ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қажы Бекташ Уали мәдениет ұйымы және Стамбул қаласы Бағжылар ауданының әкімдігімен ортақ ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25, Қожа Ахмет Яссауидің 850 және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «ІІІ халықаралық түркі дүниесін зияландырғандар: Қожа Ахмет Яссауи және оның қазіргі күндегі іздері» атты тақырыпта симозиум өтеді.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қажы Бекташ Уали мәдениет ұйымы Сізді, 2016 жылдың қазан айының 26-30 жұлдызында Алматы және Түркістан қалаларында өтетін «ІІІ халықаралық Түркі дүниесін зияландырғандар: Қожа Ахмет Яссауи және оның қазіргі күндегі іздері» атты тақырыптағы симпозиумға қатысуға шақырады.
Симпозиум тілі – қазақ, түрік, орыс, ағылшын, т.б.
Симпозиум шығындарын қонақ үй және тамақтану қаржыларын Қажы Бекташ Уали мәдениет ұйымы бөледі.
Симпозиум жұмысының негізгі бағыттары мен секциялары:
І. ЖАЛПЫ ОТЫРЫС
«Қожа Ахмет Яссауи: өмірбаяны, шығармалары, пікірлері мен сана әлемі»
ІІ. ЖАЛПЫ ОТЫРЫС
«Қажы Бекташ Уали: өмірбаяны, ғылымы және ой жүйесі».
ІІІ. ОТЫРЫС: СЕКЦИЯ ОТЫРЫСТАРЫ:
1-секция: «Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» мен ол жайлы жазылған ғылыми шығармалар»;
2-секция: «Қажы Бекташ Уали және оның түркі әлеміндегі орны»;
3-секция: «Қожа Ахмет Яссауи және «Яссауилік»: өткені мен бүгіні»;
4-секция: «Бекташиліктің» негіздері мен рухани рәсімдері»;
5-секция: «Қожа Ахмет Яссауи мен оның ізбасарлары».
ІV. ОТЫРЫС: Симпозиумды талқылау және жабылу салтанаты
Симпозиумға қатысу шарттары:
Симпозиумға қатысу үшін 2016 жылдың 20 қазанына дейін конференция құжаттары жиынтығының (төменде көрсетілген) қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру керек немесе ydu2006@mail.ru электрондық адресі бойынша жіберу қажет: конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (форма қосымша берілген); төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделген мақала (көлемі 5 беттен аспауы тиіс).
Баяндама мәтіні 2016 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады. Мақала жариялау – тегін, жиын соңынан симпозиумға белсенді қатысқандарға сертификат беріледі. Симпозиумға қатысып, баяндама оқымаған қатысушыларға сертификат берілмейді.
Симпозиум туралы толық ақпарат Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің www.ydu.kz сайтында берілген.
Мақаланың рәсімделуіне қойылатын талаптар:
Көлемі 5 беттен аспайтын қолжазба мәтіні Microsoft Word редакциясында келесі талаптарға сай теріледі: Times New Roman қаріп өлшемі – 14 кегль, жаңа жол бойынша шегініс-1 см; Жоларалық қашықтық – 1; Өріс: сол жағы – 2,5 см, қалғандары – 2,0 см. Бет нөмірі көрсетілмейді; сілтеме тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі ([1, 256 - б.]). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.
Сызбалар, суреттер jpg форматында болуы міндетті және А-4 бетінен аспауы керек. Баяндама тезистері электрондық поштамен жіберіледі. Егер баяндама ұжымдық болса, авторлар саны төрт адамнан аспауы керек.
Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:
Симпозиумға қатысу үшін тіркеу формасы (қосымшада берілген);
Талапқа сай рәсімделген баяндамалар мен мақалалар тезисі.
Симпозиумның өткізілу орны:
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің әл-Фараби залы. Тіркелуі – сағат 09.00. Басталуы – сағат 10.00.
Тіркеу формасын төменде көрсетілген мекен-жайға жібере аласыздар:
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050026/Қазыбек би көшесі, 168
Телефон: 8(727) 379 78 94, 379 78 95. Факс: 8 (727) 379-78-93.
e-mail: ydu2006@mail.ru; z.salkeevna@mail.ru
web-site: www.ydu.kz
Ұйымдастыру комитеті: Ақтамбердиева З.С., Қуанышбаева А.А.
Баяндаманың рәсімделу үлгісі
ӘОЖ 631.3.0
ТАРАЗ– ҰЛЫ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» БОЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ ІРІ ҚАЛА (12)
Р.Е. Дабылтаева - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (12)
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы қаласы (12)
Резюме (12)
Summary
Мәтін.... (14 пт.)
Әдебиеттер (12 пт.)
|
ҚОСЫМША: Тіркеу үлгісі
Симпозиумға қатысушының өтінімі
Тегі, аты-жөні (толығымен)
|
|
Жұмыс орны, лауазымы
(ЖОО немесе мекеме атауы)
|
|
Ғылыми атағы, дәрежесі
|
|
Секцияның атауы
|
|
Мақаланың тақырыбы
|
|
Мекен-жайы (пошта индексі, мемлекет, қала)
|
|
Е-mail (электрондық поштасы)
|
|
Байланыс телефондары (қызметі, үйі, ұялы; халықаралық байланыс кодымен)
|
|
Ескерту: Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті симпозиум тақырыбына және қойылған талапқа сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен (2016 жылдың 20 қазанынан) кейін жіберілген тезистерді қабылдамауға құқылы. Баяндамасы қабылданбағандар симпозиумға шақырылмайды.
Баяндама тезистері ғылыми жинақ түрінде басылып шығады.
Ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |