2.1. Бірдеңгейлі каталогты жүйелер.
Бірдеңгейлі каталогтар жүйесі - барлық файлдар орналасқан бір ғана түбірлі каталог болған кездегі каталогтар жүйесінің қарапайым түрі.
Бір каталоггы жүйенің кемшілігі, әртүрлі тұтынушылар өздерінің файлдары үшін кездейсоқ түрде бірдей атауды қолдануы мүмкін.
2.2. Екі деңгейлі каталогтар. Әрбір тұтынушыға бір каталог бөлінетін жағдайды қарастырайық. Бұл кезде бір тұтынушымен жасалған файлдар аты екінші тұтынушының файлдар атына сәйкес келу кедергісі болмайды.
2.3. Иерархиялық каталогтық жүйелер.
Екідеңгейлі иерархияның арқасында әртүрлі пайдаланушылар арасында файлдар атауындағы кедергілер жойылады, бірақ ол файлдардың көп санымен жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін, логикалық түрде файлдарды топтастыру қажеттігі туындаған жағдайда жеткіліксіз болып табылады. Мұнда файлдарды топтарға біріктіруге мүмкіндік беретін иілгіш әдіс қажет. Сондай-ақ ортақ иерархия керек, яғни каталогтар бұтағы қажет.
Бұл тәсіл төменгі суретте көрсетілген.
3-сурет. Иерархиялық каталогтар жүйесі
4-сурет. Файлдық жүйелерді ұйымдастырудың типтік құрылымы
3. Файлдық жүйелер құрылымы .
Файлдық жүйелерді өңдеушілерге, файлдарға дискіден қалай орын бөлінетінін, әртүрлі файлдарда блоктардың орналасуын жүйе қалай бақылайтынын білуге тура келеді. Файлдар реализациясының әртүрлі варианттарында үздіксіз файлдар, байланысқан тізімдер, файлдар орналасқан кестелер болады. Файлдық жүйелер бір-бірінен ерекшеленеді, мысалы, каталогты құрылымымен, бос дискті кеңістікті басқарумен файлдармен блоктарды есепке алу әдісімен ерекшеленеді. Төменде анағұрлым кең тараған файлдық жүйелердің мысалдары келтірілген.
•CD-ROM файлдық жүйесі.
СР/М файлдық жүйесі.
MS DOS файлдық жүйесі.
Windows файлдық жүйесі.
UNIX файлдық жүйесі
Бақылау сұрақтары:
1. Файлдар дегеніміз не?
2. Файлдар құрылымы?
3. Файлдар атрибуты?
4. Операциялық файлдар?
5. Бір деңгейлі , екі деңгейлі және иерархиялық каталогты жүйелер?
6. Файлдық жүйелер құрылымы?
Достарыңызбен бөлісу: |