Ақпараттық жүйеге қойылатын функционалдық талаптарды нақтылау
Орындаған: Серікбаев Б.
Қабылдаған: Ахметова С.Т.
Группа: МИТ 4нк
Жоспар
Процесстік ағымдық үлгілер.
Мекеменің қызметін ұйымдастыратын процесстік тәсіл.
Процесстік тәсілдің негізгі элементтері.
Процесстерді ерекшелеу және жіктеу.
Бизнес-процесстің референтті моделі.
Мекемелерде жоба алды тексеру жүргізу.
Сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, жұмыс уақытындағы сурет.
Жобаны алдын ала зерттеу нәтижелері.
Бақылау сұрақтары
Әдебиет
Процесстік ағымдық үлгілер
Процесстік ағындық үлгілер - бұл, бизнес-функцияны немесе басқару функциясын жүзеге асыру кезінде, компанияның материалдық және ақпараттық ағындарын сатылы уақыт аралығында, қайта құру процессін сипаттайтын модельдер.Жоғарғы деңгейде процесстің қатысушылары арасындағы өзара әрекеттесу логикасы, төменгі деңгейде - олардың жұмыс орындарындағы жеке мамандардың жұмыс істеу технологиясы сипатталған. Процесстік ағымдық модельдер кім-не-қалай-кімге деген сұрақтарға жауап береді. Экономиканың ағымдағы жағдайы еңбекті бөлу, қатаң мамандандыру және қатаң иерархиялық құрылымдар қағидаттарына негізделген дәстүрлі функционалдық моделінен компанияның бизнес-үдерістеріне жұмысты интеграциялауға негізделген процесстік үлгіге ауысумен сипатталады.