15-16 Дәріс. Файлдық жүйелер Дәріс жоспары:
1. Файлдар 1.1. Файлдар құрылымы. 1.2. Файлдар атрибуты 1.3. Операциялық файлдар және файлдар реализациясы 2. Каталогтар 2.1. Бірдеңгейлі каталогты жүйелер. 2.2. Екі деңгейлі каталогтар 2.3. Иерархиялық каталогтық жүйелер 3. Файлдық жүйелер құрылымы Файлдық жүйелер Ақпарат дискілерде және файлдар деп аталатын басқа да сыртқы тасымалданған модульдерде сақталады.
Файлдық жүйе деп - файлдармен жұмыс істейтін операциялық жүйенің бөлігін айтады. Файлдық жүйенің маңызды аспектісі, оның сыртқы көрсетілімі, файлдар операциялары, файлдар қорғанышы және т.б. болып табылады.
1. Файлдар.Файлдар ақпаратты дискіде сақтау және оны санау (оқу) тәсілін көрсетеді. Файлдардың аталуы маңызды сипаттама болып табылады. Файлды жасаған кезде процесс файлға ат береді және ол процесс аяқталғаннан кейін сақталып қалады. Файлға оның аты бойынша басқа да процестер қатынай алады. Қазіргі заманғы барлық операциялық жүйелер ат (атау, есім) ретінде 8 символдан тұратын мәтінді жолды пайдалануды ұстанған. Көптеген файлдық жүйелер файлдар атын 255 символға дейін қабылдай алады. UNIX-та жазулық және жолдық символдар ерекшеленеді, Windows-тың барлық нұсқасында және MS-DOS-та жоқ. Көптеген операциялық жүйелерде файл аты нүктемен бөлінген (ажыратылған) екі бөліктен тұрады. Нүктеден кейінгі файл атының бөлігі файл кеңейтуі деп аталады және файл типін көрсетеді. UNIX жүйесінде кеңейту өлшемі пайдаланушыдан тәуелді, aл Windows жүйесі, керісінше, әрбір кеңейтуге белгілі бір мән береді.
1.1. Файлдар құрылымы. Файлдар әртүрлі әдістермен құрылуы мүмкін: файл - байттардың тізбектелуі, жазбалар мен бұтақтардың тізбектелуі болып табылады. Бірінші жағдайда операциялық жүйе файлдың мазмұнына мән бермейді, ол тек байттарды көреді. Байттарға тұтынушы деңгейінің программаларымен мән беріледі (UNIX және Windows жүйесінде). Файлдардың операциялық жүйесін қарапайым байттардың тізбектелу ретінде қарау максималды иілгіштікті камтамасыз етеді.
Файл құрылымында жазбалардың тізбектелуі ретінде, оқу операциясының бір жазбаны қайтаруы, ал жазу операциясының бір жазбаны қайта жазуы немесе толықтыруы маңызды болып табылады.
Жазбалар бұтақ түрінде болатын деректер құрылымының үшінші вариантында ұзындық бірдей болу міндетті емес. Әрбір жазбада өріс кілті болады және бұтақ өріс кілті болады, және бұтақ өріс кілті бойынша сұрыпталады, бұл берілген кілтті тез (жылдам) іздеуді қамтамасыз етеді. Мұнда негізгі файлдық операция келесі жазбаны алу емес, ал жазбаны кілттің көрсетілген мәнімен алу болып саналады.
Қазіргі заманғы операциялық жүйелерде барлық файлдар автоматты түрде ерікті қатынау файлдары болып табылады.