29-30 дәріс. Windows 2000 ОЖ-гі процестермен ағымдар
Дәріс жоспары:
1. Windows 2000 операциялық жүйесіндегі процестермен ағымдар.
2. Windows 2000 операциялық жүйесіде жадыны басқару.
3. Windows 2000 операциялық жүйесіде енгізу-шығару.
4. Windows 2000 файлдық жүйесі.
5. Windows 2000 операциялық жүйесінің қаупсіздігі.
1. Windows 2000 операциялық жүйесіндегі процестермен ағымдар.
Windows 2000 операциялық жүйесінде орталық процессорды басқаруға және ресурстарды біріктіруге арналған көптеген концепциялар бар.
Windows 2000 операциялық жүйесінде бір-бірімен синхронизациялана және қарым-қатынаста бола алатын дәстүрлі процестер бар. Әрбір процесте ең болмағанда бір талшығы бар ағым болады. Ресурстарды басқару үшін процестер нақтылы тапсырмаларға біріктірілуі мүмкін. Тапсырмалар, процестер, ағымдар мен талшықтар – барлығы бірігіп, ресурстарды, көппроцессорлы және бірпроцессорлы машиналардағы параллельділікті басқаруға арналған саймандардың жалпы жиынтығын құрайды.
Тапсырмалар ретінде жалпы квота мен лимиттерден тұратын процестердің жиынтығы алынады, процестер ресурстар үшін контейнер болып табылады. Ағымдар ядроны жоспарлау негізі, талшық толығымен қолданушының кеңістігінде басқарылатын жеңілдетілген ағым болып табылады.
Әрбір процесте 4 Гигабайтық адрестік кеңістік бар, қолданушы оның төменгі 2 Гбайтын, ал операциялық жүйе оның қалған бөлігін пайдаланады. Процесте процестің идентификаторы, бір немесе бірнеше ағымдар, дискриптор тізімі (ядро режимінде басқарылатын) және ақпаратты қорғау туралы мағлұматты сақтайтын маркер бар. Процестер адрестік кеңістіктің бастапқы мәнін сақтайтын, орындайтын файл атын қабылдайтын Win32 шақыруы арқылы кұрылады және бірінші ағымды құрайды.
Әрбір процесс бір ағымнан басталады, жаңа ағымдар динамикалық түрде құрыла алады. Ағымдар орталық процессордың жоспарлауы негізінде құрылады, себебі операциялық жүйені іске қосу үшін процесті емес ағымды таңдайды. Сәйкесінше, әрбір ағымда қалып-күй бар (жұмысқа дайын, жұмыс істейтін, тоқтатылған), олай болса, неге процестерде қалып-күй жоқ. Ағымдар процестердің адрестік кеңістігінде орындаудың бастапқы адресі берілетін Win32 шақырумен динамикалық түрде құрылады. Ағым қолданушы режимінде жұмыс істейді, бірақ ол жүйелік шақыруға хабарласқанда, ядро режиміне ауыстырылады. Одан кейін ол ағымның қолданушы режимінде болған қасиеттерін, шектеулерін қабылдаған ағым орындала бастайды. Әрбір ағымда біреуі ядро режимінде, басқасы қолданушы режимінде пайдаланылатын 2 стегі бар. Әрбір ағымда контексті, жергілікті айнымалылар үшін сақталған облыс, әрі өзінің ену маркері бар. Ағым өзінің жұмысын аяқтағанда, өзінің әрекет етуін тоқтатуы мүмкін. Соңғы екпінді ағым өзінің әрекет етуін тоқтатқанда, процесс аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |