7-8 Дәріс. Жүйелік программалар
Дәріс жоспары:
Жүйелік программалар концепциясы.
Командалық интерпретатордың концепциясы.
Операциялық жүйе структурасы
1. Жүйелік программа концепциясы.
Жүйелік программалар операциялық жүйелерді қамсыздандыру үшін қызмет жасайды, қолданушының процессі есебінде орындайды және қоршаған ортаның өте тиімділігін қамтамассыз етеді. Программалау тілінде жазылған ( мысалы, С тілі ) программа ұсынады.
Жүйелік программа функциялары:
файлдарды манипуляциялау;
күйі, жағдайы жайлы ақпарат;
файлдарды модификациялау;
программалық тілдерді қолдану;
программаның орындалуы және көтерімділігі;
байланыс.
2. Командалық интерпретатор немесе қабықша
Командалық интерпретатордың концепциясы.
Компьютер интерпретаторы операциялық жүйемен пайдаланушы арасындағы бірінші интерфейс командасын орындайтын және анализ жасайтын, пайдаланушыға көрсетілген команданы оқитын (көпретті командалары бар текст файлы) программаны ұсынады. Команда интерпретаторы немесе қабықша терминалмен команда оқиды.
Пайдаланушы жүйеге енген кезде, қабықша түсіріледі. Қабықшаға арналған стандартты кіру-шығу құрылысы – терминал болып табылады (монитор мен пернетақта). Қабықша (shell) деп аталатын UNIХ командалық интерпритаторды қарастырайық. Жүйелік шақырудың қалай қолдану керектігінің жақсы мысалы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, қабықша пайдаланушы графикалық интерфейс қолданбаған жағдайда операциялық жүйе және өз терминалында отырған пайдаланушы арасындағы негізгі интерфейсті сипаттайды. Көптеген қабықшалар бар, мысалы; sh, csh,ksh және bash. Бұлардың барлығы дерлік алғашқы қабықшадан (sh) пайда болғандықтан, төмендегі жазылған функцияларды қолдайды.
Командалық интерпретптор UNIX:
UNLIX қабықшасының программалануы;
UNLIX – пайдаланушы процессі есебінде орындацтын аудармашы тапсырыстық – бағдарлама;
Мысалы: sh, ksh, csh, …
Командалық интерпритатор сипаттамалары:
ішкі және сыртқы тапсырыстар;
орындалуы;
ағындармен басқару;
қабықша сценарийлары.
Достарыңызбен бөлісу: |