Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы «операциялық ЖҮйелер» ПӘнінің студенттерге арналған оқУ Әдістемелік кешені көкшетау


Енгізу-шығаруды құрылғыдан тәуелсіз программалық камта-масыз ету



бет38/82
Дата23.12.2022
өлшемі3,34 Mb.
#164079
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
УМК ОЖ ИС (1)[1]
31-БИЛЕТ
1.3. Енгізу-шығаруды құрылғыдан тәуелсіз программалық камта-масыз ету.
Енгізу-шығаруды программалық камтамасыз етудің бір бөлігі нақты құрылғылармен жұмыс істеуге арналған, ал екінші бөлігі кұрылғыдан тәуелсіз болады. Драйверлер мен кұрылғыдан тәуелсіз программалық қамтамасыз етудің арасындағы дәл шекараның орналасуы кейбір функциялар құрылғыдан тәуелді болады. Құрылғыдан тәуелсіз программалық қамтамасыз етудің негізгі міндеті - барлык ортак кұрылғылар үшін енгізу мен шығару функциясын орындау және пайдаланушылар деңгейінің программалары үшін біртекті интерфейс орнату болып табылады. Теменде осы сұрақтардың кейбіреуін толығырак қарастырамыз.
1.4. Құрылғы драйверлері үшін біртекті интерфейс.
Операциялық жүйенің негізгі сұрағы - барлық енгізу-шығару құрылғы-лары және драйверлерді мүмкіндігінше бірдей ету болып табылады. Бұл сұрақ кұрылғы драйверлері мен қалған операциялық жүйе арасындағы интерфейспен байланысты.
Бұл жағдайда жаңа драйвер орнату анағұрлым жеңілірек және ол шарт бойынша стандартты интерфейске келуі керек. Практикада барлық кұрылғылар абсолютті түрде бірдей емес, бірақ аз да болса, бір біріне ете ұқсас кұрылғылар типі кездеседі. Мысалы, блокты және символды құрылғылардың өзінде көптеген ортак функциялары бар. Біртекті интерфейстің басқа аспектісі, енгізу-шығару құрылғысының атауында, Құрылғыдан тәуелсіз профаммалық қамтамасыз ету сәйкес құрылғылардың символды бейнелеумен айналысады.
1.5. Буферлеу.
Буферлеу, әртүрлі себептер бойынша, блокты және символды құрылғылар үшін маңызды сұрақ болып табылады. Модемнен деректерді оқығысы келетін процесті қарастырайық. Келіп түскен символдарды өңдеудің мүмкін стратегияларының бірі - пайдаланушы процесінің read жүйелік шақыртуына бет алғысы және жеке символды үзілімді шақырады. Үзілімді өндеу процедурасын символды пайдаланушы процеске береді және оны босатады. Алынған сигналды бір жерге орналастырып, процесс келесі символды оқиды да қайта тосқауылданады.
Мұндай тәсілдің кемшілігі пайдаланушы процесс әрбір символ келіп жеткен кезде активтенуі қажет, бұл тиімді емес.
Жақсартылған вариант: пайдаланушы процесті пайдаланушы кеңістігінде п символды өлшемдегі буфер десек, одан кейін п символдарда оқуды орындайды. Үзілімдерді өндеу процедурасы келген символдарды буфер толғанша орналастырады. Содан кейін ол пайдаланушы процесті активтендіреді. Мұндай схема алдыңғыға қарағанда тиімдірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет