалардың орындауындағы педагогикалық жағдаяттарын қарастырады және талдайды).

  • Мәдени шаралар.

  • 1-күннің қорытындысы.


2-күн – 26.04.17

  1. «Эрудит» теориялық туры: «Педагогика» пәні бойынша студенттердің білімдерін тестпен тексеру. Тестілеу уақыты – 50 минут. Тест 50 сұрақтан құралған.

  2. «Педагогикалық шеберліктің құпиялары» инновациялық сабақтың фрагментін көрсету (20-25 минут).

  • Олимпиаданың қорытындысы.

  • Олимпиаданың жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау.

  • Қатысушыларды шығарып салу.


СТУДЕНТТЕРДІҢ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

Олимпиаданың мақсаты: Жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау жағдайында қазіргі қоғамдағы педагогикалық мамандықтың рөлін арттыру, бәсекеге қабілетті болашақ педагогтың креативті құзыреттілігін қалыптастыру.

Олимпиаданың міндеттері:

- педагог мамандығына кәсіби қызығушылықты арттыру;

- инновациялық әрекетке негізделген студенттердің кәсіби өсуіне түрткі болу;

- заманауи жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау жағдайында болашақ педагогтардың технологиялық даярлығын жетілдіру;

- болашақ педагогтардың креативті құзыреттілігін қалыптастыру.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

Жұмыс тілдері: қазақша және орысша.



Іріктеу тур жергілікті жоғары оқу орындарында өткізіледі.

Финалды тур Тараз қаласында 2017 жылдың 25-26 сәуірінде өткізіледі. Аталмыш турға ұйымдастыру комитетіне қатысуға ұсыныс берген команда жіберіледі. Олимпиада бағдарламасына келесі бауқаулар енеді:
1-күн
І. «Мен – креативті педагог боламын!» – командалардың таныстырылуы (Визитка).

10-баллдық жүйемен бағаланады:

  • өзектілігі, қорғалған тақырыптың мазмұнына сәйкестілігі және идеяның бірегейлігі – 3 балл;

  • педагогикалық сауаттылық – 3 балл;

  • сөйлеу мәдениеті, артистизм – 2 балл;

  • команданың кәсібилік ерекшелігі (шығармашылық) – 2 балл.


II «Мен – креавтивті көшбасшымын!» топ басшылар байқауы.

«Ғалымдар сөйлейді» блиц-сұрақ (команда топбасшысы көрсетілген ғалымдардың аты-жөні бойынша олардың тәрбие жайында айтқан тәлімді ой-пікірлерін айтуы керек).

5-баллдық жүйемен бағаланады:

- ойдың ұшқырлығы және қарқыны, ырғағы, жылдамдығы - 1 балл;

- педагогикалық сауаттылық және сөз мәнерлігі - 2 балл;

- жауаптың бірегейлігі - 2 балл.


III «Білгірлер» блиц-тур: әрбір команда берілген уақытта педагогикалық ұғымның мазмұнын ашады (5 минут). Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
IY «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілетті креативті педагогтың моделі» ғылыми жобаны қорғау (үй тапсырмасы).

Жоғарғы балл – 20:

  • жобаның бірегейлігі және мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі, өзектілігі – 5 балл;

  • педагогтың шынайы әрекетке бағдарлануы, ғылыми сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті – 4 балл;

  • креативтілігі – 5 балл;

  • заманауилығы – 3 балл;

  • тұтастығы (жүйелілік) – 3 балл.

Ғылыми жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Ғылыми жобаның көлемі 20-25 бет және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек.

  2. Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -2 см, сол -2 см.

  3. Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.

  4. Жоларалық: 1 интервалмен.

  5. Жаңа жол: 0,9 см.


Y. «Педагогикалық жағдаят» (шығармашылық байқау) - мектеп тәжірибесінен алынған педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Жоғарғы балл – 10:

  • педагогика және психология ғылымдары салалары бойынша теориялық білімге сүйену – 2 балл;

  • шынайы мәселені шешуге бағдарлану – 1 балл;

  • педагогика тұрғысынан негіздеу, сөйлеу мәдениеті – 2 балл;

  • педагогикалық мақсатқа бағыттау, айқындылығы – 4 балл;

  • команданың белсенділігі, бірлігі – 1 балл.


2-күн
YІ. «Эрудит» теориялық тур: «Педагогика» пәнінен студенттердің білімдерін тестпен тексеру. Тестілеу уақыты – 50 минут. Тест 50 сұрақтан тұрады.

Жоғарғы балл – 50: әрбір дұрыс жауапқа – 1 балл.
YІ. «Педагогикалық шеберліктің құпиялары» инновациялық сабақтың фрагментін көрсету (20-25 минут).

Жоғарғы балл – 20:

  • инновациялық технологияны қолдану – 5 балл;

  • кәсіби мәселені шешудегі айқындылығы – 5 балл;

  • педагогикалық мақсатқа бағыттылық – 2 балл;

  • педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыра алуы - 5 балл;

  • оқытудың инновациялық құралдарын қолдануы (техникалық және дидактикалық) – 3 балл.


Ескерту: қосымша В толтыру қажет және оны тапсырыспен бірге жіберу міндетті.
4. Командаларды марапаттау
Жүлделі орындарды иеленген командалар дипломдармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАПСЫРЫСТЫ ТІРКЕУ ТАЛАПТАРЫ
Олимпиадаға қатысу үшін келесі электронды почтаның адресіне: olimptarGPI@mail.ru немесе келесі почталық адреске: 080003, Казахстан Республикасы, Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, педагогикалық факультетіне 2017 жылдың 10 сәуірге дейін жіберу керек (қосымша А қараңыз).

Ескерту! Қатысушылардың өтініші үлгіге сай рәсімделуі тиіс. Тапсырыс беруші команданың файлы сол ЖОО-ның атауымен аталуы тиіс.

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.
Қосымша А

І Республикалық педагогикалық олимпиадаға

қатысуға өтініш


1

Білім беру мекемесінің толық атауы, қаласы




2

Қатысушылардың аты-жөні (толық), курсы, мамандығы




3

Команда жетекшісінің аты-жөні (толық), қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы




4

Байланыс телефоны (қала кодының көрсетілуімен):

ЖОО (кафедра), команда жетекшісінің ұялы телефоны






5

Электронды адрес: ЖОО (кафедра), команда жетекшісі




6

Қонақ үйдің қажеттілігі




7

Қосымша ұсыныстар






Қосымша В




ЖОО (команданың) атауы

Сынып (сабақ жүргізілетін)


Оқыту тілі

Пән (немесе тәрбиелік іс-шара) атауы

Сабақтың (тәрбиелік іс-шараның ) тақырыбы

Қажетті оқу-құралдары












































Біздің мекен-жайымыз
080000, Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Төле би 62,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Байланыс телефондары:

8 7262 52 63 17 – «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы;

8 705 720 18 56 – Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы;

8 777 276 28 47 – Аубакирова Салтанат Аубакирқызы.


Электрондық пошта: olimptarGPI@mail.ru

Сіздерге қызығушылық танытқандарыңыз үшін алдын-ала алғыс білдіре отырып, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ деп сенім артамыз.



ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет