100 жыл Кеңес Одағының Батыры, Балкашин ауданы Васильевка ауылының тумасы Бовт Василий Афанасьевичтің туғанына 100 жыл (1916-1949)
___________________________
АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс 250. Б.4-5; Қ. 51-П. Тіз. 1. Іс 180. Б. 16
100 жыл Социалистік Еңбек Ері, Шортанды ауданындағы ең алғашқы трактор айдаушы қазақ Дүйсембаев Қадралының туғанына 100 жыл (1916), ол 1943 жылы Краснодар өлкесін азат еткеннен кейінгі егістікке қатысты. __________________________
АОММ. Қ. 1190. Тіз. 1. Іс. 24; Қ. 51-П. Тіз. 1. Іс 156. Б.105-109
95 жыл бұрын жаз айында Ақмола губерниясында аштыққа ұшырау басталды (1921-1922), осыған байланысты аштыққа ұшыраушыларға көмектесуші комиссия құрылды.
_________________________
АОММ. Қ. 1402 (145). Тіз.1;
90 жыл бұрын (1926) Көкшетау уезі Алексеевка селосында алғаш рет трахома ауруханасы ашылды, 1933 жылы аурухана Көкшетау қаласына берілді. ________________________________
АОММ. Қ. 1445 (714). Тіз. 2. Іс 45. Б. 59
80 жыл бұрын (1936) Ақмола әуежайының ашылуымен бірге облыста әуе транспортының тарихы басталды.
___________________________
АОММ. Қ. 1. Тіз. 1. Іс 594. Б. 31
70 жыл бұрын (ақпан-наурыз 1946) 1945 жылғы 06 шілдедегі кеңес-поляк келісіміне сәйкес батыс Украинадан 1939 жылы қуғынға үшыраған поляк және еврейлерді облыстан репортациялау жұмыстары басталды. ____________________________
АОММ. Қ. 1451. Тіз. 1. Іс 60;
55 жыл бұрын (жаз 1961) Ақмола облысында алғашқы студенттік құрлыс жасақтары жұмыс істеді.
_____________________________
АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс. 705. Б. 9; Қ. 51-П. Тіз. 1. Іс 184. Б. 2; Іс 75. Б. 50
10 жыл Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы мемлекеттік мұрағатынның ашылғанына 10 жыл (2006)
_______________________
АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс 696, Іс 697
15 ақпан Кеңес, партия қызметкері, соғыс жылдарында Көкшетау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қаңтарбаев Ташкенбай Қаңтарбаевичтің туғанына
100 жыл (1906)
Ташкенбай Қантарбаев – азаматтықтың және адами қасиеттің биігіндегі азаматтардың бірі: ілтипаттылық, адамдық сезгіштік, қарапайымдылық оның ең басты қасиеттері.Ол қиында сонау соғыс жылдары жауапкершіліг зор тыл даласында жұмыс істеп, өз жұмысын нақты орындай білді. Ол өзінің барлық ғұмырын Отан алдындағы риясыз еңбегін, яғни экономика саласы болсын мәдениет саласы болсын жауапкершілікпен атқарды.
Т. Қантарбаев қарапайым отбасыдан шыққан жан. Ол 1916 жылы Солтүсік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Қарамыс ауылында дүниеге келді. Сауатсыздықты жою курсын бітіріп шығып, 1930 жылы Петропавл кеңестік партиялық мектебіне жолдама алады.
1939 жылдан 1944 жыл аралығында Көкшетау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарады. Бұл жұмыс бірінші хатшыдан қоныс аударған халықтарды жайғастыру, оларды жұмысқа орналастыру, әскерге қажетті заттарды моблизациялау және қамтамасыздандыру, госпитальдарды ұйымдастыру қызметі, жергілікті өнеркәсіпті және ауылшаруашылық қызметін жақсартуды талап етті. Қысқа ғана уакыттың ішінде Көкшетауға Подольский тігін машинасы зауыты эвакуацияланып қайта құрылды. 1942 жылы Көкшетау ауданы егістік егу бойынша Қаз КСР және КП ОК (б) Қызыл туын жеңіп алып, республикалық Құрмет тақтасына ілінді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 02 мамырдағы жарлығымен Т. Қаңтарбаев Құрмет Белгісімен марапатталды. Соғыс жылдарындағы бірінші хатшының негізгі жұмыстарының бірі дер кезінде майданды керекті заттармен жабдықтау болды.
Соғыс жылдарынан кейін ТүҚаңтарбаев Көкшетау қалалық комсомолының екінші хатшысы, содан кейін Рузаевка аудандық комсомолының бірінші хатшысы, Көкшетау облыстық партия комитетінің бірнеше бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарды.
АОММ. Қ. 1525. Тіз. 1. Іс 111. Б. 132; Қ. П-3260. Тіз. 5. Іс 330; Қ. П-3265. Тіз. 1-п. Іс. 45
Г. Салык «Солдат тыла». «Акмолинская правда» газеті, 14 мамыр 2013 жыл
28 сәуір 80 жыл бұрын КСРО Кеңестік халық коммисариаты 1936 жылы «УКСР –нан 15000 польяк және неміс шаруашылығын Қарағанды облысна қоныстандыру туралы» Қаулысы шықты
Бұл халықтарды күштеп қоныстандыру, этникалық белсенділігін жоюдағы бір мақсат, КСРО – ның неміс басқыншыларына астыртын дем берушілердің алдын алудың бірден-бір себебі еді. Қоныс аударту және орналастыру жұмыстарымен тікелей НКВД айналысты. Житомир, Винницкий, Кировоградский облыстардан келген қонысаударушыларды 13 поселкеге орналастырды. Қоныс аударушылардың жағдайлары тым ауыр еді, олар өздері жер уйлер салуға мәжбүр болды және де ішіп-жем азық-түліктері болмады.
1938 жылғы 1 қаңтарында Қарағанды облысының аудандарына (қазіргі кездегі Ақмола облысының бір қатар территориясы кірді) 59557 қоныс аударушы келген. Барлық келушілер территориялық комендатураның есебінде тұрды, олардың жеке құжаттарын күштеп алаып қою, оздеріне белгіленген мекен жайларды тастап кетуге тиым салынды.
Әрине, өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Жаңа тұрғындар жаңа мекен жайға үйрене бастады, колхозға жұмысқа орналасып, жаңа поселкелер тұрғызуға ат салысты, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін, діни мерекелерін ұмытпады. Халық саны көбейе түсті, балалары мектептерге оқуға берді.
Тек Сталиннің қазасынан кейін ғана, депортацияланғандарды ақтау туралы процесс басталды. КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 01 тамыздағы «Қоныс аударушылардың құқық ережелерін шектеуді алу туралы» қаулысы шыққанан кейін тек 1955 жылдың өзінде 23270 поляк ұлт өкілдерінің 7521 өкілі арнайы есептен алынды. Ақтау жұмыстары КСРО Президентінің 1990 жылғы 13 тамыздағы «Саяси-қуғын сүргін құрбандарының құқығын қалпына келтіру туралы» Жарлығы шыққанан кейін жүргізілді.
Тәуелсіз Қазақстанда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы шыққаннан кейін, қудалауға ұшырап, зардап шеккен халықтардың әділеттілігін қайта қалыптастырып, моральдық және материалдық тұрғыдан өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілді.
__________________________________________
«Из истории поляков в Казахстане». Құжаттар жинағы. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасы. Алматы, 200, стр. 19
АОММ. Қ. 258. Тіз. 9. Іс. 706. Б. 19-20
20 маусым Кеңес, партия және қоғам қайраткері,
еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Әбуов Қасқырбай Әбуовичтің туғанына 80 жыл (1936)
Еңбек ардагері, Көкшетауға танымал азамат Абуов Қасқырбай Абуовичқа 80 жыл толады. Оның барлық ғұмыры Қазақстанда, яғни өз өлксін дамытуға жарты ғасырлық өмірін арнады.
Ол Арықбалық ауданы Каракөл ауылында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң, Рузаевка ауданы рыбинка селосында оқу меңгерушісі, сосын Чистополь аудандық партия комсомолында жұмыс істеді. 1967 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын сырттай тамамдап шығады. Кейінен Мәскеу қаласындағы жоғарғы КОКП ОК партия мектебін бітіреді.
Өмірбаянындағы басты кезең Еңбекшілдер аудандық комсомол партиясының бірінші хатшысы болуы оның ұйымдастырушылық қабілетін ашады. Қ.А. Абуов басшылық жасаған жылдары аудан көптеген нәтижелерге жетті: астық өңдірудің жоғары деңгейі, мал басының өсуі, ауылшаруашылығы өнімдерін шығарудың артыуы. Бірнеше мәрте ауданхалық шаруашылығының жоспарының мерзімінен ерте орындауына байланысты ауыспалы Қазақстан Компартиясы ОК Кызыл тумен марапатталды. Мәдени-әлеуметтік саласы да аудан басшысының назарынан тыс қалған жоқ. 1985 жылы Көкшетауға келіп, облысты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарса, кейіннен халықты бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1991 жылы облыстық мемлекеттік мүлік және жекежелендіру комитетін басқарды. 1994-1996 жылдары антимонопольный комитетін басқарды.
Қ.А. Абуов белсен іскерлік қабілеті үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте Құрмет Белгісімен, Құрмет ордені, КСРО және Қазақстан Республикасы медалдарымен марапатталды.
Өзін басқарған барлық жұмыстарда Қасқырбай Абуовичті тәртіп, өзіне және айналасындағыларға жоғары талап қоя білушілік, табандылық таныту, адамдарға құрмет, шынайлылығымен танылды. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де ол уйде отыра алмады: облыстық орталықтың территориялық аймағында төраға қызметін атқарды.
____________________________
АОММ. Жеке текті қор (Ф. 1573);
Г. Салык «Родом из аула». «Степной маяк» газеті, 04 сәуір 2013 жыл
18 шілде Ғалым-академик, Ленин сыйлығының лауреаты, ҚР ауылшаруашылығы ғылымы Академиясының корреспондент-мүшесі, қоғам қайраткері Госсен Эрвин Францевичтің туғанына 85 лет (1931)
Аграрлық сұрақтар туындағанда бізге міндетті түрде: академик, топырақ өңдеудің жүйесін жасаушы, ауылшаруашылығы машиналарының жаңа түрін ойлап табушы, азамат, өмірін ғылымға арнаған Эрвин Францевич Госсеннің есімі бірден түседі.
Эрвин Францевичтің өмірбаянан бүкіл Қазақстанның тарихын білуге болады. Соғыс жылдарында отбасымен бірге Украинадан қоныс аударылды. Сонау 1943 жылдарда 13 жастағы бала Щучинск ауданы Фрунзе атындағы колхозда алғашқы соқасын салды. Қотыркөл зооветеринарлық техникумын үздік бітіріп шықты. 1968 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Тың игерудің алғашқы жылдарында-ақ Шортанды поселкесіндегі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеуші астық шаруашылығы институтында жұмыс істеді. 1969-1982 жылдары ғылым директорының орынбасары қызметін атқарды. Сосын Алматыдағы ВАСХНИЛ-да қызмет атқарып, 1991 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Осы жылы корреспондент-мүшесі, ал 1994 жылы Қазақ ауылшаруашылығы ғылыми академиясының академигі болды. 2007 жылдан Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының профессоры болып қызмет атқарады.
Әсіресе оның ең басты жұмыстарының бірі БАШҒЗИ қызметін атауға болады. Ол сол жердегі ғылыми әріптестерімен бірге топырақты эрозиядан сақтайтын егін себу машинасын ойлап тапты. Бұл еңбекке А.И.Бараевпен, А. Зайцевалармен бірге үлкен жетістікке жетіп, облыста егін шаруашылығының алғашқылары болып Ленин сыйлығының лауреаты атанды.
Тәуелсіздік жылдарында Э.Ф. Госсен Қазақстан Республикасының 1993-2000 жылдарға арналған агроөндірістік комплексінің бағдарламасына яғни халықаралық және қазақстандық кластер болып саналатын «Астана-Бурабай» трассасын көгалдандыру, Ерейментау тауының ландшафтық аймақтарын, Қарқаралы, Қорғалжын қорықтарын дамытуға ат салысты.
Эрвин Францевич – 160 ғылыми жұмыстардың авторы, ғалым бірнеше мәрте қазақстандық ғылымдардың атынан шетелге ұсынылды.
Өзі және серіктестері туралы Госсен бір интервьюда: «Біз, адамзат әлемінің ойларын жүзеге асырушы армандаушылар тұқымына жатамыз. Солай тәрбиелендік, ең басты өмірлік ұстанымыз елімізге және оның мүдесінен шығу...»
____________________________
АОММ. Жеке текті қоры (Ф. 1565);
Г. Салык «Дело жизни - хлеб». «Степной маяк» газеті 28 наурыз 2013 жыл
20 тамыз 35 жыл бұрын (1971) Көкшетау қаласында қазақ ғалымы, ағартушы Ш. Уәлихановтың ескерткіші ашылды.
Көкшетауда танымал тұлғалардың, ерекше оқиғаларға қатысты ескерткіштер аз емес. Олар тек қаланың көркін ғана емес, біздің тарихымыздың басты құңдылықтары.
Абай және Куйбышев көшелерінің қиылысындағы көрнекті қазақ ғалымы, тарих және мәдениет зерттеушісі, ағартушы Ш.Уәлихановқа қойылған ескерткішке 35 жыл. Әскери мундирде, қолына бүктеме қағаз ұстаған көркем сымбатты тұлға қарқынды дамып жатқан мына өмірге, жаңа ұрпаққа ойлы көзбен қарап тұрғандай.
Скульптурды орнату Қазақ КСР және Қазақстан Компартиясы ОК шешімінен кейін басталды. Ескерткіш авторы – Алматылық жас мүсінші Төлеген Досмағамбетов, архитектуралық бөлігінің авторы – Карим Адалиев. Бес метрлік қола скульптура Ленинградта құйылды. Тұғырдың әрлеуіне сирек гранит тастар, нақышты плиткалар, ұлттық айшықтар қойылды. Монументтің салынуына облыстық құрлыс ұйымдары да қатысты.
1971 жылы 20 тамызда ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Оркестрдің әуенімен сол кездегі Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Әуелбеков ескерткіштің жабын ашты. Ескерткіштің ашылу салтанатына екі автормен бірге Шоқанның балалық шағы өткен Сырымбет ауылынан келген қонақтар мен Шоқан өмірі туралы «Аққан жұлдыз» романын жазған танымал жазушы Сәбит Мұқановта қатысты.
______________________________________
АОММ. Қ. 1473 (795). Тіз. 2. Іс 93. Б. 85-88;
«Первому казахскому ученому, просветителю-демократу. Открытие памятника Чокану Валиханову в Кокчетаве» «Степной маяк» газеті 21 тамыз 1971 жыл
15 қыркүйек 100 жыл бұрын (1916) Көкшетау уезінің
кәсіпорындар ұйымының «Степь» тұтынушылар
қоғамының одағы құрылды
Өткен ғасырдың 20 жылдарында «Кооперация» термині кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясатының жетістігі ретінде қолданылды десек артық айтпаймыз. 1923 жылғы мамырда жарияланған Лениннің «О копперации» атты мақаласында «өркениетті кооперативті тұрғызу... - бұл социализмді орнату» - деп жар салды. Төңкеріске дейінгі Ресейде кооперативті дамыту қарқынды жүргізілді.
19 ғасырда барлық тұтынушылар қоғамы мемлекеттің экономикалық саясатын және өзіндік шаруашылықты жетілдіру үшін несиелік, тұтынушылық, сарымай кооперативтерімен айналыса бастады.
Ақмола облысы Көкшетау уезінде 1916 жылы 15 қыркүйекте қоғамдық несие кооперативі тіркелді, оның құрамына 17 қарыз-аманат серіктестігі енді. 1917 жылғы 21-25 мамырдағы Көкшетау қаласында өткен съезде «Көкшетау Степ несиелік кооперативі» бекітілді, оның төрағасы болып көпшіліктің басым дауыс беруімен Алексеев несиелік одағының атынан священник Алексеевки Владимир Иванович Танаисов (маусымда священник қызметін тастады) болып сайланды. Осы жылы Одаққа тұтынушылар қоғамыда қосылды. Шаруашылық қызметі қарқынды дами бастады - 1917 жылы оған 86 қоғам қосылса, 1918 жылы – 179. Инструктор штаттары (1918 жылғы штаттық кесте бойынша 87 қызметкер) жоғарғы ұйымдастырушылық және насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізді. «Степ» одағын жүргізуге көтерме мазазиндер мен контор қоймасы жүргізілді.
«Степ» тұтынушылар қоғамының Одағы қалада және уез бөлімдерінде өздерінің мүшелерін шаруашылыққа және өнеркәсіпке керек көптеген саймандармен, материалдар мен құрылғылармен жабдықтау үшін басқа да өлкелерден және де жергілікті өндірушілердің тауарларымен қамтамасыз етті. 1917 жылы Одақ шойын өндіретін зауыт, қаланы электрмен қамтамасыз ететін алғашқы электрстанция салды. Материалдық көмек ретінде мұқтаж жандарға степендия, пенсия, жәрдем ақы беру жұмыстары көрсетілді. Мүшелері ақшасын жинақтауға, қарыз алуға жағдай жасалынды. Одақ міндеттеріннің бірі қоғамның рухани дамуын жақсарту болғандықтан, кітапханалар, дәріханалар, амбулаториялар дами бастады, спектаклдер, лекция, экскурсиялар ұйымдастырыла бастады.
1919 жылы 12 қарашада Көкшетау қаласының билік басына большевиктер келді. Саяси «әскери коммунизм» принциптерін басшылыққа алған басшылары 1919 жылы 13 желтоқсандағы № 12 Уездік революциялық комитетінің қаулысымен таратылды. ЖЭС кезіңде одақтың қызметі қайта басталды.
________________________________
АОММ. Қ. 1352. № 1 тізімдеменің алғы сөзі, Іс. 18. Б. 39; Қ.1525. Тіз. 1. Іс. 176
www.gramota.net/materials/3/2013/5-2/22.html
ақпан-наурыз 95 жыл бұрын (1921) облыста кеңес
билігіне қарсы ірі шаруалар көтерлісі болды. Бұл оқиға кеңес тарихында «құлақ көтерлісі» деген атпен қалды.
1921 жылы ақпан – наурыз айында Ақмола облысында большевиктер билігіне қарсы алым-салықтың саясаты, өлкенің аштыққа ұшырау шегінде тұруына байланысты ірі шаруалар көтерлісі болды.
Көтерліс 31 қаңтарда Тобольск губерниясының Ишим уезінде басталып Батыс Сібірдің толығымен қамтып алды. 13 ақпанда Петропавл қаласы басып алынды. Көтерлісшілер Көкшетау болысы, Петропавл болысының біраз бөлігі, Атбасар және Ақмола уездерінің болыстарынан болды. Олар «Кеңес үкіметі коммунисттерсіз» атты ұранды ұстанды.
Кеңестік тарихшылардың есебі бойынша көтерлісшілердің саны 100000 адамды құрады. 15 ақпанда Көкшетау уезінде әскери ереже жарияланып, кеңестік мекемелер уездің орталығына көшірілді. Көптеген көтерлісшілердің отрядтары ауыл және станцияларды басып алды, реквизицияланған нандар мен өнімдерді тартып алып, активистерді жөнге салды, қатыгездікке барған жағдайларда орын алды. Бұған жауап ретінде революциялық әскери үштік қызыл саясатына қарсы террор ұйымдастырғандарды әр өлген коммунист, қызыл әскер, кеңестік қызметкер үшін 10 тұтқынды атып отырды.
Көтерлісшілерді басу үшін Сибревкомның өкімімен наурыз айында Қызыл Әскердің тұрақты күші келді. 16 наурызда Көкшетау қаласы азат етіліп, екі бағыт – батыс Лобаново станциясы, және оңтүстік Саңдықтау станциясы бойынша кейін шегінді. Қызыләскерлер батыс бағыты бойынша батыл жеңіске жетті. Ал көтерлісшілердің негізгі күші шоғырланған Сандықтауда қатыгез ұрыс орын алды. Көтерлісшілердің жағында 6 мың найза ұстаған жаяу әскер және 500 найза кавалериясы болды. 24-25 наурызда көтерлісшілер Қызыл Әскердің қудалауымен Атбасар және Ақмолаға дейін қуалап, күл-талқанын шығарды.
Жермен-жексен болған әскердің қалғандары бірнеше жыл бойы партизандық соғыс жүргізіп отырды. Оларға большевиктерге қарсы көптеген адамдарда қосылып, дем беріп отырды.
.
____________________________________
Целиноград облысы . Оқиғалар хабары. Б. 77-79
О. Полёткина «Кулацкий мятеж» или «Народное восстание». «Курс» газеті, 14 сәуір 2011 жыл
100 жыл (1916) Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерлісіне
100 жыл (1916)
1916 жылы ұлттық тап күресінің және сана-сезімнің өсу қарқынымен есте қалды. Соғыс елдегі жалпыұлттық дағдарыс процессін жылдамдатты. Олардың ішінде әсіресе,Қазақстанның және Орта Азия аймақтарын жайлаған ұлттық-тазартушы көтерлісі.
Көтерлістің болуы 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан, Орта Азия және Сібірдің кейбір бөліктеріндегі 19-дан 43 жасқа дейінгі ерлерді әскерге тыл жұмысшысы «бұратана» ретінде алу туралы жарлығы себеп болды.
Шілденің басында барлық Қазақстан өлкелерінде кейіннен соқтығысуға әкелген стихиялық қимылдар басталды. Стихиялық қозғалыстар кейіннен ұйымдастырушылық сипат ала бастады: Торғай және Семиречьеде ірі ошақтары пайда бола бастады. Жер-жерден аңшы мылтықтарымен суық қарулармен қамтамасыздандырылған көтерлісші отрядтар ұйымдастырыла бастады.
Ақмола уезінде Бормола сай-саласында 11 шілдеде атты қазақтар халықтың жылқысын иемденген жасауылды өлтіріп, хатшыны соққыға алған. Атбасар уезінде болыстық басқарушыларға шабуыл жасалынған. Көтерліс ұйымдастырушыларға сол уақытта Ақмола облысының территориясына жататын Қарсақпай зауытының, Қарағанды көмір кенінің, Успенск және Жезді кеніштерінің жұмысшылары қосылды. Көтерліс күн сайын үлкен пәрмен ала бастады. Жаздың соңында көтерліске Ақмола уезінен 20 қазақ болыстарын, Атбасар уезінен 7 болысты қамтитын күшке айналды. Көтерлісшілердің негізгі тұрағы Қорғалжын көлінің маңы болса, оның саны 30 мың адамды құрады.
Көтерліске шығушыларды басу үшін Семей және Ақмола облыстарынан 12 кавалериялық жүздік, 11 жаяу әскер ротасы жіберіліп, қозғалысты басты. Көтерлісшілер енді партизандық соғыс жүргізе бастады. Үлкен топтар мен бірнеше мың адамдар жазалаушыларға шабуыл жасады, күрес қара күзге дейін жалғасын тапты.
Торғай даласынан кеткен жасақтың қалғандары мыңдаған әскері бар А.Иманов жасағына барып қосылды. Соғыс қимылдары 1917 жылғы ақпан айындағы буржуазно-демократиялық төңкеріске дейін жалғасын тапты.
______________________________________
АОММ. Қ. 1534. Тіз. 1. Іс 48. Б. 19-24;
Қазақ автономиялық Кеңес Республикасының заңдар жинағы (1920-1936 жылдар) Алматы, 1969, б. 389;
З. Рамазанов «Накануне великого Октября». «Акмолинская правда» газеті, 23 қазан 1986 жыл
55 жыл бұрын (жаз 1961) Ақмола облысында алғашқы
студенттік құрлыс жасақтары жұмыс істеді.
1961 жылы жазда Целиноград облысы «Ижевский» совхозында 450 адамнан тұратын студенттік құрлыс жасақтары жұмыс істей бастады.
Жылдан жылға студенттік құрлыс қозғалыстары серпін әкеле бастады. Орасан бұл бастамаға студенттер тыңды игеруге, республиканың ауылдық аудандарында құрлысқа қарқынды тартыла бастады. 1963 жылы республика бойынша құрлыс жасақтарына 5427 адам құрады. Содан кейінгі екі айда тың игеру аудандарында 250 тұрғын үй. 65 мәдени – тұрмыстық,159 өндірістік нысандар тұрғызылды.
Сонымен бірге, студент-құлысшылар ондаған тұрғын және мәдени-тұрмыстық нысандарды жөндеді, қоғамдық стадиондары, спорттық алаңдарды тұрғызды. Студенттер ауылды жерлерде мәдениет пен білімді насихаттаушы болды, көркемдік концерттер мен спорттық жарыстар ұйымдастырып, қабырға газеттерін шығара бастады. Техникалық вуздардың студенттері ауылшаруашылығы техникаларын, машиналарын жөндеуге ат салысты.
1964 жылы Целиноград облысында Мәскеу, Горький, Ярославл, Иванова, Рязань, Калинина, Целиноград қалаларынан келген құрлыс жасақтарының саны 9384 адам балды. Студенттер 1114 әртүрлі нысандардың құрлыстарына қатысты. Үлкен бағаға Вишневский ауданының «Ижевск», Целиноград ауданының «Софиевск», «Ақмола» құс өсіруші совхоздары ие болды.
Осы жылы алғашқы рет Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының 35 адамнан тұратын студент құрлыс жасағы құрылды
_____________________________________
АОММ. Қ.1432 (518). Тіз. 1. Іс 1. Б. 9-11, Іс 29. Б. 12;
Қ. П-51. Тіз. 1. Іс. 184. Б. 2; Іс. 75. Б. 50.
Қосымша 1
Күнтізбені құрастыруда дерек көзі болған мұрағат қорларының тізімдемесі
Қ 51-П « Қазақстан Компартиясы Целиноград партиялық мұрағаты»
Қ. 3260-П (1) « Қазақстан Коммунистік Көкшетау облыстық комитеті»
Қ. 258 «Ақмола облысы мемлекеттік мұрағаты»
Қ. 115 «Целиноград облысының тарихының құжаттар Коллекциясы»
Қ. 1017 «Ақмола мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты»
Қ. 1031 «КСРО Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты»
Қ. 1190 « Целиноград облысы Социлистік Еңбек Ерілерінің коллекциясы»
Қ. 1325 «Қазақстан білім Беру Министрі – Балахметов Қожахмет Қожахметович» Көкшетау қаласының құрметті азаматы
Қ. 1352 (45) «Қөкшетау тұтынушылар қоғамының одағы»
Қ. 1353 (46) «Көкшетау уездік революциялық комитеті»
Қ. 1392 (108) «Көкшетау уездік заң бюросы»
Қ. 1402 (145) «Көкшетау уездік аштыққа ұшыраушыларға көмек беру комиссиясы»
Қ. 1445 (714) «Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Көкшетау
филиалы»
Қ. 1451 (730) «Көкшетау облыстық халық депутаттары және оның атқарушы Кеңесі»
Қ. 1522 (1454) «Көкшетау облыстық мемлекеттік филармониясы»
Қ. 1473 (795) « Көкшетау облысы Әкімінің мәдениет басқармасы»
Қ. 1507 (1075) «Көкшетау облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты»
Қ. 1520 (1305) « Социалистік Еңбек Ерлері және Көкшетау облысы өнеркәсібінің
жаңашылдары және озаттары коллекциясы»
Қ. 1525 «Көкшетаулықтар тарихи оқиғаларға қатысушылар коллекциясы»
Қ. 1534 «Байчиков Николай Иванович – мұрағат ісінің ардагері, Қазақ КСР
мәдениет қайраткері»
Қ. 1565 «Госсен Эрвин Францевич – ғалым, Ленин сыйлығының лауреаты»
Қ. 1527 «Көкшетаулықтардың тарихи құжаттар коллекциясы, Кеңес Одағының
батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері»
Қ. 3235 П «Целиноград партиялық мекемелерінің тарихи фотоқұжаттары
Қ. 3260 П(1) «Казақстан Коммунистік партиясының облыстық комитеті»
Қ. 3265 П (6) « Қазақстан Коммунисттік партиясының Көкшетау аудандық комсомолы»
АОММ фотоқұжатты қоры
Қосымша 2
Күнтізбені құрастыруда дерек көздері болып табылатын басылымдардың тізімдемесі
1. Қазақстан әкімшілік-территориялық бөлінуі. 1920-1936 жылдар. Алматы, 1969,
б.231
2. Целиноград облысы 50 жылда. Оқиғалар тізбесі, АОММ, Целиноград қ., 1967
3. Герои Советского Союза казахстанцы. Том 2. Алматы, «Казахстан» баспасы, 1968
4. Собрание законодательных актов Казахской Автономной Советской
Социалистической республики (1920-1936 годы). Алматы, 1969
5. Герои Социалистического Труда-казахстанцы. 4 том. Алматы, «Казахстан» баспасы, 1970
6. История Казахской ССР. Т. 5, «Наука» баспасы, Алматы, 1977
7. «Акмола» энциклопедиясы, «Атамура» баспасы, Алматы, 1995
8. Акмолинская область в цифрах фактах прошлого. Акмола 1996
9. «Из истории поляков в Казахстане». Құжаттар жинағы. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. Алматы, 2000
10. «Первые руководители комсомола Казахстана». Өмірбаяндық анықтамалық. Алматы, 2006, 169-171 беттер
11. Альманах «Акмолинская область: история, события, люди». 1 шығарылым ., Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының баспасы, Көкшетау, 2007
12. Альманах «Акмолинская область: история, события, люди». 2 шығарылым ., Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының баспасы, Көкшетау, 2008
13. А. Касонич «Все, что память хранит – сердцу дорого очень». Әдеби- тарихи басылым, Көкшетау, 2008
14. «Акмолинская область в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 года». Альманах № 5, Көкшетау, 2010
15. Чокан Валиханов. Энциклопедия. Көкшетау, 2010, б. 69-72;
16. Фотоальбом «Мастер фотографии». 60 жылдық фотошежіре. Көкшетау, 2011
17. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтізбесі. ҚР ақпарат және мұрағаттар Комитетінің баспасы, Астана, 2011
18. «Ақмолалықтар – Кеңес Одағының батырлары. Халық Қаһармандары. Үш дәрежелі Даңқ Орденінің иегерлері». Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасы, Көкшетау, 2015.
Күнтізбені құрастыруда декрек көзі болып табылатын баспасөз басылымдарының тізімдемесі
1. В. Хотчинский, Т. Богданов «Борьба с голодом в 1921-1922 годах». «Акмолинская правда» газеті, 16 шілде 1958 жыл
2. «Первому казахскому ученому, просветителю-демократу. Открытие памятника Чокану Валиханову в Кокчетаве». «Степной маяк» газеті, 21 тамыз 1971 жыл
3. З. Рамазанов «Накануне великого Октября». «Акмолинская правда» газеті, 23 қазан 1986 жыл
4. «Н. А. Назарбаев – народный Президент». «Целиноградская правда» газеті, 04.12.1991;
5. Қазақстан Республикасы Президентінің « Қазақстан Республикасының мереке күндері туралы» Жарлығы, 18 қазан 1995 жыл. «Акмолинская правда» газеті, № 1 119, 21 қазан 1995 жыл
6. Б. Уразакова «С народом и Родиной счастлив акын». «Акмолинская правда» газеті, 28 наурыз 1996 жыл
7. М. Досаев «Непобедимый Хаджимукан». «Акмолинская правда» газеті, 23 сәуір 1996 жыл
8. «С юбилеем, коллеги». «Акмолинская правда» газеті, 29 тамыз 1996 жыл
9. Г. Салык «Есть об этом документы». «Степной маяк» газеті, 08.05.1998
10. Г. Салык «Батыр Хаджи Мукан». «Курс» газеті, 29 наурыз 2001 жыл
11. О. Салахова «Знаковая фигура». «Акмолинская правда» газеті, 15 маусым 2006 жыл
12. Ж. Каскарбаев «Полвека на службе земледелия» «Акмолинская правда» газеті, 25 шілде 2006 жыл
13. О. Салахова «Второе рождение архива». «Акмолинская правда» газеті, 19 қыркүйек 2006 жыл
14. А. Матросов «Страницы истории». «Акмолинская правда» газеті, 24 ақпан 2009 жыл
15. А. Положенцев «108 минут, перевернувшие историю». «Акмолинская правда» газеті, 12 сәуір 2009 жыл
16. О. Полёткина «Кулацкий мятеж» или «Народное восстание». «Курс» газеті, 14 сәуір 2011 жыл
17. «Его пример – другим наука». «Акмолинская правда» газеті, 23 шілде 2011 жыл
18. К. Саудабаев «Двадцать лет, равные эпохе». «Акмолинская правда» газеті, 08 желтоқсан 2011 жыл
19. Закон «О внесении дополнения в закон РК «О праздниках в Республике Казахстан». «Казахстанская правда» газеті, 12 желтоқсан 2011 жыл б. 3
20. М. Касыбеков «Исторический выбор». «Казахстанская правда» газеті, 28 қараша 2012 жыл
21. Г. Салык «Дело жизни - хлеб». «Степной маяк» газеті, 28 наурыз 2013 жыл
22. Г. Салык «Родом из аула». «Степной маяк» газеті, 04 сәуір 2013 жыл
23. Г. Салык «Солдат тыла». «Акмолинская правда» газеті, 14 мамыр 2013 жыл
24. Г. Салык «Возвращались в строй солдаты…». «Степной маяк» газеті, 16 мамыр 2013 жыл
25. Г. Салык «Они шагнули в жизнь с открытой душой». «Акмолинская правда» газеті, 27.06.2013
26. Г. Салык «Памятники – тоже наша история». «Акмолинская правда» газеті, 01 тамыз 2013 жыл
27. Г. Салык «Фонд архива обрел редкие документы». Газета «Акмолинская правда» газеті, 24 қазан 2013 жыл
28. К. Узакпаева «Символ стойкости и силы духа». «Степной маяк» газеті, 17 сәуір 2014 жыл
29. Г. Салык «История страны в биографиях людей». «Акмолинская правда» газеті, 22 мамыр 2014 жыл
30. Г. Салык «Отец сыну пример». «Степной маяк» газеті, 12 мамыр 2015 жыл
Күнтізбені құрастырудағы интернет-жарияланымдардың дерек көздері
www.gramota.net/materials/3/2013/5-2/22.html
Қысқартылған сөздер тізімі
АОММ – Ақмола облысы мемлекеттік мұрағаты
Б. – бет
Қаз. АКСР – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалисттік Республикасы
Қаз. КСР– Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасы
ҚАКСР ОАК - Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық
атқару комитеті
КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
КП – коммунистік партия
Қ. – қор
ҚР- Қазақстан Республикасы
П. – партиялық
ревком – революциялық комитет
РКФСР – Россия Кеңестік Социалисттік Республикасы
Тіз. – тізімдеме
УКСР – Украин Кеңестік Социалистік Республикасы
К (б)П ОК К-Коммунистік большевиктер партиясының орталық комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |